Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Сәрсенбі күні аудан әкімі Асхат Смаилов қоғам белсенділерімен кездесті. Қоғамдық кеңес мүшелері, ауызы дуалы ақсақалдар, еңбегімен елге сыйлы, беделді де ықпалды азаматтар қатысқан жиында ауданның болашағына қатысты маңызды мәселелер көпшіліктің талқысына салынды. Қоғамдық пікір көшбасшылары күн тәртібінде қаралған әр мәселеге орай ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.
Кездесудің басында Асхат Сайдахметұлы қоғам белсенділеріне ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы тәмпіштеп айтып берді. Әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқан шараларды тізіп өтіп, мақсатты жоспарлармен бөлісті. Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарын жөндеуден өткізу, ауылдарды абаттандыру бағытында жасалған жұмыстар ауыз толтырып айтарлық. Бұл мақсаттағы жоспарлар тіпті ауқымды. Оның алғы шарттары да жоқ емес. Қоғам белсенділері алғашқы нәтижені көріп жүргендерін де жасырмады.


Ауылдарды абаттандыру мәселесі сөз болғанда аудан әкімі ағымдағы жылы Көкпекті және Самар ауылдарында жүргізілетін ауқымды жұмыстарға баса назар аудартты.
- Әрбір округ орталығы мен ауылдар абаттандырылып, жасыл желекке оранып, гүлзарлар жайқалып тұруы тиіс. Биылғы жылы облыстық және аудандық бюджеттен ауылдарды абаттандыруға қомақты қаражат бөлініп отыр. Көкпекті мен Самар ауылдарында орталық алаңдар жасалады. Бұл тұрғындардың демалысын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін аса маңызды. Біз ескіліктен арылып, жаңа бастамалар арқылы алдыға ұмтылуымыз керек. Көкпектіні көркейту үшін нақты қадамдар жасап, батыл шешімдер қабылдайтын уақыт жетті, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Күн тәртібіндегі басты мәселе Көкпекті ауылдық округі әкімшілігін Заречка аумағына көшіру жайы болды. Орталық алаң аумағында тұрған әкімшілік ғимаратын алып тастау, аудандық мешіт аумағын абаттандыру және республикалық маңыздағы жол бойындағы шырша көшеттерін басқа жерге орын ауыстыру мәселелері көпшілікке ұсынылды.
Көкпекті ауылдық округіне қарасты Ұзынбұлақ ауылындағы «Арна» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Жакупов аудан басшысының округ әкімшілігін Заречка аумағына көшіріп, әбден тозығы жеткен ғимаратты орталық алаңнан алып тастау туралы ұсынысы орынды екенін атып, ойын білдірді. – Өзіміз күнде жұмыс бабымен кіріп жүрген ауыл әкімшілігінің ғимараты әбден ескіріп, тозығы жеткенін бәріміз білеміз. Заречка аумағындағы заманауи келбетті жаңа ғимаратқа көшірілсе ешкім де қарсы келмес. Ауыл адамдары демалатын орталық алаң салынса туған жерін сүйетін әрбір азамат қуана қолдайды, - деді Мұрат Кеңесұлы.
Аталған мәселе бойынша пікір білдірген ардагер Ратбек Арынұлы аудан басшысының батыл қадамдарға барып жатқанын жақсылыққа балады. Қоғамның пікірін ескере отырып, тың бастама көтеріп отырған Асхат Сайдахметұлының әрбір ісіне қолдау білдіруге шақырды.
Владимир Эдиктің ауыл әкімшілігі Заречкаға ауыстырылса қатынас мәселесі қалай болады деген сұрағына аудан басшысы бұл мәселеге алаңдаудың қажеті жоқтығын айтты. Заречка аумағынан орталыққа қатынайтын 2 маршруттық көлік іске қосылады. Жолау-шы тасымалы қызметін көрсетуге ниет білдіруші жеке кәсіпкерлер табылса аудан бюджетінен қаражатта қарастырылып қойған екен.
Қоғам белсенділері аудан орталығына көрік беріп тұрған сәулетті мешіт ғимаратын жарықтандыру және аумағын абаттандыру мәселесінде де пікірлерін ашып айтты. Мешіттің аумағы абаттандырылып, ниет білдірушілер болса қатымхана құрылысын аудан орталығының кең әрі көлік еркін баратын бір аумағынан салса деген тоқтамға келісті көпшілік. Республикалық маңыздағы жол бойын жағалай егілген шырша көшеттері де назардан тыс қалмайтын болды. Ауыл әкіміне көшеттердің түбін қопсытып, қажетті күтімге алу тапсырылды.
Кездесу соңында қоғам белсенділері аудан басшысына көпшіліктің пікірімен санасып жұмыс жасау үрдісін қалыптастырғанына алғыстарын білдірді. Өз кезегінде Асхат Сайдахметұлы маңызды мәселелер көпшілікпен келісіліп, елдің пікірі ескеріліп атқарылатынына сендірді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз