Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

21 қараша күні Көкпекті ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 жыл – Бірлік пен Жасампаздық» атты 25 жұлдызды күндер акциясы   бастау алды. Аталмыш шараның алғашқы күні «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атауының аясындағы шаралармен өрбіді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында өткізілген шарада өңірдің ширек ғасырда жеткен жетістіктері, Ата заңның қоғамдағы орны тілге тиек етілді.

 

Қазақстан Республикасы 25 жылдық уақыттың ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер басшылығымен төрткүл дүниеге танылды, әлем мойындаған егемен ел болды. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры, ол – қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Бүгін ауданымызда басталған игілікті шараның алғашқы күнін «Конституцияға» арнаудың да маңызы зор. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті.
Алқалы жиында сөз алған жерлестеріміз де Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген толағай табыстарды саралап, Ата Заңымыздың маңызы мен рөліне тоқталды. Көкпекті аудандық прокуратурасының Прокуроры Асхат Орақбаев егеменді еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің терең іргетасын қалаған маңызы зор құжат деп қадап айтты.
- Біздің елімізде ең жоғары заңдық күші бар Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы Конституция конституциялық құрылымның құқықтық негізін қалаумен бірге, рес-публика қызметінің қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде рес-публикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу сияқты түбегейлі принциптерін бекітті. Бәрі де Ата Заңнан бастау алады. Біздің сүйенеріміз де, басшылыққа алатынымыз да - Қазақстан Конституциясы, - дейді баяндамашы.
Аудандық сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы көпшілік қауымды мерейлі мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізімен бөлісті. Сонымен бірге, сот төрағасы елімізде кеңінен жүзеге асырылып жатқан Медиация туралы заңның артықшылықтары мен қолданылу аясын түбірінен тарқатты.
Аталмыш жиында сөз алған мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының директоры Балжан Үмітқажиева мен орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Әсем Рахимбаева салиқалы сөз қозғап, жүйелі баяндама жасады. Еліміздің басты ұлттық мейрамы кезінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ерекше үлес қосқан азаматтар марапаттан шет қалған жоқ. Әділет басқармасының басшысы Қанат Қабдыкәрімұлы, аудан Прокурорының орынбасары Дулат Бияшов, сот қызметкері Бауыржан Құржанбаев аудан әкімінің алғыс хатымен және арнайы мерекелік кәдесыймен марапатталды.
21 қараша мен 16 желтоқсан аралығында өтетін 25 жұлдызды күн акциясы «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Мемлекеттік рәміздер», «Мемлекеттік шекара», «Мемлекеттік тіл», «Жаһандық бастамалар», «Азаматтық қоғам», «Бірегейлік және бірлік», «Ұлттық валюта», «Ядролық қарусыз әлем», «Ғылым мен жаңа технологиялар», «Қазақстан Рес-публикасының Президенті институты», «От-басылық құндылықтар», «Ұлт саулығы», «Спорт жетістіктері», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Мәдениет және руханият», «Нұрлы жол», «Нұрлы Болашақ», «Білім», «Әлеуметтік жаңғырту», «ЭКСПО «жасыл» технологиялары», «Индустрия-ландыру», «Қуатты Қазақстан - қуатты өңірлер», «Астана», «Мәңгілік Елдің мәңгілік құндылықтары» сынды түрлі атаулармен Тәуелсіздік жетістіктерін баяндайтын 385 тағылымы мол жиын, игілікті шаралар, түрлі мерекелермен жалғасын табады.
Жасампаз еліміз Ұлы Мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлауды бастап кетті. Осы жылдар ішінде талай белесті бағындырып, әлемге танылдық. Біздің бүгінгі жетістігіміз бірлігіміздің арқасы. Әрқашан бірлігімізден айырылмай, тату-тәтті ғұмыр кеше берейік. «25 жыл – Бірлік пен Жасампаздық» атауымен өткізілетін 25 жұлдызды күн көкпектіліктерді бірлікке бастап, еліміздің өркендеуінің теңдессіз кепіліне айналары анық.


Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз