Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мұсылмандардың діни мерекелері ішіндегі ең қасиеттісі – Құрбан айт болып саналады. Ибраһим пайғамбардан (с.ғ.с.) келе жатқан құрбандық шалуды мұсылман қауымы қай заманда болмасын қалт жібермей орындап келген. Жамағат құрбандық шала отырып, өзінің отбасына, еліне амандық тілейді. «Айттан айтқа аман жетейік»,-деп дұға жасайды. Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі мұсылман әлемі үшін 4 қазанда басталды.

 

Осыған орай аудан әкімі Д.Мусин Самар ауылындағы орталық мешітте айт намазға қатысып, мешіт жамағаттарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. «Ислам дінінің қағидаттары достықты, татулықты үндейді. Елімізде орнап отырған дінаралық, конфессияаралық татулық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бірқатар шаралардың арқасында жүзеге асты. Дүниежүзілік дінаралық саммит өткізу де біздің елдің жақсы дәстүріне айналған. Біздің болашағымыз балалар, жастар. Солардың болашағы жарқын болуы  үшін біздің дініміз де таза болуы керек. Жер бетінде қантөгістер болып жатыр, соның бетін аулақ қылсын. Дініміз берік, еліміз аман, болашағымыз жарқын болсын»,-деді Дүйсенғазы Мағауяұлы өзінің құттықтау сөзінде.

Бұл мерекенің биыл Халықаралық қарттар күнімен тұспа-тұс келіп, қайырымдылық айлығы да осы күннен бастау алып отырғаны айрықша жағдай деді аудан әкімі. Өйткені Құрбан айтта да жоқ – жітікке, жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету, қайырымдылық жасау басты назарда болады. Біздің қоғамда татулық тұрақты болып сақталуы үшін мешіт имамдары, дін қызметкерлері, діни бірлестіктер, қоғамдық  ұйымдар тізе қоса еңбек етулері керек. Былайғы адамдар да оларға ылғи да қолдау көрсетуге тиіспіз - деді аудан басшысы.

Жиналған жамағат айт намазын оқып, олардың алдында Көкпекті мешітінің наиб имамы Кенжебек Ахметқалиев уағыз оқыды. Айт намазынан кейін орталық мал сою алаңында құрбандық малын шалу рәсімі басталды. Құрбан айт мерекесі төрт күнге созылады. Биыл да жылдағыдай ірі шаруа қожалықтары, жекелеген адамдар құрбандық шалды.

 Клара Нұрпейісова

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз