Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпектіде ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған «Жыр тұнған Көкпектінің жағасында» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Айтысты ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Жүрсін Ерман жүргізеді.
16 қараша күні өтетін сөз додасына елімізге белгілі 10 айтыскер қатысады. Алматыдан Ринат Зайытов пен Рүстем Қайыртайұлы, Семейден Серік Қуанған, Әсем Ережеқызы, Манарбек Сатыбалды, Арқалықтан Тоба Өтепбаев, Павлодардан Оңғар Қабден, Ақтөбеден Марат Ахметов, Тараздан Нұрлыбек Құрманов қатысатын аламанда аудан намысын Жасұлан Мақаев қорғайды. Биғаш ауылының тумасы Жасұлан Мақаев бүгінгі күні Семей қаласында белгілі ұстаз Дәмеш Омарбаеваның тәлімін алып, облыстық айтыстарда шындалып жүр.


Республикаға танымал жердесіміз Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған айтысқа құрамына Аманжол Әлтаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Дәмеш Омарбаева, Серік Қалиев, Нұржан Қуантай сынды белгілі ақындар кіретін қазылар алқасы төрелік етеді. Бір аптаға созылатын ақын мерейтойына арналған шаралардың айшықтысы – ақындар айтысы 16 қараша күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде сағат 14.30-да басталады. Кіру тегін және де мәдениет үйінің шағын залында онлайн көрсетілім ұйымдастырылады. Айтыстың жүлде қоры 5 миллион 100 мың теңге. Бас жүлдеге ие болған шын жүйрікке 1 миллион теңге тігіліп отыр.
- Елімізге танымал ақын, айтыскер, өлкетанушы Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық мерейтойына орай 10-16 қараша күндері апталық кешенді шараларын өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін арнайы қоғамдық қор ашылды. Ардагерлер Кеңесінің ақынның мерейтойын лайықты өткізу туралы Үндеуін барлық аудан тұрғындары қолдап әкетті. Қазірдің өзінде аудан бойынша қоғамдық қорға азаматтық ұстанымы берік жерлестеріміз бір күндік еңбекақысын аударып жатыр. Жомарттығынан жаңылмайтын кәсіпкер азаматтарда қомақты үлес қосуда. Ауданымыздың абыройын асқақтатқан ақынның мерейтойын лайықты өткізу – елдігімізге сын екені анық, - дейді ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев.
Сондай-ақ, апталық шаралар аясында оқушы ақындар мүшайрасы өткізілмек. Мүшайрада үздік деп танылған жас ақындардың өлеңдерінен арнайы жинақ жарыққа шығарылады. Мұражайда ақын өмірінен сыр шертетін зал ашылып, аудандық мәдениет үйінің алдынан еңселі кеудемүсін бой көтереді. Ақын рухына бағыштап құран оқылып, ас беріледі.
Шараның басты мақсаты ұлтымыздың рухани мұрасы - айтыс өнерін насихаттау. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып жастардың ұлттық санасын, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мәселесі айтыстың арқауына айналмақ. Рухани жаңғыру - қазақтың тарихи мүмкіндігі. Ұлт болып ұйысып, еңсені тіктейтін уақыттың кезеңі. Ол үшін салтты жаңғыртып, ұлттық кодты сақтау керек. Ал, бұл - тегімізді танудан басталады.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз