Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында. Десек те, қалада үй салатын, ауылда мал...
В районном центре устанавливаются современные автобусные остановки.
Көкпекті ауылындағы тұрғындар көптен күткен жол жөндеу жұмыстары бас-талды. Бұл - өңірдің...
В Кокпектинской районной больнице продолжается ремонт фасада и реконструкция входной группы...
Көкпекті ауданында дәстүрлі садақ ату спорты жаңа белеске шықты. Ауданда екінші рет облыстық...
Көкпекті ауданында дәстүрлі садақ ату спорты жаңа белеске шықты. Ауданда екінші рет облыстық деңгейде өткен ашық турнир шынайы бәсекенің алаңына айнала білді. 21 мамыр күні Көкпекті аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде дәстүрлі садақ атудан жастар мен ересектер арасындағы облыстық ашық жарыс талай мықты мергеннің басын қосты. Жарысқа Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 7 команда қатысты.
Атап айтсақ, Семей қаласы «Алаш мергендері», "Өскемен қаласы садақшылары" командасы, Аягөз ауданы мергендері, Риддер қаласының садақшылары, дәстүрлі садақ атудан "Жезкент" құрамасы, Зайсан ауданы садақшыларының құрамасы және Көкпекті ауданы «BAIBURA» садақ ату орталығы командасы жүлделерді өзара сарапқа салды. Жарысқа қатысқан мергендердің жалпы саны - 56 адам. Ерлер категориясында - 42 садақшы, қыздар категориясында - 14. Көкпекті ауданында дәстүрлі садақ ату спортын жоғары бағалайтын жандардың қатары барынша молайып қалғаны білінеді. Көкпекті ауданынан бұл сайысқа 14 адам қатысты.
Садақшыларымызға аудан әкімінің атынан тілек айтуға келген Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Танысбаев Аслан Балабекұлы құттықтау сөзін айтты. Сондай-ақ, құрметті қонағымыз, Абай облысы дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті Әділет Исмурзинге арнайы сөз берілді. Спортшыларды қолдауға аудан әкімінің орынбасары Ләззат Бауыржанқызы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы, мәслихат депутаттары, біршама білім мекемелерінің басшылары және спорт ардагерлері келді. Игі жақсылардың атынан аудандық мәслихат төрағасы Талғат Манапұлы сөз сөйлеп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы жарысқа қатысушыларға ақ батасын берді. Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары жарыстың көркін ашып, әннен шашу шашты.
Дәстүрлі садақ атудан жастар және ересектер арасында облыстық ашық жарыс биыл дәстүрлі түрде екінші рет өтіп отыр. Биылғы жарыстың деңгейі ұлғайғаны байқалады. Осынау сайыстың өтуіне мұрындық болған Көкпекті аудандық әкімдігінің аппарат басшысы - Дархан Бердібек. Дархан Бердібек құттықтау сөзінде: «Құрметті қонақтар, қатысушылар және садақ ату өнерінің жанашырлары! Бүгінгі күн - бабалар аманатын ардақтап, ұлттың рухын ұлықтайтын ерекше күн. Сіздерді дәстүрлі садақ ату жарысының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Садақ ату – бұл жай ғана спорт емес, бұл – ерліктің, ептіліктің, зерделіктің белгісі. Ата-бабаларымыздың жауынгерлік өнері мен мергендік мұрасын жаңғыртып, жастардың бойына ұлттық рух пен намыс дарытатын игі шараға айналып отыр. Жарысқа қатысушы барлық мергендерге әділ сын, сәттілік және жоғары нәтиже тілеймін! Бұл дода тек шеберлік пен мықтылықты ғана емес, салт-дәстүрге деген құрметімізді де паш етсін! Ұлттық рухымыз асқақтап, мергендеріміздің мерейі үстем болсын!»-деп ақ тілегін арнады.
Сайыстың жүйелі өтуі үшін қос төреші сайланды. Қыздар арасындағы сайыстың бас төрешісі – Елдос Төкенов. Ерлер арасындағы сайыстың бас төрешісі – Бибати Тұрымтайқызы.
Тартысты бәсеке нәтижесінде қыздар арасында 3-орынды Зайсан ауданының мергені Бақытбергенова Динара, 2-орынды Зайсан ауданынан келген Гүлжан Мұратханова, 1-орынды Жезкент қаласынан келген Қанапьянова Құндыз жеңіп алса, ерлер арасында 3-орынды Өскемен қаласынан келген мерген Наурызхан Нұрболат, 2-орынды Семей қаласының спортшысы Әділет Исмурзин, 1-орынды Өскемен қаласынан келген Бақытбек Кабдоллаев ұтып алды. Жүлдегерлерге мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің демеушілігімен 3-орынға 30 000 теңге, 2-орынға 50 000 теңге, 1-орынға 100 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды.
Қазіргі таңда Көкпекті аудандық «BAIBURA» садақ ату орталығы командасының 4 мүшесі республикалық чемпионатқа дайындық үстінде. Ол чемпионат Тараз және Орал қалаларында өтпек. Ал 4 оқушы балалар арасында Петропавл қаласында өтетін республикалық чемпионатқа қатысады. Мергендерімізге сәттілік тілейміз!
Фархат Маратұлы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.