Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен сенбі күні аудан орталығында кезекті ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті. Оған Көкпекті, Үлкенбөкен, Теректі, Үлгілімалшы, Тассай, Көкжайық, Биғаш, Шұғылбай және Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтерінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері қолайлы бағамен ұсынылды. Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді, жергілікті өнімдерге сұраныс жоғары болды. Аптаның сенбі күні жаппай жәрмеңкеге ағылған жұрт қажетті азық-түлігін әдеттегі нарық бағасынан 10-15 пайыз арзанға сатып алып жатыр. Сөрелерден ет, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, көкөністер, жұмыртқа, балық және халықтың сұранысына ие басқа да тауарлар табылды. Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеде 740 келі ірі қара еті, 309 келі қой еті, 100 келі балық, 10 келі бал, көкөніс түрінен 300 келі картоп, 50 келі орамжапырақ, 320 келі қияр, 15 литр өсімдік майы, 52 келі сары май, 4900 дана жұмыртқа сондай-ақ, 25 келі нан өнімдері, 84 келі тұздалған азық қоры және 24 келі тарқан, 51 келі құрт, 26 литр кілегей, 50 келі ірімшік саудаға шығарылды.


Гүлдана Кәрібаева, Самар ауыл-ының тұрғыны: .
- Келушілер дәстүрлі жәрмеңкеге ертемен келіп, қаз-қатар тізілген сауда сөрелеріндегі түрлі ауылшаруашылық өнімдерін қалауларынша таңдап алып жатыр. Дәруменге аса бай балдың түр-түрі сөреде толып тұр. Жемістерге де таңдау кең. Сонымен қатар көкөніс мен жемістерді қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік туып отыр –дейді ауыл тұрғыны.
Жәрмеңкеге аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов арнайы қатысты. Аудан басшысы жәрмеңкеде ұсынылған ауылшаруашылық өнімдерін аралап, сатушылармен әңгімелесті.
Айта кету керек, бұл күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Самар ауылында да өткізілді.

Виктория ГАРМАШОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз