Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Басшысы жақсы елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз. Өз халқының тыныс-тіршілігі, өмір сүруі, білім алуы, еңбек етуіне керекті бар жағдайдың жасалуы елім деген азаматтардың алғашқы мәселесі екені бұлжымас заңдылық. Осы тұста біздің аудан халқының маңдайына дәл осы заңдылықты өмірлік қағидасына балайтын Асхат Смаиловтай басшының бұйырғаны тегін емес шығар. Тұрғындар мәселесін тыңдауға арналған қабылдауды жиі өткізіп, әрбір түйткілді мұқият тыңдап, әділ шешімін табуға тырысатын аудан әкіміне өзім де қабылдауға барған сайын риза болып қайтамын. Мен аудандық ауруханада 57 жыл мейірбике болып қызмет еткен еңбек ардагерімін. Әкім қабылдауына бірнеше жылдар бойы үйдің артын жергілікті тұрғындар күл-қоқыс тастайтын орынға айналдырып алғаны кесірінен зардап шегетінімді айтып барған едім. Сауалға толыққанды жауап берген аудан басшысы өз тарапынан тапсырма берді. Көп өтпей құқық қорғау қызметкерлері мен жергілікті ақсақалдар алқасы бәрі келіп, өз көздерімен көріп, қоқыс қалдықтарын тазартуға техника жұмылдырды.


Шаруашылық қалдықтарының орынсыз жерге төгілуінен туындайтын жағымсыз иістер мен ауру тудыру зардаптарын болдырмау үшін әкім ұйымдастырған тазалық жұмыстарына мен ғана емес, айналамдағы барлық тұрғындар ризашы-лығын білдірді. Әрі бұл бастама әрқайсымызды қоршаған ортаға деген жауапкершілікке шақыру еді. Сонымен қатар, кезекті бір қабылдауда көшеміздегі жол құрылысының жауын-шашынды күндерде қарым-қатынасқа қолайсыздық тудыратынын айта барғанымда, айналасы бір-ақ тәуліктің ішінде ауыл әкімі Қайрат Алғазинов пен жауапты орган басшыларына тапсырма беріп, оның да шешімін табуға бар күшін салды. Нәтижесінде көшеміздің жолы тегістеліп, ауласы тазаланды. Бір көше тұрғындарының ғана емес, бір аудан жұртшылығының сауабын алудай игі ниеті басшымыздың мұсылман қауымның ұлық мерекесіне саналатын рамазан айында ауызашар беруінен-ақ көрініп тұрды десем артық айтқаным емес. Алдына келген жас-кәрінің бәрі өз мәселесінің шешімін таппай қайтпайтын әкім қабылдауы аудан тыныс-тіршілігінің жылдан-жылға оңала түсетінін аңғартса керек.
Құрметті Асхат Сайдахметұлы! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт, елімізге тыныш-тық, еңбегіңізге жеміс тілеймін. Халқыңызға жұм-саған адал еңбегіңіз әрқашан елене бергей!

Клара Нұржанова,
Көкпекті ауылының тұрғыны

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз