Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Көкпекті ауылында дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аталмыш жәрмеңкеде Тассай, Үлгілімалшы, Көкпекті, Үлкенбөкен, Теректі, Көкжайық, Шұғылбай ауылдық округтері өз өнімдерін апарып, көкпектіліктердің ықыласына бөленіп қайтты. 

Бұл қай жағынан алып қарасаңыз да халыққа қолайлы. Себебі, жәрмеңкеде өнім сатушылардың өздері халық өкілдері. Өз өнімдерін арадағы алыпсатар делдалдарсыз сатса, алушылар да осы тұрғыдан ұтпақ. Үкіметтің бағаны тұрақтандыру жөніндегі саясатына сай келетін осы бір игі іс көкпектіліктердің көңілінен шығып келеді.


Таңнан аудан тұрғындарына арзан бағадағы азық-түлік, ет, сүт, ұн тағы басқа да өнімдерді сату үшін ауылдардан жәрмеңкеге ауыл шаруашылық өнімін әкелушілер ағылып келе бастады. Арнайы орындар дайындалып, маңдайшасына ауылдардың аты жазылған. Ауыл тұрғындары да алдын ала құлақтанғандықтан «Патхан» базарына ағылып келе бастады. Базарда қызу сауда қазаны қайнады. Сазды әуенге бөленген алаңға қаз-қатар тізілген көліктер мен сөрелерден қажет азығын сатып алушылар лек-легімен келіп жатты. Жәрмеңке барысында тұтынушылар бір ретпен орналасқан шатырларды аралап, таза әрі табиғи ауылшаруашылық өнімдерінің түр-түрін қолайлы бағамен сатып алды. Аудан орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі көптің көңілінен шығып, көкпектіліктер өнім иелеріне өз алғыстарын білдірді.
Күләш Жабаева, зейнеткер:
– Осындай жәрмеңке жиі болып тұрса, халықтың жағдайы да жақсарады. Барлық ауылдастарымды осындай ауылшаруашылық базарына шақырамын. Жәрмеңкенің бірде-біреуін құр жібермей, ылғи да келеміз. Іс-шараны ұйымдастырушыларға риясыз алғыс айтқым келеді.
Бикамал Тыныбаева, зейнеткер, Көкпекті ауылының тұрғыны:
- Бұл жәрмеңке қазіргі қыстың қамымен жүрген ауыл тұрғындары үшін өте пайдалы болды. Мысалы, қыстай тұтынатын көкөніс, ет өнімдерін арзан бағамен сатып алып жатырмыз. Сонымен қатар, базарда таңдау бар. Осы бір игілікті іс үшін аудан әкімдігіне, округ әкімдіктеріне және өнімдерін әкеліп отырған жұртқа алғысым шексіз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз