Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ана – ардақты ұғым. Адам бойындағы ізгілік атаулы ананың ақ сүтімен дариды. Бүгінгі шыққан биігіміз бен баянды бақытымыз да ананың ақ тілегінде жатыр.
Аналар мерекесі жыл құсындай біздерге көктем мерекесімен қайтып оралды. Адамзаттың ардақтысы, тіршіліктің тұтқасы әйелдер күніне арналған салтанатты жиын Көкпекті ауылы Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өтті. Көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі де шуағын шаша келді. Табиғат ана мейірін төге түскен. Осының барлығын жаңарудың басы деп жақсы ырымға балауда. Салтанатты мерекеге жиналған халық залға лық толды. Сахна шымылдығы ашылып, мерекелік әуен ойналған соң, айдындағы аққулар іспеттес болып, аудандық өнер мектебінің биші қыздары «Шашу» биін билеп жұртшылықтың назарын өздеріне аударды.

Мерекенің ашылу салтанатында аудан әкімі Р.Н.Сағандықов көктемнің алғашқы лебімен жеткен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен ардақты аналарды, ауданымыздың түрлі салаларында еңбек етіп жүрген аяулы аналар мен қымбатты қыз-келіншектерді құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады. Құттықтау сөзден кейін ауданымыздың дамуына ерекше үлес қосып жүрген аяулы аналар мен қыздарымыз, ақ жаулықты әжелерімізді мекеме басшылары осы жиында марапаттады. Атап айтсақ, Үлгімалшы ауылдық округінің кітапханашысы Ф.Байтұманова, аудандық пошта саласында көп жылдар еңбек етіп жүрген Т.Кэллер және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтің ардагер кеңесінің төрайымы Т.Шнайдер марапатталды. Сонымен қатар, аудан әкімі Таисия Васильевнаны 65 жасқа толған мерейтойымен де құттықтап өтті. Аудан әкімінің марапаттауына біздің ауданымыздағы спорт саласына үлесін қосып жүрген Қ.Раев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Дарья Кондрашина да ие болды. Сондай-ақ, мерекелік концерт барысында аудан әкімінің атынан гүл шоқтары залда отырған қыз-келіншектерге таратылып, мәдениет үйінің әншілері мен «Балалар өнер мектебінің» өнерпаздары өз өнерлерін паш етті. Мереке барысында әр мекеме басшысы өз ұжымында көп жылдар еңбек етіп жүрген әріптестеріне мақтау грамоталары мен бағалы сыйлықтар ұсынды. Көкпекті орта мектебінің ұжымы атынан аталмыш мекемеде ұзақ жылдар еңбек еткен С.Бекова, аудандық «Жұлдыз» -«Новая жизнь» газетінің тілшісі Б.Мүлікова, Ж.Шайжүнісов орта мектебінен Д.Байсеңгірова, аудандық ТҮКШ басшысының орынбасары еңбек ардагері Раиса Абдрахманқызына марапаттаулар жасалды. Сондай-ақ, аяулы аналарға арнап аудандық соттың төрағасы Ә.Бақытбекұлы, Қорғаныс бөлімінің басшысы Р.Абдрахманов, аудандық аумақтық инспекция басшысы Е.Сәрсенбаев, жастар атынан Ю.Шаров ыстық тілектер арнады. Құшақты гүлге толтырып, көңілді шуақты нұрға бөлеген салтанатты шара асыл аналарға рухани ләззат сыйлады десек артық емес.
Түйін: Әйел-аналар тек отбасының ардақтысы ғана емес, қоғамның барлық саласын бағындыра білген істің иесі, еңбегімен өзгеге үлгі, өмірге ұрпақ әкеліп оның бойына тек жақсылықтың, ізгіліктің нәрін сіңіріп, тәрбие берген ұлағаттың иесі. Сол себепті ананың аялы алақаны мен мейірімге толы шапағатын құдіретті деп бағалайтын ұлағатты елдің ұрпақтары аналарға деген шексіз құрметті заманға лайық одан әрі жалғастыра түседі деген үміттеміз.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз