Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Көкпекті және Аягөз аудандары арасында «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының эстафета кітабын тапсыру бойынша салтанатты іс-шара өтті. Бірдей ақ түсті көліктер мінген Көкпектіліктер мемлекеттік Туды ұстап, автошерумен аудан орталығынан шықты. Шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстар мен іс шараларды бірлесіп өткізуге арналған. Іс-шараға Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Д.Қойгелдин, маслихат хатшысы Т.Сарманов, екі ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.


Эстафета мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің ұйымдастырумен облысымыздың барлық аудандарын қамти отырып, тұңғыш рет өтуде. Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметкерлерді халыққа адал қызмет жасауға шақыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің негізгі ережелерін түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сондай-ақ құқықтық көмек көрсету болып табылады. «Адал жол-Честьный путь» марафоны облыс орталығы Өскемен қаласынан бастау алып, бүгінгі күні эстафета түрінде беріліп отыр. Айта кетелік, «Адал жол – Честный путь» атты эстафета кітабын салтанатты тапсыру Өскемен қаласының Ұлан ауданынан басталып, Жарма ауданынан өтіп, ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Жарма ауданынан Көкпекті ауданына табысталған болатын.


Шығыс Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «Адал жол» атты марафон аясында өткен Көкпекті ауданының Аягөз ауданына эстафетаны тапсыру шарасы Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртісі облыстық айтыстың жүлдері Фархад Таянкеновтың арнауымен басталды. «Адал жол – Честный путь» акциясының салтанатты шарасында аудан әкімінің орынбасары Д.Қойгелдин:
– Құрметті жиналған қауым, қадірменді Аягөз ауданының делагаттары. Бүгінгі күні облыс бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас агенттігінің ШҚО бойынша жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны өтуде. Көкпекті ауданында 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жемқорлыққа қарсы марафоны аясында флеш-моб, конкурс, дөңгелек үстел отырысы сияқты жұмыстар жүргізілді дей келе, Дәурен Бақытжанұлы «Адал жол – Честный путь» кітабы салтанатты түрде Көкпекті ауданынан Аягөз басшылығына табыс етті. Өткізілген шаралар туралы ақпарат пен тілектер жазылған кітапты аягөздіктер қабылдап алды. Эстафетаны салтанатты түрде қабылдағаннан кейін Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Болат Сүлейменовке құттықтау сөз кезегі берілді:
- Құрметті жерлестер, құрметті Көкпектілік әріптестер! «Адал жол» эстафетасын тапсыру рәсімін жоғары деңгейде ұйымдастырып жатқандарыңызға Аягөз жұртшылығының атынан алғыс білдіремін. Марафон өтуі өте дұрыс бастама, елдігімізді, адалдығымызды айғақтайды. Игі істер көп болсын, ауданымыз көркейіп, өркендей берсін, бірлігіміз ажырамасын, - деген тілегін жеткізді.
Сондай-ақ акцияда сөз алған маслихат хатшысы Т.Сарманов акция аясында жинал-ғандарды мемлекетімізге адал қызмет етуге шақырды. Одан әрі жиналғандар Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің «Толағай сазы» фольклорлық ансамблінің, жезтаңдай әншілерінің орындауындағы концертті тамашалады.
Марафон аясында жүргізіліп жатқан шара-лардың маңыздығын ескере келе, облыстық жемқорлыққа қарсы марафонына қатысушы өңірлердің жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға оң ықпалын тигізеріне сенім мол. Аталмыш марафон желтоқсан айынан дейін жалғасады.


Шолпан НҰРҒАЛЫМОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз