В Кокпектинском районе ведется строительство  водопроводных сетей

В Кокпектинском районе ведется строительство водопроводных сетей

  В рамках национального проекта «Сильные регионы - драйвер развития страны» ведется...

Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

«Eastern Gold» ЖШС мен «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ Абай облысының Көкпекті ауданында доре...

«БАТЫР БАБАЛАР ЖОЛЫМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

«БАТЫР БАБАЛАР ЖОЛЫМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Биыл Абай облысында баламасы жоқ ерекше тарихи-танымдық экспедиция өтті. «Батыр бабалар...

Республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «ОРМАН»

Республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «ОРМАН»

 9 июля 2024 года  в здании  акимата  Кокпектинского  сельского округа в рамках ОПМ "Орман" ,...

Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

Абай облысы, Ақсуат ауданында 2024 жылдың 20 шілдесінде қазақ күресінен«ASSYL ARLAN» атты...

  • В Кокпектинском районе ведется строительство  водопроводных сетей

    В Кокпектинском районе ведется строительство водопроводных сетей

    22.07.2024 04:46
  • Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

    Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

    22.07.2024 04:38
  • «БАТЫР БАБАЛАР ЖОЛЫМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

    «БАТЫР БАБАЛАР ЖОЛЫМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

    17.07.2024 05:49
  • Республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «ОРМАН»

    Республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «ОРМАН»

    10.07.2024 04:29
  • Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

    Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

    20.06.2024 07:33

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Елге ел қосылса – құт» дейді халқымыз. Ұлы Абай, дана Шәкәрім, заңғар Мұхтар дүниеге келген, Алаштың айбоз ұлдары ту қадаған ұлағатты өлке Семейдің өз алдына отау тігіп, ірге бекіткеніне екі жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған облыста осы уақыт аралығында нендей жұмыстар атқарылды? Өңірдегі өзекті мәселелер қалай шешімін тауып жатыр? Алдағы жоба-жоспарлар қандай? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев газетіміздің тілшісіне арнайы сұхбат берді.

 

45 шақырым жылу желісі жаңғыртылды

– Нұрлан Телманұлы, Абай облысы құрылған күннен бастап атқарылған шаруалардың дені жоспарларды орындау мен мақсат-мұраттарды айқындауға кеткені анық. Сөзімізді ел Президенті жүктеген өңірді дамытуға бағытталған жоспарлар мен тапсырмалардың орындалуынан бастасақ.

– Семей облысы 1997 жылы мамыр айында тараған болатын. Облыс өз мәртебесінен айырылған ширек ғасырда өңірде әр салада мәселелер қордаланып қалған еді. Мемлекет басшысы 2022 жылы Семейге келгенде аймақтағы ең өзекті мәселелерге тоқталып, алдымызға үлкен міндет қойды. Облыстың келешектегі даму бағытын айқындап берді. Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін 2023 жылы Үкіметте Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді. Маңызды құжат шеңберінде 2023-2027 жылдары жалпы сомасы 1,9 трлн теңгеге 9 негізгі бағыттағы 102 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Мәселен, өткен жылы 20 миллиард теңгенің үш жобасы іске асып, 700-ге жуық жұмыс орны құрылды. Берікқара кен орнында кен өндіру және мыс өңдеу зауыты жұмысын бастады. Жалпы, екі жылда облыс экономикасына шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылды. Үш мыңнан астам шағын және орта бизнес нысандары ашылды. Өңірге инвестиция тарту үшін көрші Қытай елімен ынтымақтастық байланыс орнады. Бұған дейін Абай облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында бірқатар бірлескен іс-шара өткізілді. Шекаралас өңірді жан-жақты дамытуға бағытталған уағдаластықтарға қол жеткізілді. Жуықта Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен жылдық қуаты 300 мың тонна болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойылды. Бұл кәсіпорын Аягөз ауданының Ақтоғай кентінің маңында салынады.

 

– Өңірдегі ең үлкен мәселенің бірі – жылу. Семей тұрғындары ала жаздай ыстық сусыз отырады. Бұл мәселе қалай шешімін тауып жатыр?

– Өңірдің инфрақұрылым саласында мәселе көп. Тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 401 шақырым. Желілердің орташа тозуы 64,2 пайызды құрайды. Яғни 257 шақырымы жаңартуды қажет етеді. Семей қаласындағы жылу желілерінің ұзақтығы – 325 шақырым, тозуы –­  66 пайыз. Әсіресе шаһардың оң жағалауына сағатына 147 Гкал жылу жетіспейді. Жылу тапшылығын жою үшін «Ғаббасов» және «Орталық» жылу орталықтарына жаңа қазандықтар қойылды. Өткен жылы жалпы сомасы 24 млрд теңгеге өңірдегі 45 шақырым жылу желісі жаңғыртылды. 20 жылу қазандығы жөнделді. Осы жұмыстың нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 70,5 пайыздан 64,2 пайызға дейін төмендеді. Биыл 37,9 шақырым желіні жаңғыртуға, 11 жылу қазандығын жөндеуге 10 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Осы жұмыстар аяқталса, жылу желілерінің тозуын 56 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік туады. Әрине, мұнымен мәселенің толық шешілмейтіні анық. Қалаға үлкен жылу орталығы керек.

 

– «Қалаға үлкен жылу орталығы керек» деп қалдыңыз. Білуімізше, үшінші жылу электр орталығын салатын компания да белгілі болған секілді.

– Облыс мәртебесін алғаннан кейін Семейде құрылыс қарқыны артты. Қаланың оң жағалауында жылу жетіспегендіктен, үлкен құрылыстың дені сол жағалауда жүргізіліп жатыр. Семейге үлкен жылу орталығын салу – көптен айтылып жүрген мәселе. Бүгінгі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жуырда біз ресейлік «Интер РАО-Экспорт» компаниясы өкілдерімен кездесіп, жобаны іске асыру жолдарын талқыладық. Негізгі жабдықтың қуаты, орналасуы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы және ЖЭО-3 құрылысының мерзімі алдын ала анықталды. Облыс әкімдігі тарапынан техникалық параметрлер туралы ұсынысымызды айттық. Оған сәйкес жаңа ЖЭО-ның электр және жылу қуаты 360 МВт және 1200 Гкал/сағ құрауға тиіс. Бұған дейін құрылыс алаңы ретінде қаланың сол жағалауындағы Степной кенті аумағындағы ауданы шамамен 60 гектар жер учаскесі бекітілген болатын.

 

Аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізіледі

 

– Облыстағы маңызы бар қалалар мен аудандардың арасын байланыстыратын күре жолдардың күрмеуі әлі толық шешілмей келеді. Семей мен Үржар, Ақсуат аудандарының арасын жалғайтын жолдардың аяқталуын халық тағатсыздана күтіп жүр.

– Сіздің айтып отырғаныңыз, «Қалбатау – Майқапшағай», «Талдықорған – Өскемен» жолдары ғой. Бұл екі күре жол да республикалық маңыздағы жолдар саналады. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына қарайды. Олардың берген мәліметінше, «Талдықорған –­ Өскемен» бағытындағы жол жыл соңына дейін аяқталады.

Өткен жылы аймақтағы күре жолдарды жаңартуға 25 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 363 шақырым жол ретке келтірілді. Туристік орындар да назардан тыс қалған жоқ. Абай ауданындағы Ақшоқы (Құнанбай әулетінің қорымы) мен Қоңыр әулие үңгіріне баратын жолдар біршама жақсарып қалды. Биыл облысымыздағы елді мекендердің жолдары мен көшелерін орташа жөндеу көзделген. Шамамен 320 шақырым жол жаңғыртылады. «Аягөз – Қарауыл – Қайнар», «Шар – Әуезов», «Воскресеновка – Петропавловка – Шелехово – Дмитриевка», «Көкпекті – Самар» бағытындағы 75 шақырым жолға асфальт төселеді. Бұлар облыстық маңызы бар жолдар. Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Мақаншы, Үржар аудандарындағы 150 шақырымға жуық жол жаңа кейіпке енеді.

Өткен жылы Семейдегі көшелердің жолын жөндеуге баса мән бердік. Ұзындығы 50 шақырым болатын 56 көшенің жолы асфальтталды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Қалада жалпы ұзындығы 756 шақырым 1 179 көше бар. Соның 703-і, яғни 450 шақырымы жөндеуді қажет етеді. Халық әр кездесуде осы мәселені көтереді. Сондықтан бұл тараптағы жұмыс жыл сайын жүйелі түрде жалғасады. 2024 жылы қаладағы 40 көшенің жолын ретке келтіруді жоспарлап отырмыз. Жұмыс жүріп жатыр.

 

– Облыс құрылғалы бері облыс орталығындағы көлік қатынасы үлкен мәселе туғызып келе жатқаны белгілі. Семей қаласындағы даңғылдар мен үлкен көшелерді ретке келтіру, жалпы айтқанда, қаладағы кептеліс мәселесі қалай шешім табады?

– Абай облысы логистикалық тұрғыдан қолайлы жерде орналасқан. Бұл көршілес өңірлер және Қытай, Ресей елдері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді. Өңірдің логистикалық әлеуетін нығайту үшін тиісті көлік инфрақұрылымын құру қажет. «Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады. Өңірде «құрғақ порт», «логистикалық парк» салып, көлік дәлізін дамыту аса маңызды. Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет», деп тапсырған болатын Мемлекет басшысы.

Өткен жылдың соңында ұзындығы 270 шақырымнан асатын «Бақты – Аягөз» бағытындағы жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Жаңа желіні салу барысында Қытаймен «Бақты – Шәуешек» үшінші шекара өткелін ашу жоспарланып отыр. Ауқымды жоба жеке инвестордың қатысуымен жүзеге асырылады. Құрылыс барысында 11 станса, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі салынады.

Семейдегі көпірлерге келсек, жұрт «жаңа көпір» деп атайтын аспалы көпір 2000 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрген жоқ. Қаланың символына айналған нысанды жапон мамандары келіп, көріп, жай-күйін бағалап кетті. Көпірдің асфальт төсеміне жыл сайын ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Көлік өткеліне күрделі жөндеу жасау үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр.

2022 жылы қаладағы автогуж көпірінің жанынан жаңа көпірдің құрылысы басталды. Ұзындығы 810 метр болатын, төрт жолақты көлік өткелі салынады. Ал ескі көпір жаяу жүргіншілерге қызмет көрсетеді. Рас, облыс болғаннан кейін қалада тіршілік жанданды. Көлік көбейді. Көлік саны артқан соң, кептеліс те көбейді. Жаңа көпір салынса, шаһардағы көлік қозғалысы біршама жеңілдейді.

 

– Абай облысындағы ауылдарға қалай көңіл бөлініп жатыр?

– Президенттің бастамасымен облысымызда Жаңа Семей мен Мақаншы аудандары құрылды. Бұл ауылға, сондағы халыққа үлкен қолдау, қамқорлық деп ойлаймын. Екі ауданның да аграрлық, туристік әлеуеті зор. Ауылды қолдау жайына келсек, тек өткен жылы елді мекендерді дамытуға 35 миллиард теңге бөлінді. Жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылып, бірнеше ауылға ауызсу тартылды. Жалпы, қазір облыста ауызсу тарту бойынша 46 жоба іске асырылуда. Ауыл халқының денсаулығы да әрдайым назарымызда. Был­тыр Үржар ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. Тұрғындардың тілегін ескере отырып екі ауданда гемодиализ орталығы ашылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 65 алғашқы медициналық нысан салу жоспарланып отыр.

 

11 жаңа мектеп салынады

 

– Семей 25 жыл бойы облыстағы маңызы бар қала ретінде болғаны рас. Осы уақыт аралығында қордаланған мәселелер де жетеді. Солардың бірі – халықты баспанамен қамту. Қазір жаңа тұрғын-үй кешендерінің салыну қарқыны жақсы. Облыс құрылғалы бері баспаналы болып қуанғандардың қарасы қаншалықты қалың?

– Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2022-2023 жылдары өңірімізде 700 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінде облыс бойынша 20 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Оның 14 мыңы Семейге тиесілі. 2023 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың қаңтарына дейін кезекте тұрғандар саны 880 адамға өсіпті. Демек ай сайын орташа есеппен 73 адам тұрғын үйге кезекке тұрады. Өткен жылы облыстың мемлекеттік тұрғын үй қорынан 695 баспана берілді. Биыл бюджет қаражаты есебінен Семей мен Аягөз қалаларында жалпы ауданы 119,3 мың шаршы метрді құрайтын 23 көпқабатты несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Облыс орталығындағы жастарды баспанамен қамту мақсатында «Абай жастары» бағдарламасы іске қосылды. Былтыр бағдарламаға қалалық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 40 жас отбасы баспаналы болды. 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары мен кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға 211 пәтер берілді. Ағымдағы жылы 80-ге жуық адам қоныс тойын тойлады. Жалпы, облыста жыл соңына дейін 600-ден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарда бар. Бүгінде Семейде 21 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы басталды.

 

– Білім, ғылымға құштар жас жеткіншектерге бағытталған қандай ауқымды дүниелер бар? Білім беру саласындағы өзгерістерге тоқталсаңыз.

– Білім саласында өзгеріс болуы үшін, сапа болуы үшін ең әуелі тиісті жағдай жасалуы керек. Егер біздің балаларымыз тар мектепте қысылып-қымтырылып оқыса, сапалы білім, саналы тәрбие ала ма? Бүгінде облысымыздағы білім ошақтарында 9 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Бұл – үлкен мәселе. Осы мәселені шешу үшін өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 700 орындық 11 жаңа мектеп салынады. 2023 жылы аймақта 5 мектептің құрылысы басталды. Семейдегі екі мектепті күзге дейін аяқтау жоспарланып отыр. Үлкен мектептерден бөлек Жарма, Үржар, Бесқарағай аудандарында 510 орындық 6 шағын жинақты мектеп бой көтереді. Облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес 6 мектептің жанынан қосымша ғимарат салу жоспарланған. Соның екеуінің құрылысы басталып кетті. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2027 жылға дейін 2 100 орындық 9 балабақша салу жоспарда бар. Облыстық білім басқармасы Семейдің Қарағайлы шағын ауданына 320 орындық 2 балабақша салу үшін жеке инвесторларды тарту жұмысы жүріп жатыр.

Өткен жылы облыста жаңа форматтағы екі жаңа мектеп ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шәкәрім атындағы университет базасында «Shakarim High Schoоl», Ә. Бөкейхан атындағы университет базасында 10, 11-сынып бағдарламалары бойынша «Abay IT-School» инновациялық мектептер жұмысын бастады.

Семейдегі «Қарағайлы» шағын ауданында креативті индустрия паркі ашылды. Мұнда облыстың кез келген тұрғыны өзінің креативті идеясын жүзеге асыра алады. Биыл Семейде 500 орындық көпфункционалды орталықтың құрылысы басталды. Үш қабатты нысанда бассейн, фитнес, жекпе-жек залы, нейроробот техникасы, бағдарламалау кабинеттері мен кітапхана болады. Облыс орталығында 51 мың оқушы бар. Соның 11 мыңнан астамы әртүрлі үйірмеге қатысады.

 

Бас жоспар аяқталуға жақын

– Қаланың бас жоспары көпшілік талқысына ұсынылды. Алда ұсыныстарды қабылдап, бекіту, Мемлекет басшысына таныстыру жұмысы тұр. Семейдің бас жоспарының ерекшелігі мен халыққа тиімді жағы қандай?

– Семейдің бас жоспарын әзірлеу – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Қаланың 2040 жылға дейінгі бас жоспары әзірлену үстінде. Аяқталуға жақын деуге де болады. Маңызды құжаттың жобасын жұртшылыққа таныстырдық. Айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, жоспарға тиісті өзгерістер енгізілді. Қазір тиісті министрліктермен жұмыс істеп жатырмыз. Жоба кешенді мемлекеттік сараптамадан өтеді. Бұл жұмыстар аяқталған соң бас жоспарды Президент назарына ұсынамыз.

 

– Өңірде тарихи орындар мен киелі жерлер де жетерлік. Облыстың туризм саласын тура жолға қою, жаңа облысқа туристерді тарту жұмысы қандай деңгейде?

– Облысымызда тарихи орындар да, көркімен көз тартатын әдемі жерлер де аз емес. Өткен жылы өңірімізге 333 мың турист келді. Оның 200 мыңға жуығы айдынды Алакөлде демалды. Бүгінде курортты аймақта 435 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. 230 қонақүй бар. 2023 жылы Алакөл жағасындағы кәсіпкерлерден 89,7 миллион теңге салық түсті. 2022 жылы бұл көрсеткіш небәрі 17 миллион теңгені құраған еді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Туристер Алакөлге автобуспен де, пойызбен де, ұшақпен де бара алады. Семейден Үржар ауылына аптасына үш рет ұшақ қатынайды. «Семей – Жалаңашкөл» бағытында күнара пойыз жүреді.

– Өткен жылғы өрт қаншама қарағайлы орманды жайпап кеткенін білеміз. Жасыл желекті қалпына келтіру де оңай шаруа емес. Осы бағытта қолға алынған жұмыстарға тоқталсаңыз. Жалпы, өңірде өртке қарсы күрес күшейтілді ме?

– Аймақта өрттің алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Өрт кезінде жедел әрекет ету үшін елді мекендерде 10 өрт сөндіру бекеті құрылды. Әуеден бақылауды күшейту мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ-пен тікұшақ тарту жөнінде келісімшарт жасалды. Семей қаласындағы әуежай мен Қорғаныс министрлігінің облыстық филиалының авиабазасында су төгетін құрылғылары бар МИ-8 тікұшағы кезекшілік етуде.

«Семей орманы» табиғи резерваты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайды. Өткен жылы «Ақ Ертіс» қоғамдық қоры есебінен 11 өрт сөндіру техникасы мен 363 жабдық сатып алынды. Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен 34 өрт сөндіру техникасы мен 323 жабдық берілді.

Қарағайлы орманды қалпына келтіру үшін облыс әкімдігі Жол картасын әзірледі. Қазір табиғи резерватта өртенген ағаштарды кесу жұмысы жүргізілді. Кесілген ағаштарды тереңдете өңдеу үшін зауыт қажет. Соған жеке инвестор қарастырып жатырмыз. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін «Өндіріс» индустриалды аймағынан жер бөлінді.

– Қазақстанның үш дүркін чемпионы «Елім-ай» футбол клубы бірінші лигадан премьер-лигаға көтерілді. Қайта құрылған «Елім-ай» болашаққа жарқын үмітпен қарайтын балалар мен жасөспірімдерге жалын сыйлағаны ақиқат. Облыс тұрғындарының саламатты өмір салтын қалыптастыру мен спорт саласындағы жаңалықтары қандай?

– Облыста спорт жақсы дамып келе жатыр деп айтуға болады. Спорт нысандары да көбейіп келеді. Былтыр шалғайдағы Ақсуат пен Қайнар ауылдарында дене шынықтыру сауық­тыру кешендері пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 4 ауданда спорт нысандары салынып жатыр.

Кейінгі жылдары Семейде фут­болдың қанат жая бастағаны рас. Бұлай болуы заңды құбылыс деп ойлаймын. Өйткені Семей – қазақ футболының отаны. 1994, 1995, 1998 жылдары Қазақстан чемпионы болған «Елімайдың» облыспен бірге қайта түлеуі өңір тұрғындары үшін көптен күткен жағымды жаңалық болды. Команда премьер-лигада жақсы өнер көрсетіп жүр. Клубтың үйдегі ойындарын өткізу үшін «Спартак» стадионына жөндеу жүргізілді. Семейліктердің футболды сағынып қалғаны байқалады. «Елім-ай» мен «Қайрат» арасындағы ойында стадионға 10 мыңнан астам жанкүйер келді.

Қазақстан футбол федерациясы талабына сәйкес премьер лигаға қатысатын әрбір команда үйдегі матчтарын өткізу үшін кемінде екі мен бірнеше халықаралық деңгейдегі қонақүйге ие болуы міндетті екен. Осыған орай «Елім-ай» ФК өкілдері әлемнің жетекші қонақүй операторларының бірі Accor-мен мәмілеге келіп, меморандумға қол қойылды. Мұнда 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл жоба аймақта туризмнің кең қанат жаюына ықпал етумен қатар жергілікті тұрғындардың еңбекпен қамтылуына жол ашады. Бұдан бөлек, Пищевик стадионының орнында 10 мың көрерменге арналған жаңа заманауи спорт аренасы салынады.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

 

 Әңгімелескен Қуат ҚИЫҚБАЙ,

«Egemen Qazaqstan» газеті

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз