Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Семей қаласындағы Мемлекеттік Медициналық Университеттің оқытушы-профессорлар құрамынан жасақталған түрлі салалардағы дәрігерлер тобы ауданымызға келді. Топтың жасақталуы Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды дамытудағы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған екен. Ғалым дәрігерлер Көкпекті, Самар ауылдарында қабылдаулар жүргізді.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Әсем Рахымбаеваның мәлімдеуінше, 2016-2019 жылдарға арналған «Ден-саулық» Мемлекеттік бағдарламасы мұның алдындағы мемлекеттік бағдар-ламалардың қисынды жалғасы болып табылады екен. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Ден-саулық» Мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының бірі отбасылық медицина қағидаттарын енгізумен бастапқы медициналық-санитарлық көмекті одан әрі басым дамыту мен жаңғырту негізінде денсаулық сақтаудың барлық қызметтерін интеграциялау болмақ, ол жалпы практика дәрігерлері арқылы жүзеге асырылатын болады.


Осы міндеттерді орындау үшін Көкпекті ауданы әкімдігі, Семей Мемлекеттік медицина университеті және Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы үш жақты меморандум жасасқан. Меморандумдағы шарттар мен міндеттерді орындау аясында эндокринолог Алмагүл Баймұханова, ересектер невропатологі Дмитрий Брыжахин, балалар невропатологі Жаңыл Арықова, травматолог Нұрлан Бөкенбаев, нефролог Райхан Төлетаева, кардиолог Әсия Масалимова және балалар кардиологі Тамара Рымбаевалар келген екен.
Көкпекті емханасының кабинеттері мен қабылдау бөлмелері алдында кезектескен жұрттың арасынан Көкжайық ауылының тұрғыны ардагер ақсақал Мұхаметқали Қалиқанұлы кездесті. Ақсақал сөзін әріден бастады:
- Кезінде «100 мектеп – 100 аурухана» бағдарламасы арқылы салынған бұл аурухана Көкпекті ауданы үшін өте қажет мекеме еді. Біраз жылдар да сыртқы сылағы түсіп, қожырап қалған ғимаратын аудан әкімі Асхат Смаиловтың нұсқауымен қайта жөндетіпті. Кіре берісте жөнделген баспалдақ, аулаға егілген неше түрлі гүлдер келген сырқаттардың көңілі тоярдай екен. Ал бүгінгі дәрігерлердің қабылдауы да «табылған ақыл» болыпты. Дерті бар адамдар Өскемен, Семейге шабылмай, аудан орталығында білгір мамандардан ақыл-кеңес алып, науқастарға емдік тағайындау беріледі екен – деп ағынан жарыла алғысты тілегін жолдады.
Жүрек ауруларын емдейтін кардиолог маман Әсия Масалимованың қабылдауы барысын барып көргенімізде кезекте отырған адамдардың қарасы мол еді. Семей университеті ғалымының айтуынша, бүгінгі күні тұрғындар денсаулықтарына көңіл бөліп, алдын-ала тексеруден өтіп, білікті мамандарға көптеп қарала бастаған. Аурудың алдын алуда ең бастысы дұрыс диагноз қойып, нақты емдік шараларды қолдану. Ғылымды тәжірибемен ұштастырып, осылай аудандарға шығып қабылдау жүргізу, екі жаққа да пайдалы іс. Көкпектілік тұрғындарға денсаулықтарыңызды күтіп, дер кезінде дәрігерге қаралып тұрыңыздар демекпін.
Ғылым мен білімнің орталығы Семейден келген ғалымдар Көкпекті ауданы ауылдық округтеріндегі фельдшерлік пунктер мен медициналық учаскелерде қызмет атқаратын мамандарға да дәрі оқып, әдістемелік кеңес берді. Клиника-диагностикалық емхананың меңгерушісі Нұрлан Әубәкіров қабылдаулардың сапалы тез өткізілуіне тікелей басшылық жасап, кез-келген науқасқа консультация беріп, баратын дәрігерін нұсқап та жатыр. Ауылға аттанған ғалым-дәрігерлердің аудандағы қабылдаулары әлі жалғасын табары сөзсіз.

Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз