Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазан айы тек қана қайырымдылық айы емес. Ол 1 қазан –Қарттар күнінен басталатын жылы кездесулер мен қауышулар, ыстық ықыластар мен бата тілектерге толы ай.
Бұл күні Самар өңіріндегі ортамызда аман жүрген үш соғыс ардагері П.А.Балахонов, М.Ықласов және В.С.Федосоваға аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Әкімова аудан әкімінің атынан ыстық ықыласы мен бағалы сыйлықтарды табыс етті. Сарыбел ауылында тұратын соғыс ардагері П.Балахонов аудан әкімінің жыл сайын осы мерекеде қалдырмай құттықтайтынына алғысын айта отырып, еңбегіне табыс және денсаулық тіледі.


Мүтәлап ата мен Валентина Степановна Алмагүл Жанахмет-қызына және Самар ауылдық округінің әкіміне ақ баталарын беріп, көрсеткен құрметтері үшін алғыс айтты. «Бізге қазір сыйлықтан гөрі сіздердің ыстық ілтипаттарыңыз қымбат. Ешқашанда назардан тыс қалдырмайтындарыңыз үшін шексіз алғыс айтамыз. Бейбіт күн тілейміз», - дейді ақ ниетті ардагерлер.
Сіздер аман болыңыздар, қымбатты ардагерлер! Ұрпақтарыңыз сіздердің қажырлы еңбектеріңізді ешқашанда жадынан шығармайды.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз