Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы 15-16 сәуір күндері Көкпекті мен Самар ауылдарында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Көкпекті ауылында өткізілген қабылдауға барлығы 5 тұрғын алдын ала жазылып, тек үшеуі қабылдауда болды. Тұрғындардың жеке мәселелері қаралған қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгельдин, аппарат басшысы Раушан Кемербаева, округ әкімдері және сала басшылары да қатысты.
Қабылдауға келген азаматтар аудан басшысы Асхат Сайдахметұлына өздерінің көкейтесті мәселелерін білдірді. Мәселен, Көкпекті ауылында тұратын зейнеткер Асылғазы Алтынбеков аудан басшысынан баспана мәселесіне жөндеу жұмысын шешіп беруді өтінді. Осымен бірнеше мәрте қабылдауға келіп отырған зейнеткер былтырғы жылы тілсіз жау өрттен зардап шегіп, қазіргі таңда жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен әртістер үйінде тұрып жатыр. Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй кезегінде тұрғанына да біршама уақыт өтсе де, құжаттарының қателігінен бүгінгі таңда кезекте жоқ.


- Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй кезегі бойынша Заңды түрде кезекке тұрасыздар. Қазіргі уақытта тұрып жатқан баспанаңызды жөндеп беруге, Сәулет, қала құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары жолаушылар көлігі бөліміне тапсырамын, - деп Асхат Сайдахметұлы бұл мәселенің шешімін айтты.
Көкпекті ауылындағы қабылдауға келген Үлкенбөкендік Марат Байғонаевтың мәселесі мемлекет тарапынан тұрғын үй беру сұрағы болды. Ал, Көкпектілік жеке кәсіпкер Дамир Мырзасов өзінің кәсібі туралы қысқаша тоқталып өтіп, пластик терезе жасау бойынша өз ұсынысын айтты. Аудан көлемінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына өз тарапынан тапсырыс қабылдауға ниет білдірді.
Самар ауылдық округінде болған қабылдауға алғашқы болып азаматша Д.Қабдылованы ешкім тұрмайтын көрші үйдің апатты жағдайы алаңдатады. Үлкендердің тыйым салғанына қарамастан, оның балалары мен басқа да балалар сол ескі үйдің маңында ойнауға барады. Қабырғалардың ескіргені соншалық құлау қаупі төніп тұр, балалар үшін бақытсыз жағдайға ұшырауы мүмкін.
Бұл істің мән-жайларын анықтау үшін аудан әкімі Асхат Смаилов ауданның коммуналдық қызмет бөлімінің басшысы Қ.Жылқышевқа ескі үйлерді есептен шығару жөнінде қатаң ескерту жасады және қабылдау аяқталғаннан кейін апатты үйлерді жою мәселелерімен тез арада айналысуды тапсырды.
Ал көпбалалы ана Т.Ларицкая балаларға арналған жәрдемақыны және тұратын тұрғын үйдің апатты жағдайын ресімдеу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Аудан басшысы өтініш иесіне оның өзекті мәселелерін шешу жөнінде егжей-тегжейлі түсінік берді. – Сіздердің мәселелеріңізді кезең бойынша шешуді ұсынамын. Алдымен-балаларға арналған жәрдемақыны рәсімдеңіз, содан кейін Сіздің тұрғын үйіңіздің апатты жағдайы мәселелерімен айналысамыз, - деп атап өтті аудан әкімі.
Жалпы сараптап қарайтын болсақ, аудан әкімінің жеке қабылдауында болатын тұрғындардың басым көпшілігінің көтеретін сұрағы – баспана мәселесі. Аудан басшысы бұл сұрақ Заң жүзінде тиісті жүйемен ғана жүзеге асырылатынына тағы бір мәрте баса назар аударды. Қабылдауға келген аудан тұрғындарының барлық өтініштеріне орай Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамалары аясында тиісті түсініктемелер берілді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз