Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Самар ауылдық әкімдігінің акт залында Көкпекті ауданына тағайындалған жаңа әкім Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың қатысумен жиналыс болып өтті. Кездесуге мекеме, ұйым басшылары, округтегі шаруа қожалық басшылары, еңбек ардагерлері, қоғам өкілдері шақырылыпты.
Асхат Сайдахметұлы өзінің жаңа жұмысында аудандағы кейбір ұйымдардың қызметіндегі кемшіліктерді атап көрсетті. Жаңа аудан басшысы жергілікті қауымды бірлікке, өз іс-қимылдарын үйлестіруге, туындаған мәселелер жайлы хабарлап, ұзақ уақытқа қалдырмай бірлесіп шешуге шақырды. Көкпекті және Самар ауылдары ауданның ірі орталықтары болғандықтан, аудан әкімі жұмыс сапарымен әр апта сайын аралайтынын жеткізді.
Асхат Сайдахметұлы өзінің жаңа жұмысы кезінде дұрыс бағыт таңдауда өмірлік тәжірибесі мол еңбек ардагерлерін, ауыл ақсақалдарының кеңестері мен ұсыныстарына құлақ асудың маңыздылығын атап көрсетті.


Жуық арада жергілікті атқарушы билік аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, ауылдық жолдарды қалпына келтіру, ауданның ауылдық округтерінің санитарлық жағдайын жақсарту, қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіпті сәйкестендіру сияқты бірқатар басты міндеттер қойып отыр.
Кездесу барысында Көкпекті ауданының Құрметті азаматы Б.К.Қожамбетов, жергілікті қоғамдастық төрағасы «Дюсупов» ШҚ басшысы Е.К.Дюсупов, «ЖПУ-14» ЖШС бас директоры А.И.Федосов, Самар ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ф.Садықов өз пікірлерімен, ұсыныстарымен және мәселелерімен ой бөлісті.
Атап айтқанда, самарлықтарды «Шығыс Су қоймаларының» теңгеріміндегі қауіпті объектілер Лайлы және Ешкібай бөгеттерінің жазғы маусымда иесіз қалуы жаз мезгілінде су құбырын шаруашылық жүргізу ұйымына өткізіп, суды реттеп отыру қажеттілігі, иесіз қалған көп қабатты тұрғын үйлерді ретке келтіру, жолдардың бойындағы өскіндерді қырқу, Самар ауылы көше жолдарының шұңқырларын тегістеу секілді маңызды мәселелер толғандырды. Жиыннан соң аудан әкімі Самар ауылдық округіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Самар халқымен етене жақын әңгімелесіп, әлеуметтік нысандармен танысу мақсатындағы аудан әкімінің жұмысы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне амандасудан басталды. Жеңімпаз майдангер Мүталап Ықыласов жаңа қызметінде елмен танысуды ардагерлерге сәлем беруден бастап отырған азаматқа алғысын айтып, аталық ақ батасын берді. Ардагер ана Валентина Федосова арнайы жайылған дастархан басында Асхат Сайдахметұлымен әңгіме-дүкен құрып, ісіне сәт-сапар тіледі.
Ауылдағы әлеуметтік нысандардың ішінде бірінші болып Самар агро-техикалық колледжіне кезек келді. Аудан басшысы білім ордасының ғимаратын аралап, техникалық базасымен танысты. Колледж директорының ақпаратына құлақ түріп, болашақ ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын топтардың жұмысына қызығушылық танытты.
Қарттар үйіндегі қамкөңіл қариялардың қал-жағдайын сұрап, мекеменің күнделікті тіршілігімен танысты. 150-ден астам қартқа пана болып отырған мекеменің жағдайына көңіл толтырып, тағдырдың тәлкегін көрген жандарға барлық ықылысты салып қызмет етуге шақырды. – Мемлекет қарттар үйін ашып, оған қомақты қаржыны еріккенен бөліп отырған жоқ. Біз қашан да үлкенге құрмет қылған халықтың ұрпағымыз, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Жаңа басшының көңілін толтырып, көңілінен шыға білген істің бірі мәдениет саласында атқарылып жатқан шаруалар. Аудан орталығындағы және Самар мәдениет үйлерінің сыртқы және ішкі эстетикалық көрінісі расымен де кез-келген жанның көзін тартады.
Спорттық модульде құрметті қонақтарды бала-лар және жасөспірімдер мектебінің директоры Ержан Нұхаев қарсы алып, жетістіктер туралы ақпар таратты. Балғын спортшылардың жеткен жетістіктеріне ризашылық білдірген аудан басшысы қуанышын жасырмады. Алайда, бүгінгі күні спорт модулінің аумағындағы көгалдандыру мәселесі көңіл көншітпейді. Аудандағы білім және спорт саласына басшылық ететін Шолпан Мұстафиноваға қарамағындағы барлық мекемелердің ауласына шырша ағаштарын отырғызып, гүлдендіру жұмыстарын жүргізуді қатаң тапсырды.
«Мәмбет» шаруа қожалығының басшысы Есембек Дәлелұлы аудан басшысына наубайхана жұмысын көрсетіп, әңгіме барысында шаруашылық атқарып жатқан жұмыстарды тізбеледі. Асхат Сайдахметұлы іргелі қожалық басшысымен аудандағы ауыл шаруашашылығында қордаланып қалған түйінді мәселелер төңірігенде де әңгіме өрбітіп, іскер азаматтың пікірін тындады.
Бұл күні аудан әкімі Самар ауылында орналасқан мектептептер мен «Дәншік» балабақшасы, ауданаралық ауруханаға ат басын бұрып, аталмыш мекемелердің жұмысына қанықты. Кейбір сұрақтар бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен сала басшыларына нақты тапсырмалар да қойылды. Ерекше көңіл бөліп, жұмыс бағытын қайта қарауды талап ететін коммуналды шаруашылық мекемесінің қызметін жандандыру және жаңа бағдарға аудару туралы шешім қабылданды. Бұл тұрғыдағы бетбұрыс шаралары бірден басталып та кетті.


Дархан БЕРДІБЕК
Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз