Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылында мемлекеттік рәміздер күніне орай көк туды желбіреткен автошеру өтті. Бұл шараға 10-нан астам автокөлік қатысты. Биыл еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілгеніне 27 жыл толды. 1992 жыл 4 маусым елдігіміздің, Тәуелсіз ел болуымыздың жарқын белгісін білдіретін айрықша тарихи күн.

Қазақ елі үшін, оның ішінде елдіктің тірегін сақтаушы өскелең ұрпақ үшін қастерлі саналатын мерекені көкпектіліктер автошеру ұйымдастырып атап өтті. Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен бір тұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»- деген болатын. Аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей аспан әлемінде қалықтап тұр. Елтаңбамыз тарихымыздың тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді. Осының бәрі - Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Себебі отан - Мемлекетік Ту, Елтаңба және Әнұраннан бастау алады.


Бұл автошерудің құрамында түрлі салада еңбектеніп жүрген ел азаматтары мен аудан жастары болды. Автошеру Қалиқан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің алдынан бастау алып, Көкпекті ауылы көшелерін аралап аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, рәміздеріміздің ерекшелігі, құндылығы, тарихы туралы айтылды.
Шыңғыс Зейнуллин, №58 өрт сөндіру бөлімінің командирі:
- Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу әрбір азаматтың қасиетті парызы деп есептеймін. Бүгінгі автошеруге қатысқаныма өте қуаныштымын. Көк туымыз биікте желбірей берсін!!!
Асхат Қияқбаев, Көкпекті ауданы Қорғаныс бөлімінің жұмылдыру ресурстарының инспекторы:
- Бүгінгі күн еліміз үшін ең қастерлі мерекелердің бірі. Себебі бүгін елдігімізбен егемендігіміздің нышаны болып табылатын - рәміздер күні. Көк туымыздың көлік үстінде желбіреген көрінісі бойыма патриоттық сезім ұялатып, жан-жүрегімді мақтаныш кернеді. Барлықтарыңызды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Айдын ТОҚСАНОВ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз