Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жас. Жалын. Жаңғыру» - осындай атаумен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған  Көкпекті орта мектебінде  VІІ жастар форумы өтті. Жастар форумына құрметті қонақ ретінде аудан әкімі Асхат Смаилов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева, ауданның түрлі саладағы үздік жастар көшбасшылары, ауылдық округтердің жастар саясаты мамандары және əр салада жұмыс істейтін жастар белсене қатысты.

Бірнеше бөлікті қамтыған форум жұмысының бірінші бағыты, акт залының фойесіндегі жастар саясатын іске асырылу барысы туралы көрмесінен бастау алды. Көрмеде білім беру, спорт, кәсіпкерлік, мәдениет және өнер, ұлттық спорт жобасы, Самар ауылындағы агротехникалық колледжі жұмысы таныстырылып, осы саланың жетістіктері көрсетілді. Форумға жиналған қонақтар ауданның білім, спорт, кәсіпкерлік, мәдениет, ат спорты, Jas Proekt жобасы бойынша теледидар арқылы көрсетілген презинтацияны тамашалады. Тұңғыш Президент күні мерекесіне орайластырып ұйымдастырылған VІІ жастар форумының салтанатты ашылу рәсімі кадет сыныбының сарбаздары мемлекеттік туды әкелуімен және аудан жастарының мемлекеттік Әнұранды патриоттық сезімде шырқауымен басталды. Форумның негізгі бөлімінде аудан әкіміне үздік жастар таныстырылды. Ал, жастар орталығының директоры Азамат Қалықов жастар саясатын іске асырудағы проблемалар, кемшіліктер және оның шешу жолдарын қарастыру тақырыбында есеп берді.


- Ауданда жастар саясатын табысты жүзеге асыруға жастар орталығының мәні зор. Бізде 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 5450 адамды құрайды. Оның ішінде 2 мың 590 ерлер, 2 мың 860 қыз балалар. Аудан жастарының 1350 жұмысшы жас, 965 студент, 14-18 жас аралығында 730 оқушы жас, 95 мүмкіндігі шектеулі жас және 94 жұмыссыз жас бар, - дей келе Азамат Серікұлы жастар орталығында атқарылған жұмыстарды егжей-тегжейлі толығырақ, слайд көрсету арқылы баяндап өтті. Баяндамашы осы жұмыссыз жастарды он жеті ауылдық округтің бөлігінде таратып айтып берді. Ал, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Қалықовқа жұмыссыз жастар туралы мәліметті мұқият талдап, жұмыссыз жас есебінің тізімін қайта жасауды тапсырды. – Жастарға арналған ауданымызда дәстүрлі түрде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламалары іске асырылады. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2017 жылы - 60, 2018 жылы – 51 және келесі 2019 жылға 100 жасты қамту жоспарда бар.
Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдармасымен биылғы жылы 20 жас маман көтермеақы және бюджеттік несие алды.

Дәстүрлі форумда бас қосқан белсенді деген жастар өзара пікір алмасып, жиын еркін сұхбат алаңында жалғасты. Еркін форматта өткен кездесуде жастар аудан басшысына көкейіндегі сауалдарын қойып, түрлі ұсыныстар айтып, тұщымды жауаптар алды. Самар ауылдық округінің жастар саясатының маманы Ерназар Сауых жастарды қолдау мақсатындағы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алдағы уақытта квота саны арта ма деген сауалын жолдап, оған тиісті жауабын алды. Сол секілді Көкжайық орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Аяулым Қалиханқызы аудандағы жастар саябағына үздік жастар аллеясын ашуды ұсынды. Ал, аудан әкімі жас маманның бұл ұсынысын қолдап, болашақта қолға алынатынын жеткізді.
Шындығында да қазіргі жас буын жарқын істердің бастамашылары болып жүр. Бүгінгінің ұл-қыздарын спорт, ат спорты саласы, аудан жастарының бос уақытын өткізу, жас отбасылардың мәдени-сауықтыру орталықтарын ашу тақырыптары да толғандырмай қоймады. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ХХІ ғасыр жаһандық сын-қатерлер дәуірі ғана емес, сондай-ақ жас, жігерлі және талантты жастардың да уақыты деп атап өтті. Бүгінде жас ұрпақтың әлеуетін дамыту және жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Бұл келесі жыл Қазақстан Республикасында жастар жылы деп жарияланған маңызды себептердің бірі. Еркін сұхбат аясында осы шешімнің маңыздылығы, оның Көкпекті ауданында жастар саясатын жүзеге асыруға оң әсері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай өткен «ЖАС. ЖАЛЫН. ЖАҢҒЫРУ.» VІІ дәстүрлі жастар форумында аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар жас-тар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Көкжайық ауылының жастар кеңесінің мүшесі, аудан жастарының қоғамдық өміріне белсене араласушы Ерлан Әзімбаев «Үздік жас көшбасшы», Көкпекті орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Әли Жанғазинов «Үздік өнерпаз», «Алтай» спорт клубының үздік ойыншысы, Самар балалар спорт мектебінің шәкірті Ахмед Сахариев «Үздік жас спортшы», «Әдемі-ай» сұлулық салонының иесі Бірлік Күлиза «Үздік жас кәсіпкер», Еркін күрестен Халықаралық жеңімпаз тәрбиелеген жаттықтырушы Талғат Қасайынов «Үздік жастар маслихатының депутаты», ауданның медицина саласының үздігі, терапевт дәрігер Арайлым Қаратаева «Үздік медицина саласының қызметкері», Ж.Болғанбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Дәурен Мергенчинов «Үздік жас ұстаз», Жайдарман ойындарының белсенді мүшесі Ерлан Сыгботтолаев «Үздік жайдарманшы», Шұғылбай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы Дәлел Мұсағазинов «Үздік жастар саясатының маманы», айтыскер ақын Фархад Маратұлы «Үздік мәдениет саласының қызметкері», аудандық «Жасыл ел» штабының өкілі Лаула Мырзаханқызы «Үздік жасыл ел сарбазы» аталымдары бойынша сертификатпен және ауданымыздағы мемлекеттік жастар саясатына қосқан үлесі үшін аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің директор редакторы Дархан Дюсембаев, «Рухани жаңғыру» бағытындағы білім бөлімінің әдіскері Раушан Қанапиянова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Азат Рахимбаевтар алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, жастар орталығының атынан Кәсіпкерлер Палатасының директоры Әлия Мұқашеваға алғыс хат берілді.
Форум аясында Кәсіпкерлер Палатасының Көкпекті ауданы филиалының директоры Әлия Мұқашева мемлекеттік бағдарламалар жайы-нда толығырақ ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар, Әлия Орынбекқызы өз кәсібін ашуға үлкен мүмкіндік беретін қайта даярлау курстарының да жастар үшін тиімді екендігін, кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге жол ашық екендігін айта келе, мерекемен құттықтады.
Бұл күні көпшілікке танымал тұлғалар аудан әкімін және ауданның үздік жастарын видео құттықтау арқылы өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді. Олар танымал актер, композитор, тележүргізуші Рахман Омаров, ұлттық дәстүрді ұлықтайтын музыкалық топ «Алашұлы», «Тамаша» әзіл-ысқақ театрының актері және театрдың негізін қалаушы Бауыржан Орда, «Өнер қырандары» тобы, Шығыс Қазақстан облысының ауыратлетші спортшысы Денис Уланов және Ринго тобы тұңғыш Президент күнімен және форуммен құттықтады. Мереке қарсаңында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Оразғалиева аудандық «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданған бірқатар жастарға салтанатты түрде партия билеттерін тапсырды. Ауданның белсенді жастары атынан Ж.Болғанбаев орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Дәурен Мергенчинов, Преображенка орта мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі Татьяна Клец форумға қатысушыларға үш тілде құттықтау тілектерін білдіріп, Әли Жанғазинов Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйін орындап берді.
«Жас. Жалын. Жаңғыру» жастар форумы Кеңес Одағының батыры Қойгелді Аухадиевты еске алуға арналған дәстүрлі аудандық Жастар футбол лигасының ашылу салтанатымен жалғасты. Ұлы Отан соғысының батырын еске алу турнирына барлығы 8 команда жиналды. Дәстүрлі турнир осымен бесінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Спорттық шараның жүлде қоры «Өрнек» ЖШС басшысы Ержан Қойгелдиннің қаражатынан бөлінген 300 мың теңгені құрады. Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов осы сомаға тағы 100 мың теңге қосты. Спортшы жастар футболды жанына серік еткен жас спортшы мектеп оқушыларына үш спорт добы мен футбол қақпаларын сыйға тартты. Футбол ойынының ақтық мәресі келесі жылдың 9 мамырына дейін жалғасады.
Ерназар Сауых, Самар ауылдық округінің маманы:
- Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастау-шысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа мол табыс, бақ - дәулет тілеймін!
Ерлан Әзімбаев, Көкжайық ауылының жас-тар кеңесінің белсенді мүшесі:
- Құрметті ауданымыздың жалынды жастары! Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке - Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алуына, ел еңсесінің көтерілуіне, халық арманының орындалуы мен мемлекетіміздің қарқынды дамуына іргетас болып қаланған күн. Бүгінгі мереке еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған – Қазақстан Республикасының Президентін алғаш рет сайлаған күні. Осындай тағылымды мейрам қарсаңында ауданымызда көптеген игі істер атқарылуда. Соның бірі, Тұңғыш Президент күніне арналған «Жас. Жалын. Жаңғыру» атты VІІ дәстүрлі жастар форумы жоғары дәрежеде өтуде. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, патриот азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілеймін.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз