Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты кезекті XXXIV сессияның күн тәртібін бекітті. Сессия төрағасы Д.Дүйсембаев, аудандық мәслихат хатшысы Т. Сарманов болды.

Бірінші мәселеде 2018 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп болды. Ол бойынша Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әлия Тасқайратова сөз сөйледі. Сондай-ақ, қатысушылардың назарына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ауданды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және білім бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинованың және ТҮКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қайрат Жылқышевтың да бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ақпараты ұсынылды.


Күн тәртібінің екінші мәселесі - Көкпекті, Самар, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы, аталмыш округтердің әкімдері Қайрат Алғазинов, Ахмет Күдербаев және Меруерт Малғаждарованың баяндамалары тыңдалды.
Үшінші мәселе бойынша жергілікті атқарушы органның 2018 жылғы Көкпекті ауданы бюджетінің жүзеге асырылуы туралы есебі тыңдалып, ШҚО Тексеру комиссиясының есеп қорытындысын бекіту талқыланды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының м.а. Ерік Тұрсынғалиев айтты. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе - 2016-2020 жылдарға арналған Көкпекті ауданының аумағын дамыту бағдарламасының орындалу барысы болды. Ол бойынша Көкпекті ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әлия Тасқайратова сөз сөйледі.
Күн тәртібінің бесінші тармағы бойынша келесі мәселелер тал-қыланды: Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 жел-тоқсандағы № 31-2 «2019-2021 жылдарға арналған Көкпекті ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қ.Алғазинов) Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 31-4 «Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округтің әкімі Меруерт Малғажаждарова баяндады.
Сондай-ақ, Көкпекті аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 32-2 «Көкпекті ауданы бойынша аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының төрағасы туралы да мәселелер қозғалды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз