Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 11 қараша күні Көкпекті ауылында аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев, ауыл әкімдері, бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауға 6 адам жазылып, тек 4 адам әр түрлі мәселерімен келді. Алғашқы болып Самар ауылының тұрғыны Толқын Қалиева, Преображенка ауылынан келген Анна Семилетова атаулы көмек алу мәселесі бойынша өз өтініштерін білдірді.


Марат Қапарұлы істің мән-жайын біліп, заң аясында нақты жауап беруді арнайы бөлім мамандарына жүктеді. Ал, Көкпекті ауылына жақында ғана Шұғылбай ауылынан атаулы көмек алам деген үмітпен көшіп келген жалғызбасты ана Айнұр Шаяхметова тіркеу бойынша қиындық туып тұрғанын айтты. Бұл мәселені Көкпекті ауылы әкімінің орынбасары Нина Укешоваға тапсырды. Сондай-ақ, қабылдауда Көкжайық ауылдық округінен келген Айнаш Кешеубаева болды. Ол 3 жылдан астам уақытттан бері ұлына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілетін көтерме ақыны ала алмай келе жатқанын айтты. Бұл сұраққа аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серік Байсеңгіров жауап берді.
Самар ауылындағы азаматтарды кезекті қабылдауды аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов өткізді. Қабылдауда жылжымайтын мүлікке құжаттарды рәсімдеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, материалдық көмек көрсету мәселелері айтылды.
Құлынжон ауылының тұрғыны, педагогикалық еңбек ардагері В. Г. Старикова Жеңіс саябағындағы мемориалдық тақтада соғыс жылдары қаза тапқан жауынгерлердің ҰОС қатысушыларының тізімін тиісті рәсімдеу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Еңбек ардагерінің айтуынша, 2015 және 2017 жылдары мемориалдық тақтаны жөндеуге жұмсалған ақша жүргізілген жұмыстарды ақтамаған, сондай-ақ соғыс қимылдарына қатысқан адамдарды, құлынжондықтарды анықтау қажет.
Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы соғыс ардагерін мұқият тыңдап, мемориалдық тақтаның тиісті рәсімделуі, Жеңіс саябағының аумағын ретке келтіру жөніндегі дәлелдермен келісті. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, аудан басшысы округ әкімі С.Демисиновке, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Отаршинаға Жеңіс күнінің 75 жылдығын мерекелеуге арналған мемориалды дайындау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша сметаны жасау үшін нысанның мәртебесін анықтау жөнінде тапсырма берді.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін бірнеше рет көтерген көпбалалы ана, екі баланың қамқоршысы Самар ауылының тұрғыны Н. Морозоваға Самар ауылдық округінің әкімі А. Күдербаевтың тарапынан бос тұрған үй құрылысының екі нұсқасын қарастыру ұсынылды. Азамат Н. Морозова ағымдағы жөндеу жұмыстарын өз күшімен жасауға келісті.
Өтініш білдірген басқа азаматтардың мәселелері бойынша аудан әкімі заңнама шеңберінде тиісті түсініктемелер мен қызметтерді ұсынуды жауапты бөлім басшыларына тапсырды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз