Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдағаннан кейін аудан әкімі А. С. Смаилов Самар ауылдық округінің бірқатар нысандарын аралап көрді. «Медиктер үйінің» 3 бөлмелі пәтерінің босағанына көп уақыт болған жоқ. Асхат Сайдахметұлы бұл үйді аралап шыққаннан кейін аудандық маслихат депутаты, депутаттық корпустың жетекшісі Г.Шаймардановаға науқас баласы операциядан келген соң азаматша Бабажановаға беруді тапсырды. Көп балалы ананың тұратын жеріне отынды жеткізу мәселесін Самар ауылдық округінің әкімі А. Күдербаев өз жауапкершілігіне алды.
- Муниципалдық базар ғимараты өз мақсатына сәйкес келмейді, - бұл аудан басшысының кезекті рет келуінен кейін тұжырымы.
- Самар ауылында 6 000-нан астам адам тұрады, олардың көпшілігі үшін, менің ойымша, қоғамдық монша қызметін көрсету артық болмайды. Осы шаруаны жүзеге асыруды округтегі коммуналдық шаруашылыққа тапсырамын. Егер қоғамдық монша ашылса, онда олар үшін қосымша ақша, жаңа қызмет көрсетіледі.
Округтің коммуналдық шаруашылығы қиын кезеңді бастан өткеруде. Ұйым басшысының кезекпен ауысуы, сумен қамтамасыз ету бойынша көптеген мәселелер, бұның барлығы теріс әсер етіп, оның тұрақты дамуына ықпал етеді. Аудан әкімі жаңадан тағайындалған жас басшы Марат Дюсуповқа үлкен үміт артады.
Коммуналдық шаруашылық үшін бірінші кезектегі алға қойылған тапсырма көрсетілетін қызметтің көлемін кеңейту, материалдық-техникалық базаны нығайту болып табылады. Бұл істе алғашқы «қарлығаш» МТЗ базасында құны 13 млн.700 мың теңге тұратын жаңа экскаватор - тиегіш сатып алу болды.


Болашақта шаруашылық үшін 1 бірлік жүк тиегіш, тіркемесі бар «КамАЗ» автокөлігін, грейдер, байланыс дәнекерлеу аппаратын сатып алуды және комхоз ғимаратының жылу беру жүйесін қатты отынға ауыстыруды жоспарлап отыр. Дәл осы мәселелер комхоз аумағындағы кездесу кезінде әңгіме тақырыбына айналды.- Барлық іске кезең - кезеңмен көшіп, ақшалай қаражатты тиімді пайдалану қажет, - деп атап өтті аудан әкімі.
Содан кейін аудан әкімі «ДСУ № 14» ЖШС өндірістік базасында болды. Кәсіпорынның бас директоры А. Федосов қыс мезгілінде жол техникасын қолдану туралы қысқаша айтып, болашаққа жоспарларымен бөлісті, одан кейін олар кәсіпорын мен ауданның өзекті мәселелерін талқылады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз