Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында 62 көшенің атауы өзгерді. Аудандық ономастикалық комиссия жолдаған құжаттар негізінде Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы шықты. Осылайша, жаңа 2020 жыл Көкпекті ауданының тұрғындары үшін қуанышты жаңалығымен басталғандай. 

Әрбір көшеге елге еңбегі сіңген қайраткерлердің, ұлы тарихи тұлғалардың есімі берілген. Оно-мастикалық комиссия мүшелері атауға келгенде жеті рет өлшеп, бір рет кесіп өте ыждаһаттылықпен шешім қабылдағандарын айтады.
- Көшелердің атауын ауыстыру кезінде қоғамның пікірі ескерілді. Барлық көшелерге тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымдық атаулар, көрнекті қайраткер тұлғалардың есімдері берілді. Ағамдағы жылы әлем бойынша 175 жылдық мерейтойы аталып өтетін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының есімі 5 көшеге берілді. Әр ауылда өткен тұрғындар жиналысында жергілікті қоғамдастық мүшелері ұсынған есімдер қатарында Қабанбай Батыр, Қазыбек би, Төле би, Ыбырай Алтынсарин, Кенесары Қасымұлы, Әлихан Бөкейхан, Бауыржан Момышұлы аталуы өте қуанарлық жағдай. Сондай-ақ Қалихан Алтынбаев, Бармақ батыр, Кегенбай би, Байқадам би, Отыншы Әлжанов, Хамит Тоқтамысов сынды аудан тарихында өшпес із қалдырған тұлғалар есімі де ардақталды. Ономастикалық комиссия мүшелері алдағы уақытта да бұл бастаманы жалғастырып, ел есіндегі ерлердің есімін ұмыт болмас үшін көшелерге беру үрдісін жалғастырамыз, - дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Отаршина.


Бұл жаңалық туралы еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінде арнайы мақала жарық көрді. Шығыс Қазақстан бойынша меншікті тілші Азамат Қасым «Кенесары мен Әлихан Бөкейханға көше берген Көкпектіден облыстың басқа қала-аудандары үлгі алса, қанеки?! Бір жылда 62 көше ауыстыру - үлкен шаруа. Елге, жерге, тарихқа деген нағыз құрмет осындай-ақ болар», - деп тамсана жазған екен.
Жер-су, елді мекен, көше атауларын өзгерту ең алдымен елдігімізге, халқымыздың болашағына, келешек ұрпаққа керек. Сондықтан, әр атауда ұлттық мүдде таразыға салынатын, ел тарихын екшеп, көп ізденуді, табандылықты талап ететін жауапты істе әрбір азамат белсенділік танытса абзал.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз