Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікірді міне, осы екі ауыз сөзге сыйдыруға болады. Бізді қуантатыны, айтылған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр.
Мемлекет басшысының міндеттерін іске асыру аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерлету бойынша «Азаматтарды қабылдаудың біртұтас күні» жалпы республикалық іс-шарасы аясында бүгін Көкпекті ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға аудандық маслихаттың хатшысы Талғат Сарманов, аппарат басшысы Раушан Кемербаева қатысты.
Қабылдауға ауыл тұрғындары әр түрлі мәселелер бойынша келді. Әр тұрғынның көкейіндегі сұрағы мұқият тыңдалып, тиісті жауап берілді. Бірқатарына оңды шешім де табылды. Солардың бірі Самар ауылынан келген Тимур Ержановтың мәселесі. Тимур Самар ауылындағы спорт мектебіне «бокс» үйірмесін ашуға көмек беруін өтінді. Тимурдың мәселесі жаңа жылдан соң оң шешімін табады. Самар ауылының балалары үшін енді «бокс» үйірмесі жұмыс жасайды. Бұл тақырыптың соңғы нүктесін қою бағытында Көкпекті аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаевқа бірқатар тапсырмалар берілді.


Ал, Көкжайық ауылынан келген Алмаш Шубарова жер телімін бөлу және материалдық көмек көрсету үшін өтініш білдірді. Аудан басшысы құзырлы органдарға азаматша Шубарованың өтінішін қарауды және шешу жолдарын тапсырды.
Осы күні барлық ауылдық округ әкімдері орындарында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды өткізді.
Азаматтарды біртұтас қабылдау күніне орай Көкпекті, Самар, Тассай, Үлкенбөкен ауылдық округінде азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізді.
Сымбат Тұрғазыұлы Қанапиянов, Тассай ауылы тұрғыны:
- 21 қарашада жалпы республикалық іс-шара - Азаматтарды қабылдаудың Біртұтас күніне орай Тассай ауылдық округінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша бірыңғай қабылдау күні өтті. Мен ауыл тұрғыны ретінде сол қабылдауға қатыстым. Өзімнің қазіргі уақытта жұмыссыз екенімді айтып жазбаша түрде өтініш бердім. Өтінішім жан-жақты қаралып, клуб үйіне от жағушы жұмысы ұсынылды. Енді 1 қарашадан бастап жұмысқа тұратын болдым.
Ауылдық округ әкімшілігі өтініш берушілердің сұрақтарын мұқият қарап, жауап беріліп, шешімі табылып жатса рахметтен басқа айтарымыз жоқ.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз