Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданның елді мекендерін және аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту бойынша екі айлық сенбілік жұмыстары жалғасуда. Бұл жолғы сенбілікке такси жүргізушілері белсене қатысты. «Көктерек» сауда үйінің алаңы, автобекет аумағын түгел тазалады. Сенбілікке шыққан мекеме ұжымдары өздеріне бекітіліп берілген аумақтарына тазарту жұмыстарын жүргізді.


Осы жолғы жалпыаудандық сенбілікке Ж.Шай-жүнісов және Көкпекті орта мектептері, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Көкпекті ауылдық әкімдігінің аппараты, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, коррекция орталығы, Көкпекті аудандық орталық ауруханасы, қорғаныс, аудандық мұрағат, ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО ҚДСД Көкпекті аудандық ҚДС басқармасы РММ, ауылшаруашылық және кәсіпкерлер бөлімі, жер қатынастары бөлімі, балалар өнер мектебі, БЖС мектебі, бос уақыт орталығы, орталық аудандық кітапхана, «Көкпекті Толағайы», «Шуақты Шұғыла», «Балерке» балабақшасы ұжымдары қатысты.
Көкпекті ауылдық әкімдігі Бармақ батыр ескерткіші, субұрқақ маңайындағы қоқыс үйінділерін тазалау сияқты жұмыстар жүргізсе, Ж.Шайжүнісов атындағы мектеп ұжымы Жеңіс саябағын қыстағы жиналған қоқыстарын тазалап, талдардың түптерін әктеу саябақты сыпыру жинастыруға күш салды. Бұрынғы Көкпекті орта мектебі қазіргі күнде жеке кәсіпкер «Талап» шаруа қожалығының иелегіндегі ғимарат маңайы да шаруашылық жұмысшыларының күшімен ретке келтіріліп, сенбікке ұйымшылдықпен қатысты.
Бұл күнгі сенбілік, такси жүргізушілердің ауыз-біршілікпен, ұйымшылдықпен жасаған сенбілік жұмыстарымен ерекшеленді. Олардың бұл ісі көпке үлгі. Такси жүргізушілердің жақсы бастамасы алдағы жүргізілетін ауылымызды тазалау жұмыстарында жалғасын табатына сенімдіміз.
Ал, мақаланы жазу барысында редакциямызға 36 пәтерлі үйдің тұрғыны зейнеткер Мәншүк Сигадуллина сенбілік жұмысына қанағаттанбайтынын айтып, өкпе-назын білдірді.Оның айтуынша, 36 пәтерлі үйдің аумағындағы қаптаған әртүрлі тұрмыстық қалдықтар, босаған қалбырлар мен бөтелкелер, пәтер маңайына төгілген күл, қоқыстар сыртқы келбетін бұзып тұр. Сондай-ақ осы үйдің маңайындағы балалар алаңындағы қауіпсіздік ережесінің сақталмауы өзекті мәселенің бірі.
Осы үйлерде тұратын пәтер иелері сенбілікке шығып, барлығы бірігіп, тазарлау жұмыстарын жүргізбей ме деген сауалды әрқайсымыз қоямыз? Алдағы уақытта 36 пәтерлі үйдің тұрғындары ауызбіршілік танытып, басқа тұрғын үйлер сияқты санитарлық жағдайы жақсарады деген үміттеміз.
ШОЛПАН НҰРҒАЛЫМОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз