Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданның ауыл шаруашылығы саласын маңызды науқанды жұмыс күтіп тұр. Егін егумен шұғылданатын серіктестіктер мен шаруа қожалықтары бұл жұмысты бастап та жіберді деуге болады. «Көктемнің бір күні жылға азық» дегендей, мұндай маңызды шара кең көлемді дайындықты қажет етеді.
Көктем шуағы еніп, жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталады. Бұл күзде орғанын кәдеге жаратқан егіншілердің тағы да қарбаласқа түсетін, қайнаған қызу еңбектің қызатын шағы. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағыт ұсталады.


Аудан аумағындағы агроқұрылымдардың көктемгі дала жұмыстарына дайындығы туралы ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, ағымдағы жылы егілетін дақылдардың құрылымы мынандай болады: 49% дәнді дақылдар, 23% майлы дақылдар,13,7% мал азығы,1% картоп, көкөніс және бақшалық дақылдар және сүр жерлер 13,9% құрайды.
Аудан бойынша 2018 жылы қамбаға 14020 тонна тұқым құйылды, тұқымға деген қажеттілік 12950 тонна, тұқыммен қамтамасыз ету 108,2% құрайды. Соның ішінде дәнді дақылдардың тұқымдарына сұраныс 12670 тонна, құйылған тұқым 13600 тонна, ол 107,3% құрайды.
Құйылған 14020 тонна тұқым «КазАгрЭкс» АҚ зертханасынан тексеруден өтті. (100%) Тексерілген тұқымның 100 % біздің жерге қолайлы тұқымдар. Тексерілген дәнді дақылдар тұқымының 14020 тоннасының:
1 класс – 4347 тонна – 31%.
2 класс –6590 тонна – 47%.
3 класс – 3083 тонна – 22%. Былтырғы жылмен салыстырғанда тұқымдық дақылдардың сапасы көп жоғарлады және 2018 жылы аудан бойынша 620 тонна жоғарғы репродукциялық тұқымдар сатып алынады. 52 % күнбағыс тұқымы бірінші гибридттік сорттармен себіледі. Біздің ауданда бір ғана I-II-III репродукциялы тұқымды өсіріп, аудан бойынша ауыл шаруашылық құрылымдарға себу қондициясына жеткізіп таратып беретін «Қалисатарұлы» шаруашылығы бар. Бұл шаруашылық ауданда 2007 жылдан бері сапалы, табысты еңбек етіп келеді, дайындаған тұқымдарын өзіміздің аудан ғана емес көрші аудандарда сатып алып жатыр. Биылғы жылға 200 тонна бидай,150 тонна арпа және 60 тонна күнбағыс бірінші репродукциялы тұқымдары сатылды. Аудан бойынша сатып алынған элиталық тұқымдарды субсидиялау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгіде аудан бойынша 115630 гектар жерге егін себілді бұл барлық егілетін жердің 77,6%. Оның ішінде дәнді дақылдар 65970 гектар 72%, майлы дақылдар 35820 гектар 82,3% құрайды.
Осылайша, күн санап дала төсі қызу еңбектің дүбіріне толып, қат-қабат келген қалың жұмыстың сахнасына айналуда.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз