Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Төрт мезгілдің төресі – алтын күз биыл да елге мол ырыздық-несібесін ала келді. Ауданымыз үшін биылғы күз берекелі болды. Қырман қызылға толып, дән тау болып үйілді. Диқандар астық жинау науқанын толықтай аяқтап, алқаптағы өнімдерін ысырап қылмай жиып-теріп, қамбаға құйып алды. Аудандағы барлық шаруашылық өздері көздеген межеден асып жығылды.

Биылғы жаз, жылдағыдан жауынды болды. Ылғал қоры барынша мол. Табиғаттың осынау мінезі шөп шабуға қолбайлау болғанымен, егіннің шығымына көңіл толарлық. Осы жиын-терім науқанының биылғы жылғы нәтижиесін Көкпекті ауданы кәсіпкерлер және ауылшарушылық бөлімінің бас агрономы Жанат Көпесов әңгімелеп берді:

 

- Көкпекті ауданының шаруа қожалықтары биыл да мал азығын дайындауға айрықша назар аударды. Ауылшаруашылық өнімдерін жинау нәтижиесі төмендегідей, жалпы ауданда дәнді және майлы дақылдарды жинауда 87663,1 мың гектардан 166217,4 тонна өнім алып, 91,3 % құрады. Сонымен қатар, 15 қарашаға дейін жиын-терім жұмысы толықтай аяқталады.
Бұл көрсеткіштердің барлығы да біздің елімізде өсімдік шаруашылығының табысты дамып отыр-ғанын көрсетеді. Сала қажымас қажырлы еңбекті, білім мен тәжірибені, табандылықты қажет етеді. Біздің диқандарымыз осының барлығын да көрсете білді. Ауданның іргелі шаруашылықтары «Мәмбет», «Қалисатарұлы», «Виктория», «Лик», «Колос» тағы да меже үдесінен шыға біліп, жоғары өнімділікке қол жеткізді.
- Биылғы астық шығымы орташадан жоғары болды, - дейді Самарқан Жотабаев. – Дәнді да-қылдарды жинау кезінде ешқандай қиындық болған жоқ, ауа райы өте қолайлы болды. Дегенмен, шөп орағын астық орумен қатар жүргізуге тура келді. Ал енді майлы дақылдарды жиғанда біраз қиналғанымыз рас. Күнбағыстың басым бөлігінің ылғалдылығы жоғары болып тұр. Ендігі мәселе оны әрі қарай кептіріп, бүлінбей сақтауын ойластыру болып отыр. Бірнеше күн ғана бұрын майлы дақылдарды ору жұмысын аяқтадық, енді үлгермей жатқан көршілерімізге көмектесіп жатырмыз, дүние кезек, ертеңгі күні бізге де көмек қажет болуы мүмкін. Сондықтан да бір-бірімізге қолдау көрсетпей болмайды. Бір терінің пұшпағын илеп жүргеннен соң, міндетіміз де ортақ. Егін орағы кезінде жанармай мәселесіне қиналмадық. Өткен қыстан бастап жағармайды дайындауды ойластырдық, мемлекет тарапынан да көмек болды, - деді қожалық басшысы.
Сонымен қатар, «Қалисатар» ШҚ аудан бойын-ша тұқым сақтау қорын қалыптастырған. Онда бидай, арпа, сұлының тұқымы бар. Қазіргі таңда барлық өнімдер 700 тоннаны көрсетуде, яғни аудан келер жылға тұқым себуге 100 %дайын екенін көрсетеді.
Күннің райын, қабағын баққан шаруа мұны бі-ліп, ескеріп отырады. Әсіресе, егін жинау тұстағы жауын-шашынның қолайсыздық әкелетінін ұмы-туға болмайды. Сондықтан диқан қауымы бұл науқанды әр ашық күнді тиімді пайдаланып, тез, ыждаһатты жүргізуге тырысады. Жауын-шашынға ұрынбай, егін орағын уақытында аяқтап, бар астықты қамбаға құйып алу үлкен олжа.
Қуатты Қазақстан құру жолында елдің ауыл шаруашылығы саласына да ерекше мән беріліп келеді. Себебі, табиғи, экологиялық таза өнімге күн өткен сайын сұраныс арта түсуде. Осы орайда, мемлекеттік бағдарламалардың да шал-ғайдағы шаруаға шарапаты тиіп жатса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Өміріміз мәнге, қамбамыз дәнге толатын ырысты жылдың берері мол деген тілектеміз!


КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз