Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті аудандық орталық кітапханасында аудан әкімінің аппараты, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі болып өтті.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» «Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу тапсырылған болатын.


Осы тұрғыда өткен жәрмеңке халыққа кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ электронды мемлекеттік қызметтерді алу тәртіптерін насихаттау және тәжірибелік көмек ұсыну мақсатында болды. Жәрмеңке барысында азаматтар ең көп жүгінетін электронды мемлекеттік қызмет түрлері, яғни – жер қатынастары, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік көмек көрсету қызметі, кірістер басқармасы салалары бойынша әдістемелік-кеңестік көмек алды, сондай-ақ әрбір адам электронды мемлекеттік қызмет, электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтініш жасап, рәсімдеуге мүмкіндік алады.
Аталған шарада аудан тұрғындары түрлі сала бойынша өздерін толғандырған сауалдарын алға тартып, қажетті мемлекеттік қызметтер жайында кең көлемде ақпарат алысты.
- Халық үшін мұндай шараның маңызы жоғары, өйткені мұнда аудандағы бұқарамен тікелей байланыс жасайтын барлық мекемелер топтастырылып, тұрғындарға қажетті қызметтерін ұсынуда, - дейді Көкпекті ауданы білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Гүлжан Назарханова. - Біздің білім беру бөлімі қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің 29 түрін көрсетеді. Негізі халықтың көп сұранысына ие мемлекеттік орындар денсаулық сақтау басқармасы, мемлекеттік кірістер бөлімі, көші-қон қызметі, білім беру басқармасы деп айта аламыз. Бүгінгі жәрмеңкенің басты мақсаты – тұрғындарға үйден шықпай-ақ, электронды түрде бәрін жүзеге асырылатынын түсіндіру. Бұл өз кезегінде адамдардың уақытын үнемдеуге көмектеседі деп ойлаймын, - деді, білім беру бөлімінің әдіскері Гүлжан Асқарқызы.
Жәрмеңкеге жалпы 11-ден астам жергілікті және аймақтық мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің өкілдері қатысты. Аудан тұрғындары үшін бұл жәрмеңкенің берері көп болды.
«Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың алдындағы маңызды міндет – қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа жол беру қаупін жойып, тұрғындарға қызмет көрсету реттілігін анықтау және оның сапасын арттыру, сол қызмет көрсету барысының ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту. Осындай мақсатпен біз алғашқы рет жәрмеңке өткізіп жатырмыз», - деді аудандық ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Мадина Тұрсынғалиқызы Баймұратова.
Сонымен қатар, жәрмеңке барысында орталық кітапхананың директоры Айтжамал Ибраева әр округтің кітапханасында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы болатынын және оны қалай қолданатынын түсіндіріп берді. Қазіргі таңда аудандағы 17 округтің 7 ауылдық округінің кітапханасында бұл мемлекеттік қызмет көрсету қолға алынуда. Бұл жұмысты жалғастырып, кеңейту керек. Оған қоса, мемлекет қызметін аудан тұрғындары пайдаланады. Оларға енді түрлі мемлекеттік органдардың ұзын-сонар кезегіне тұрудың қажеті жоқ. Ең бастысы, бұл азаматтардың түрлі сұрақтарын шешуде мемлекеттік және құқыққорғау құрылымдарының жұмыстарын қолжетімді әрі ашық етеді.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз