Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ораза айтының алғашқы күні Көкпекті ауылында орталық аудандық мешіті және жамағатының ұйымдастыруымен жүгіріс жарысы өткізілді. Ерлер және қыз балалар арасында өткізілгеген жаяу жарыс тартысты да қызықты болып өтті.


Барша жамағат болып, айт намазы оқылған соң, мешіт алдындағы қазақы киіз үйге айт дастарханы жайылды. Күні бойы ақ ниетпен жайылған дастарханнан дәм татуға келген кісі үзілмеді. Осы күні өткізілген жарысқа ерлерден 31 адам қатысып, 4 шақырымға жүгірсе, 2 шақырымдық ұзақтықта жүйріктіктерін сынаған қыз балалар саны 6 болды. Желаяқтар бәсекесінде ерлер арасында 1 орын Рүстем Арыновтың еншісіне тисе, 2 орынды Мүслім Анарбеков, ал 3 орынды Заур Кәлкенов иеленді. Қыз балалар арасында алғашқы болып мәреге жеткен Мөлдір Өмірбекова 1 орынға ие болып, Алсу Ибрагимованың еншісіне 2 орын тиді. Ал Күншуақ Сақанқызы 3 орынға тұрақтады. Жүлделі орын иелері марапатталып, арнайы сый ақыларға ие болды. Атап айтар болсақ, 1 орынға 15000 тг., 2 орынға 10000 тг., ал 3 орынға 5000 тг. көлемінде сыйақы тағайындалған болатын. Сонымен қатар, жарыстың ең жас қатысушы 7 жасар Айбарыс Назипке арнайы марапаттау қағазы және 5000 тг. сыйақы табысталды.


Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз