Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Мен үшін елімді дамыған мемлекеттердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» деген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлы мұрат жолында немен жігерленіп, күш-қуатты, ерік пен рухты, қайратты қалай шыңдағанына еріксіз тәнті боласыз. Дара тұлғаға қанат бітіріп, ұлы істерді тындыруда серік болатын ел сенімі, туған еліне, жеріне деген махаббаты, Отанына деген сүйіспеншілігі болса керек.
Тәуелсіздігіміздің баянды, ұлтымыздың рухты болуының тірегі Елбасымыздың құрметіне арналған Тұңғыш Президент күні қойнауы шежіреге толы қасиетті мекен Көкпекті жұрты үшін де қуанышпен қарсы алынатын мереке. Тарихтың бізге тартқан ғаламат сыйы, ұлы істердің бастауында ұйытқы болған нар тұлға Ұлт көшбасшысы күні қарсаңында көкпектіліктер жүрекжарды тілектерімен бөлісті.

 

Гүлбану Салихқызы Аубакирова, салық инспекторы, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округі:
- Көкпекті ауданының барша тұрғын-дарын Тұңғыш Президент күнімен құт-тықтаймын! Елдің басына туған ең бір күрделі кезеңнен, қиын-қыстау сәттерден еліміздің көшін табандылықпен, көрегендікпен бастаған Елбасымыздың еңбегі ерен. Президент Н.Назарбаев мемлекетті басқару ісінде кемеңгерлігін көрсете білген дара қайраткер. Ел-жұрты үшін толғанып, қайтсем қазақ халқын тығырықтан шығарамын деп тыным тапқан жоқ.
Оның бастамасымен қазіргі заманның ең өзекті ғаламдық мәселелері көтеріліп, оларды шешу жолдарын әлем елдерінің назарына ұсына білді. Бұл Президенттің- халықаралық дәрежедегі қайраткер екенін білдіреді.
Елбасымыздың назарынан алдыңғы толқын ардагерлер, аға ұрпақ өкілдері бір сәтке де тыс қалған емес. Әлемдік экономикалық тоқырауға қарамастан, жыл сайын зейнеткерлердің және басқа да әлеуметтік топтардың зейнетақысы мен жәрдемақылары көбеюде. Болашақта ел тізгінін алға сүйрейтін балаларымыз үшін елде барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, көпұлтты халқымыз татулық пен береке-бірліктің туын жоғары ұстап, бейбіт те алаңсыз тіршілік етуде. Осы жақсылықтардың барлығы үшін Елбасымызға мың алғыс айтамын. Аспанымызды бұлт торламасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мереке құтты болсын!
Дулат Мұратұлы Оспанов, ауылдық округ әкімінің м.а., Биғаш ауылы:
- Тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасыр мерзім ішінде Тұңғыш Президентімізбен бірге талай-талай жетістіктерге жеттік. Осы бір тарихи кезеңде ешкімге жалтақтамай, бүкіл қазақстандықтар бірігіп, егемен мемлекет құрудың қамын жасады. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған азаттығымыздың арқасында өркениетті елдердің жолымен жүруге мүмкіндік алдық. Н.Назарбаев биыл ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының ауқымы кең. Бүгінгі күні бағдарлама аясында ауданымызда, ауылдарда айтулы шаралар іс жүзіне асырылуда.
Құрметті аудан тұрғындары! Бүгінгідей жарқын мерекеде Елбасымызға қандай тілек арнасақ та жарасады. Тұңғыш Президентіміздің денсаулығы мықты, өмір жасы ұзақ болып, ел көшін ілгері жылжытудағы күш-қайраты таусылмасын! Қазақстан мәңгі жасай берсін!
Нұржан Ғалымжанұлы Орынбеков, тарих пәнінің мұғалімі, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі:
- Биылғы жылы бесінші рет бұл айтулы мерекені бүкіл қазақстандықтар шаттана тойлауда. Нұрсұлтан Назарбаев - мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті. Тәуелсіздіктің туын тіккен ширек ғасыр уақыт ішінде қазақ халқының ықылым заманнан арман еткен азаттығын алған кезден бүгінге дейінгі жеткен деңгейіміз бен дәрежемізді саралар болсақ, қазіргі Қазақ Елі бүкіл әлем мойындаған жас мемлекет. Осыған себеп болған көрнекті оқиғалардың бірі - Есілдің бойынан еңселі Астана салғанымызды ауызға алуға болады. Әрине, бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, заманның ыңғайы, уақыттың талабы бойынша дүниеге келе салған кереметтің бірі сияқты болып көрінуі мүмкін. Ал шын мәнісінде, мұның астарында тарихта аса сирек кездесетін ақыл-ой, арман-мақсаттардың тау қопарып, қамал салғаннан да зор күш-қуатынан туындаған теңдессіз жоба екенін түйсінесіз. Бұрынғы бұйығып жатқан шағын ғана қала Ақмоланың дүниежүзілік сәулет өнерінің туындылары бой көтерген айшықты шаһарға айналғанын көзбен көрдік. Сол кезде Тұңғыш Президенттің сұңғыла саясатына, нартәуекелге бел буған көзсіз батырлығына күмәнсіз қарағанымыз кемде-кем. Бүгінгі нәтиже елдің ертеңін ойлаған кемеңгер қол жетпес биіктерден болашаққа көз тігіпбәрін болжап-білгенін көрсетті. Енді ғана қаз-қаз тұра бастаған елдің қиын-қыстау уақытында бас қаланы тұрғызу – тарихтан іздесең таппайтын мысалдың бірі. Биылғы өткен халықаралық көрмеге қатысқан шет елдердің Астанаға тамсанбағаны жоқ. Міне, осындай Көшбасшысы бар тәуелсіз елде тұрып, онда еңбек етіп, ұрпақ бойына білім нәрін егіп жүрудің өзі бір бақыт. Біз Қазақстанның намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді толық сезінеміз.
Барша тұрғындарды, әріптестерімді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!
Ринат Ерталяпұлы Найзабаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, Көкпекті орта мектебі:
- 1 желтоқсан - Қазақстан Респуб-ликасының Тұңғыш Президенті күні.Бұл күн - біздің өз тағдырымызды өзіміз айқындауымызға алғашқы нақты қадам жасаған мемлекеттің мерейлі күні. Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі мен көреген саясатының арқасында ғасырда жасалар істер қысқа мерзімде жүзеге асты.
Басқарудың президенттік формасы мен тәуелсіздіктің жиырма алты жылдық тәжірибесі біздің ел үшін осы басқару формасы тиімді болып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, ширек ғасыр уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр.
Елбасының «100 нақты қадам» атты бағдарламасының басым бағыттарын орындаудың жаңа міндеттері барлық салаларды қамтыды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бүгінгі таңда әр істің жолбасшысы, бағдаршамы.
Бүгінде, Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген барлық жетістіктері, бірінші кезекте, Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты. Аз ғана уақыттың ішінде сәні мен салтанаты жарасқан Астана тұрғызылды. Бүгінде бұл шаһарымыз әлемдік маңызы бар келіссөздер жүргізетін алаңға айналды. «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі абыроймен өткізілді. Қазіргі таңда барша әлем Қазақстанды Н.Ә.Назарбаевтың дана саясаты арқылы таниды десек артық айтқандық емес.
Ауданда көптеген игі істер жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық әлеуе-тіміз күн санап жақсарып келеді. Бұл - ел бірлігінің, ағайын татулығының арқасы.
Қадірменді көкпектіліктер! Барша-ңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Еліміздің болашағы - баянды, келешегі – кемел, бірлігіміз - берекелі, татулығымыз - берік болсын!
Жанат Қанатұлы Тлебалдин, «Бексұлтан» ШҚ басшысы, Тассай ауылдық округі:
- Біз үшін ерекше мереке Тұңғыш Президент күнімен барша жерлестерімді құттықтағым келеді. Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті ата-бабамыз. Міне, сол асыл арман орындалып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды.
Біздің тәуелсіз Қазақстан Респуб-ликасының тарихындағы барлық же-тістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тере-земіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы - біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде. Тәуелсіздік халқымыздың, талай ғасырлардан бері ата-бабаларымыздың ежелден көксеген арманы болғаны-тарихи шындық. Сондықтан, бұл тарихи шындықты әрбір қазақ жүрегімен түсінетіні хақ. Тіпті, өзімізді былай қойғанда, әлемнің көптеген озық елдерінің басшылары тарихи шындықты мойындап, қазақ елін құрметтейтінін көріп отырмыз.
Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін көрген жақсылығымыз, дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы, ең алдымен, Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты екенін бүгінгі ел тұрмысынан көріп отырмыз.
А.Абекбаева, жастар саясаты маманы, Көкжайық ауылы:
- Біз бұл мерекені тойлау арқылы Президенттің халқына, еліне істеген ерліктерімен кеңінен танысамыз. Сондай-ақ, тәуелсіздігімізді алып, дамыған елу елдің қатарына кіргеніміз де мемлекет басшысының арқасы, әрі сырт елдермен тамаша дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанынан деп есептеймін. Осындай айтулы күнде ел мен Елбасы бір-біріне жақындай түсіп, одан әрі де мемлекетіміздің биік белестерді бағындыруына жаңа серпін бермек. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Аудан жастарын Елбасы салып берген сара жолмен тек алға жылжуға шақырамын!


Баспаға дайындаған
Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз