В Кокпектинском районе ведется строительство  водопроводных сетей

В Кокпектинском районе ведется строительство водопроводных сетей

  В рамках национального проекта «Сильные регионы - драйвер развития страны» ведется...

Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

«Eastern Gold» ЖШС мен «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ Абай облысының Көкпекті ауданында доре...

«БАТЫР БАБАЛАР ЖОЛЫМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

«БАТЫР БАБАЛАР ЖОЛЫМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Биыл Абай облысында баламасы жоқ ерекше тарихи-танымдық экспедиция өтті. «Батыр бабалар...

Республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «ОРМАН»

Республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «ОРМАН»

 9 июля 2024 года  в здании  акимата  Кокпектинского  сельского округа в рамках ОПМ "Орман" ,...

Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

Абай облысы, Ақсуат ауданында 2024 жылдың 20 шілдесінде қазақ күресінен«ASSYL ARLAN» атты...

  • В Кокпектинском районе ведется строительство  водопроводных сетей

    В Кокпектинском районе ведется строительство водопроводных сетей

    22.07.2024 04:46
  • Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

    Доре қорытпасын шығаратын зауыт құрылысы басталды

    22.07.2024 04:38
  • «БАТЫР БАБАЛАР ЖОЛЫМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

    «БАТЫР БАБАЛАР ЖОЛЫМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

    17.07.2024 05:49
  • Республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «ОРМАН»

    Республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «ОРМАН»

    10.07.2024 04:29
  • Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

    Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

    20.06.2024 07:33

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданымызда биылғы оқу жылында 11 сыныпты 129 түлек аяқтады. 25 мамыр күні ауданның барлық білім беру мекемелерінде соңғы қоңырау соғылды. Аяулы мектебімен қимай қоштасқан жас түлектер үлкен өмірге нық сеніммен қадам басты.

Біздің ауданда барлығы 18 жалпы білім беретін мектеп бар, онда 2271 бала оқиды.
2023-2024 оқу жылын 11 сыныптың 129 түлегі аяқтады, оның 12-сі "Алтын белгі" төсбелгісінің және 12-сі ерекше үлгідегі аттестат иегерлері атанды. Сондай - ақ биылғы жылы 217 түлек 9 сыныпты бітірді, оның 42-сі ерекше үлгідегі аттестат иегерлері.


Ағымдағы оқу жылы "2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу және білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 304 бұйрығына сәйкес аяқталды.
24 мамыр күні барлық мектептерде "Білімім-Отаныма!" атты 1-10 сынып оқушылары үшін 2023-2024 оқу жылының қорытындысы шығарылды. Ал, 25 мамырда мектептердің 11- сынып түлектеріне арналған "Мектеп, саған мың алғыс!» деген атаумен соңғы қоңырау соғылды. Бұл күні. Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектеп түлектерін салтанатты түрде аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов құттықтады.
- Қымбатты түлектер! Құрметті ата аналар мен ұстаздар!
Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Биылғы жылы елімізде болып жатқан табиғи апатқа байланысты соңғы қоңырау шарасының орнына 1-10 сынып оқушылары үшін “Білімім – Отаныма” атты тақырыпта бірыңғай сынып сағаты, ал мектеп түлектері үшін «Мектебім саған мың алғыс» атты шарасы өткізілуде. Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білемін. Өздеріңіз білетіндей мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев еліміздегі білім беру саласына ерекше назар аударуда. Себебі, болашақ ұрпақ тәрбиесі мен білімі еліміздің алдағы даму бағытының басым бағыттарының бірі. Ауданымызда бүгінгі күні білім беру саласында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Ауданымыздың білім беру мекемелерінде биылғы оқу жылында бірқатар жаңа заманауи кабинет ашылып, мектептердің материалдық базасы жаңартылуда. Алдағы оқу жылында ауданымызда 2 балабақша қолданысқа беріліп, мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл бағытта жұмыстар үздіксіз жалғаса беретін болады.
Құрметті түлектер! Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыздар. Сіздер үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңіздер де туған ауылымыз сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңызды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңызды мақтан етуге тиiссiздер. Қадірліұстаздар! Бүгінгімерекедетүлектергесапалыбілімберіп, өмірлікұстанымдары мен адамгершілікнегіздерінқалыптастырудаадал да, жемістіеңбектеріңізүшінбаршамектепұстаздарынаерекшеалғысымдыайтамын.-деді Марат Қапарұлы.
Сонымен қатар мерекелік шарада қасиетті білім ордасы – Шәкәрім шаңырағы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өту барысында Абай облысының дарынды жас-тарын қолдау мақсатында 200-ден аса «Алтын белгі» иегерлеріне соңғы қоңырау күні үлкен тосынсый жасады. Шәкәрім университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Оразғалиева Арайлым Көкпекті орта мектебінің «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты мерекесіне қатысып, түлектерге жүрекжарды ізгі тілектерін айтып, университет ректоры Д.Орынбековтің атынан құттықтап,«Алтын белгі» төсбелгісінің 12 иегеріне «Шәкәрім білім гранты» сертификаттарын табыс етті. Көкпекті орта мектебінің оқушылары - Ахмерова Дария, Калиякпарова Арна, Смайылова Томирис, Тұрарбекова Динара, Қайырлы Нұрай, Ғафуров Шаухат; Үлкенбөкен орта мектебінен Оразғалиев Жандос, Зейнолла Данияр; Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінен Исаева Аружан; Ж.Шайжүнісоваорта мектебінен Мусенова Арайлым, Мансұр Әділжан, Көкжайық орта мектебінен Қадырова Ақбота «Шәкәрім білім гранты» сертификатына ие болды.
Қорытынды аттестаттау "Орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін үлгерімге ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы негізінде өткізілетін болады.

9 сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар – 2024 жылдың 29 мамырынан 10 маусымға дейін өткізіледі.
29 мамырда эссе түрінде жазбаша емтихан қазақ/орыс тілінен өтеді. 3 маусым математикадан (алгебра) жазбаша емтихан. 6 маусым жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс) орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиетінен өтеді.10 мау-сым - таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика).
ҰБТ-дан басқа 11-сынып түлектері 28 мамыр мен 11 маусым аралығында 5 емтихан тапсырады.
28 мамырда – жазбаша емтихан эссе түрінде қазақ/орыс тілінен өтеді. 31 мамыр– алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан. 4 маусым – Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан. 7 маусым – қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан өтеді.11 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын / француз / неміс), информатика).
06 мамырдан бастап 11-сынып түлектеріне арналған ҰБТ басталады, ол 16 шілдеге дейін жалғасады.
11 – сынып түлектеріне арналған аттес-таттарды тапсыру облыстық басқарма жоспарымен ағымдағы жылдың 13 маусымында өткізіледі.
27 мамыр мен 31 мамыр аралығында барлық мектептерде 1 – 8 және 10 сынып оқушылары үшін "Жазғы мектеп-2024", қыс мезгілінде қатты аязға байланыс-ты сабақтар тоқтатылған өңірлердің білім алушылары үшін орта білім беру ұйымдарының базасында жұмыс істейтін болады. Биылғы жылдың 27 мамырында 5-8 және 10-сынып оқушылары үшін алғаш рет қазақ тілінен емтихан тапсыру басталды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз