Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл өткен сайын сиреп келеді. Бүгінгі ұрпақ арамызда қалған ардагерлерге құрмет көр-сетуде аянып қалған жоқ. Өйткені, олар адамзаттың жер бетінде бейбіт өмір сүруі жолында сұрапыл соғыстың от аузынан оралып, біздің бақытты өміріміз жолында жастық шақтарын қиған. Сол үшін де Екінші Дүниежүзілік соғыстың Даңқты Батырларына деген құрметімізді көрсетіп үлгеруіміз қажет
Қазан айы қарияларға қамқорлық айы болса, бұл айда біздің ауданның екі бірдей ардагері 90 жасқа толып, мерейтойларын атауда. Бұл айтулы күндер аудан басшылығы тарапынан назардан тыс қалмады.
Үлкенбөкен ауылында тұратын соғыс ардагері Семён Михайлович Винниковты бұл күні балалары мен немерелері ғана емес, аудан басшысы да құттықтады. Аудан әкімі Р.Сағындықов мерейтой иесін құттықтай тұрып, торқалы тойында барлық жақсылық пен зор денсаулық тіледі.
Дәл осы күні Самар ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Мүталәп Ықласов та 90 жасқа толған мерейтойына орай құттықтауды қабыл алды. Рамиль Нығметжанұлы ардагерді құттықтай отырып, оның бүкіл өмір бойы елі үшін атқарған еңбегін де бағалап, әдемі қарттық пен ұзақ ғұмыр тілеп, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Ардагерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.


Жыл сайынғы дәстүрлі қазан айындағы қарт-тар күні мерекесі, қайырымдылық айлығымен тұспа-тұс келетіні рас. Бұл күні біз қарттарымызды ардақтап, құрметтеп үлкен сүйіспеншілікке бө-лейміз. Осыған орай, Самар ауылдық округі аппаратының ұйымдастыруымен салтанатты жиын және мерекелік концерт болды. Осы күні ауыл қарттарына Самар ауылдық округі әкімінің орынбасары Г.Мәжібаева, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Н.Шалова, Самар бастауыш мектебінің ағылшын пәні мұғалімі Н.Шубарова жылы лебіздерін білдірді.
Аудан басшылығына ризалықтарын білдіре отырып, қарт жауынгерлер елімізде, жер бетінде бейбітшілік болсын деп тіледі.
Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз