Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық әкімдіктің ғимаратында аудан әкімі А.Смаилов азаматтарды қабылдау өткізді. Аудан басшысының қабылдауына аудан бойынша 9 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келгендердің дені атаулы әлеуметтік көмек туралы мәселелерді алға тартса, бірқатар тұрғындар жер, үй және жеке мәселесімен жүгінді.

Кезекті қабылдауға келген алғашқы азаматша Үлкенбөкен ауылының тұрғыны Баян Орымбекова. Сәуірдің басынан бастап атаулы әлеуметтік көмек мәселесімен Үлкенбөкен мен Көкпекті әкімшілігінің табанын тоздырған ана қатты қиналғаннан көз жасына ерік берді. Бар себеп «база» ол ауданның меншігі 3 миллион гектар жері бар орасан зор шаруақожалығын тіркеп қойыпты. Екі ай ішінде рәсімдеуші мамандар ананы әуре-сарсаңға салған екен. Олардың бар айтар уәжі, «база берді» - деп, Қанат Мұқышев емеурін танытса, «базаға мен салған жоқпын, менің маманым салды» -деп, аудан басшысы алдында дәрменсіздігін, ауылдық округ маманы алдында оргтехниканы игере алмаған қабілетсіздігін, жылаған ана алдында рахымсыздығын көрсеткен Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов. Осы уақытқа дейін мәселесінің оң шешімін тауып бермеген тиісті бөлім басшысы мен ауыл әкіміне аудан әкімі қатаң сөгіс берді.


Сондай-ақ, Самар ауылынан келген А.Кремер, көкпектілік Г.Көшімбаева тұрғын үй мәселесімен келсе, А.Жұмаділова І топтағы мүмкіндігі шектеулі жолдасына гемодализ екпесін алу үшін әлеуметтік көмекші қажет екенін өтінді. Мүмкіндігі шектелуі және әлеуметтік мәселелер кезек күттірмей, заң аясында орындалу қажеттігін алға тартқан Асхат Сайдахметұлы тиісті бөлім басшысы Қ.Мұқышевке заңдылық аясында шешуін тапсырды.
Ал, Көкпекті ауылының тұрғыны зейнеткер Клара Нұржанова әкесі соғыс ардагері Ғали Нұржановтың есімі осы уақытқа дейін Жеңіс саябағындағы ескерткіш тақтасында жоқ екенін айта келе көмек сұрап келді. Ардагер есімін ұмытқан Көкпекті ауылдық округі әкімдігінен келген Нина Өкешова қолындағы қатриасына түртіп, қаперіне алғаны кеш болды. Бұл жағдайда базадан шыққан «бәле» емес пе екен, әйтпесе, атамыз Көкпекті атырабына танымал тұлға болды. Ардагер есімін тақтаға сол сағаттан бастап жаздырып қоюды тапсырған аудан әкімі ардагер ұрпағының заңды талабын ескеруді қатаң тапсырды.
Самар ауылындағы қабылдаудың күн тәртібінде ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері талқыланды. Аудан әкімінің кезекті қабылдауында тұрғын үй және оның кезектілігі туралы бірқатар сұрақтар қойылды. Асхат Сайдахметұлы өтініш берушілерге бүкіл өңірдегі осы мәселенің жай-күйі туралы толық түсініктеме берді. Көпбалалы отбасыларға арналған жаңа әлеуметтік бағдарламаларды енгізу кезінде жағдай оңды бағытта өзгеруі керек. Аудан әкімінің айтуынша, көпбалалы отбасылар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жатады және тұрғын үйге мұқтаж адамдарды тіркеуге құқылы, бұл ауданда мұқтаж жандарға арналған тұрғын үй салу бойынша қадамдар жасалып, аздап шыдамдылық қажет. Көптеген жылдар бойы бұл мәселе шешілмеді, сондықтан қысқа уақытқа барлық мәселелерді шешу мүмкін емес. Осыған байланысты аудан әкімі тұрғын үйге мұқтаж Самар ауылында күтіп отырған адамдардың тізімін қарап, Бакраев көшесінде орналасқан 7 бос пәтерге жөндеу жұмыстарын бастау туралы шешім қабылдады.
Жазғы маусымның басталуымен, Самар ауылында балабақшаларды суару және ауыз сумен қамтамасыз ету қиындық туғызады. Осы мәселемен келген Бақраев, Строительная, Абай, Колхозов көшелеріндегі көппәтерлі үйдің тұрғындары ауыз судың жетіспеушіліктен еден жууға, тамақ дайындауға қиындық туып тұрғанын айта келе, аудан әкімінен көмек сұрап келді. Биыл Eшкібай бөгетінен су жетіспеушілігінен көптеген көкөніс көшеттері құрғақшылыққа тап болды. Осыған байланысты ауыл әкімі А.Күдербаевтың және аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы М.Дюсуповтың қатысуымен аудан әкімінің қабылдауында келелі әңгіме болды.
Асхат Сайдахметұлы Самар ауылындағы ауыл тұрғындарын сумен жабдықтау жүйесіндегі қайта құру жұмыстарын, ең алдымен, муниципалды қызметтің, ауыл әкімдігінің басқару мәселелерін жазбаша түрде жазуды, ал егер олар шеше алмайтын болса, содан кейін тікелей жоғары билік органдарына ғана жолдауға шақырды.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселелерді шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Осы орайда айта кетер көп «гәп», қай мекемеге барсаңда «база істемейді» - деп, бақырайып қалатындар табылды. Кейбірі соны сылтау қылып алған, «Қаз поштада», Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлгі «База» тіпті «өліп» қалған болуы керек.

Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ
Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз