Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 9-10 маусым күндері аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов Көкпекті және Самар ауылдарында қабылдау өткізді. Қабылдауға ауыл әкімі, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. 

 

Аудан әкімінің кезекті қабылдауы ерекше болды. Себебі екі ауылда өткен қабылдауға келген тұрғындардың қарасы қалың, осыған қарағанда біраз мәселелер қордаланып қалғаны анық. Көкпекті ауылында өткен қабылдауға 15 адам жазылып, 12 тұрғын қабылдауда болады.
Қабылдауға алғашқы болып Көкпекті ауылының тұрғыны ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі Салтанат Жакиева өзінің жағдайын баяндай келе, аудан әкімінен тұрғын-үй мәселесін шешіп беруін өтінді. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша келген 10 баланың анасы, Алтын алқа иесі Нұркамал Чукееваның мұң-мұқтаждарын тыңдаған аудан әкімі:
- Менің түсінігімше, бала өскен соң ата-анасының ақ сүтін ақ-тап, бағып қағуы тиіс. Сіздердің балаларыңыз бар, оларды өсіріп жеткіздіңіздер, енді ата-анасы ауырып-сырқаған, қартайған ша-ғында жағдайын жасаудың орнына әкімшілікке жіберіп отырған бала-шағаны мен түсіне алмай отырмын. Ал біз өз тарапымыздан бұл мәселені заң жүзінде қараймыз да шешімін береміз, - деді.
Қабылдауға жер мәселесімен келген шәріптоғайлық Камиль Искаков, жұмысқа орналасу бойынша үлкенбөкендік Айжан Сүлейменованың қойған сұрақтарына тиісті бөлім басшылары жауап берді.
Көкпекті ауылына қоныс аударып келген Омар Бағдат қабылдауға бірнеше рет су мәселесін айта келгенімен, осы уақытта дейін бұл мәселе шешілмегенін айтты. Аталған мәселені турасында Асхат Сайдахметұлы ауыл әкімі Қайрат Алғазыұлы мен Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жылқышевқа тапсырма берді.
Материалдық көмек және атаулы әлеуметік көмек бойынша қабылдауға келген Ә.Алатаева, А.Моинбаеваларға тиісті жауап-тар берілді. Сонымен қатар, Шәріптоғай ауылының тұрғыны Жаңылхан Смағұлова ауылдағы медициналық бөлімшенің ғимара-тын сұрап келді. Оның өтініші қанағаттандырылып тиісті жауап берілді.
Ал Самар ауылында өткен аудан әкімінің қабылдауына 19 адам жазылып, 16 тұрғын қабылдауда болды. Қабылдауға Құлынжон, Жұмба, Көкжыра ауылдарының тұрғындары келді.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар жұмыспен қамту, ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, тұрғын үй кезегі, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелер, құжаттарды рәсімдеу және т.б. жәрдем ақыға қатысты сауалдарын қойып, ауданды дамыту бойынша өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап шығып, заңнама аясында түсінік беріп, жекелеген сауалдар бойынша тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз