Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлыстың Ұлы күні, берекенің бастауы, жыл басы – Наурыз мерекесі Самар ауылында ерекше аталып өтті. Қаз қатар ақ отаулар тігіліп, үйлердің іші қазақы сән-салтанатпен безендірілді. Жиналған қауымға Самар жұрты ерекше құрметтейтін Иван Федосов атындағы Мәдениет үй қызметкерлері дайындаған «Наурыз» театрлық қойылымы ұсынылды. Самар ауылдық округі тұрғындары мен қонақтарын құттықтауға арнайы келген Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов, Көкпекті ауданының құрметті азаматы, ауданды жиырма жылдан артық басқарған Баянды Қожамбетов самарлықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. 

Наурыз мейрамының басты символдарының бірі болып саналатын Қыдыр атамыз өз халқына ақ батасын беріп, әжелеріміз шашу шашып тойдың сәнін, мерекенің мерейін арттыра түсті. Мерекелік іс шараға көрік берген, орталық алаңда ұйымдастырылған, спорттық сайыстар болды. Асық ату, арқан тарту, қыз қуу ойындары, мергендер сайысы, қой көтеру, бұқа тартыс, қол күрес, бауырсақ батл ұйымдастырлып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.


Самарлықтар қой көтеруден де сайысқа түсті. Сырт көзге ұсақ малды көтеру оңай көрінгенімен, 60 келі қойды 57 рет көтеру кез-келген жігіттің қолынан келе бермесі анық. Осындай нәтижеге қол жеткізген Диас Күдербаев І орынға шығып, қойды иеленсе, ІІ орынды Еркебұлан Махадиев,ІІІ орынды Айдархан Сарбасов иеленді.
Тамырын тереңге жайған Наурыз мейрамы тазалық пен татулықтың, береке мен бірліктің тұғырын нығайтып, адамдарды шаттық пен қуанышқа кенелтетін мереке. Айтулы мерекеге арналып, Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта-мектеп лицейінде «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты мерекелік іс шара өткізілді. Бұл шараға 1-10 сынып оқушылары қатысты. Бұл күні сахна төрінде әр ұлт өкілдері өз салт-дәстүрлерін, әсем әндерін, мың бұралған билерін, ұлттық тағамдарын таныстырды. Бастауыш сыныптар өз кабинеттерінде ақ дастархан жайып келген қонақтарды қарсы алса, 5-11 сынып оқушылары спорт залда дастархандарын жайып көжелерін ұсынды.
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Айдархан Садықов пен лицей директоры Баян Бағысова жиналған қауымды ұлыстың ұлы күні достық пен татулық мейрамы «Наурыз» мерекесімен құттықтады. Әр сыныптың дастарханынан дәм татқан қонақтар осындай игі іс-шараны ұйымдастырған лицей ұжымына өз алғыстарын білдірдіріп, ақ батасын берді.

Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз