Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылдық округінің мәжіліс залына бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен мекеме-ұжым, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысқан жиын өтті. Онда Көкпекті аудандық мәслихатына №11 Самар сайлау округі бойынша депутаты, бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Шаймарданова есеп берді. Сонымен бірге №10 Абай сайлау округі бойынша депутат С.Жотабаевтың есебі тыңдалды. Күн тәртібінде саяси кеңес құрамын, аудандық партия конференциясына делегат сайлау мәселелері қаралды. Жиынға Самар ауылдық округінің әкімі А.Күдербаев қатысты.


Гүлнар Қасымжомартқызы өзінің сайлаушыларымен жұмысы барысында атқарылған істерге тоқтала келіп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауын, «Нұр Отан» партиясының тұрғындар өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік 9 жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстарды айтты. Баяндама бойынша слайд ретінде барлығы да нақты дәйектермен көрсетілді. Сонымен бірге партия мүшелерінің әрбір мекеме бойынша саны да мысалға келтірілген кесте жиынға қатысушылар назарына ұсынылды. Бір ескерте кететін жайт, партия құрамында мемлекеттік қызметкерлердің аздығы болды.
№10 Абай сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты С.Жотабаев өзінің қысқаша баяндамасында ауыл ішін көріктендіру, қарт адамдарға қамқорлық көрсету, қыстың қолайсыз ауа райы кезінде ауыл ішін тазалауға техника бөлу сияқты жұмыстардың депутаттардың араласуынсыз өтпейтінін атай кетті. Ауылда көшелердің жолдарын жөндеу жұмыстары біртіндеп қолға алынып отыр, биыл Астана көшесі жөнделсе, алдағы жылдары депутаттық сауал бойынша тағы да көшелер жөнделетін болады деді халық қалаулысы.
Депутаттардың баяндамаларын соң, залда отырғандар түрлі сауалдар қойды. Онда негізінен ауылдағы жолдардың жөнделуі, көшелерді жарықтандыру, қаңғыбас иттерді жою сияқты өзекті мәселелер қамтылды. Бұл сауалдарға депутаттармен бірге ауылдық округ әкімі А.Күдербаев та жауап берді.
Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі Самал Айдарқызының бастауыш партия жұмысын қанағаттанарлық деп бағалау жөніндегі ұсынысын партия мүшелері бірауыздан қолдады.
Жиын соңында тізім бойынша аудандық партия конференциясына делегаттар сайланды.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
           

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз