Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1993 жылы қараша айының 15 күні ұлттық валюта теңге қаржы нарығында айналымға енді. Елбасының жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл теңгеміздің туған күні, әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Теңгенің енгізілген сәті – Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы ең айқын парақтардың бірі. Бұл тарихи шешуші оқиғаның еліміздің бүгіні мен болашағы үшін бағасы зор екендігі баршамызға мәлім.
Биыл төл теңгеміздің 23 жылдық мерейлі мерекесі. Төл ақшаның айналымға енуі жас мемлекеттің экономикалық әлеуетінің артуын қамтамасыз етті. Төл теңгенің туған күні Көкпекті ауданында да атаусыз қалмады. Қараша айының 16 жұлдызында ұлттық валюта күні және қаржыгерлер мерекесіне арналған салтанатты шара Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткізілді. Оған аудан басшылығы, барлық бөлім, мекеме басшылары мен есепшілер және осы саланың ардагерлері қатысты.


- Осы уақыт аралығында біздің ұлттық валюта әртүрлі сындардан өтті, бірақ соған қарамастан, біздің экономикалық модель қабілеттілігін көрсетті. Қаржы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бүгін біз ұлттық валютаның қолданысқа енген күнін атап өтудеміз. Аталған күнді еліміздің қаржы саласын нығайтуда белгілі жетістіктер, толағай табыстармен және тәжірибемен қарсы алғанын атап өткім келеді. Қаржы саласы қызметкерлерінің жемісті еңбегінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – бюджет кірістерінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Мемлекеттік жүйенің маңызды бөлігін дамыту мақсатында аянбай еңбек етіп, алға қойған жоспарларды іске асыруға атсалыстыңыздар. Қаржыгерлердің жоғарғы білімі мен әлеуеті еліміздің қаржы игілігін қамтамасыз етуге келешекте де ықпал етеді деп сенемін. Ауданымыздағы жоғарғы кәсіби сауат-ты, жауапты қаржы саласы қызметкерлерінің сіңірген еңбегі өте зор, – деді Рамиль Сағандықов.Аудан басшысы еліміздің экономикалық және қаржылық жетістікке жетуіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясаты мен болашақты болжай алатын біліктілігіне тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, аудан басшысы қаржы саласына маңдай тері сіңген бір топ қаржыгерлерге өз атынан марапаттар тапсырды. Атап айтқанда, Қазынашылық басқармасының бас маманы Д.Ахмерова, Білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас экономисі А.Сағибаева және бас есепшісі П.Дюсупова, «Бос уақыт орта-лығының» бас есепшісі Т.Сапарова, Бастаушы ауылдық округінің есепшісі Б.Шагиева, Қазкомбанк бөлімшесінің басшысы М.Кенемолдина, Семей Филиалының АҚ «Қазақстан халық банкі» басшысы Ж.Есеркенова және Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас есепшісі Л.Нұрғалиева марапатталды. Осы салада ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлер Жамал Сұлтанова, Қалимаш Мусина, Фатима Мәжібаеваларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік құттықтау сөзін арнаған аудандық мәслихаттың хатшысы Талғат Манапұлы:
- Кез келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы болуы адамның өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, ынта-жігермен жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің артықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы бар. Сіздер Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Құрметті қаржы саласының ардагерлері! Осы айтулы күні сіздер құрметке лайық еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық және бақыт пен табыс тілеймін, – деген тілек білдірді. Мерекелік кеш мәдениет үйі әртістерінің концертімен жалғасты.
Д.Жұмажанова, аудандық қаржы бөлімінің есепшісі :
- Қымбатты достар, құрметті әріптестер! Бүгін, экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – қаржыгерлер күнін тойлау үстінде. Біздің кәсіби мерекеміз - қаржыгерлер күні және ұлттық валюта күні ең ыстық құт-тықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздердің жұ-мыстарыңыздың келешекте де Қазақстан эко-номикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге және кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызарына сенімдіміз. Мықты денсаулық, жемісті еңбек, отбасы бақытын, қаржылық қызметте тұрақтылық, ашық аспан мен ел тыныштығын тілейміз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз