ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің жүрегіне гүл егетін бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар. Осы жылы алғаш рет мұғалімдер күні мерекесі 5 қазанда мерекеленді. Осылайша дүниедегі ең асыл, жауапты әрі маңызды мамандық өкілдерін біріктіретін бұл мереке - Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті қаулыны Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған болатын.
Мұғалімдердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара аудандық мәдениет орталығында өткізілді. Аудан көлемінде ұйымдастырған шараға аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев, аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, саналы ғұмырын білім саласына арнап, шәкірттерін білім шыңына бастаған озық ойлы ардагер ұстаздар, мұғалімдер, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары мен тәрбиешілері, қосымша білім беру саласының мамандары қатысты.


Мерекелік шара қонақтары үшін фойе залында мектептердегі өткізілетін ғылыми жобалар, өткен оқу жылындағы оқушылардың білім-ғылым, өнер және спорттағы қол жеткізген жетістіктер көрмесі қойылды. Аудан басшысы көрмені тамашалау барысында балалардың әртүрлі тақырыпта жазылған ғылыми жобаларымен танысып, зейін қойып тыңдады.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара қазақтың үш бәйтерегі аталатын Сәкен, Ілияс, Бейімбек моногымен ашылды. Көкпекті орта мектебі оқушылары үш тілде әдеби-музыкалық монтаж оқып, аудандық оқушылар шығармашылық сарайы тәрбиеленушілерінің орындауында «Болашағы біз елдің» хоры орындалды.
Салтанатты шарада аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы мерекелік лебізін жеткізді. Өз сөзінде барша өңір ұстаздарын құттықтаған аудан әкімі оларға қастерлі қызметіне сәттілік, еңбектеріне табыс тіледі.
- Ардақты білім саласының ардагерлері және құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын.
«Ұстаз – ұлағатты есім». Адам баласын білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адами қасиеттерді шәкірт бо-йына дарытуда адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан. Ауданда білім саласына айрықша көңіл бөлудің нәтижесінде білім мекемелерін көркейту және олардың материалдық-техникалық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға жыл сайын барлық жағдай жасалып келеді. Ауданымызда 25 білім беру мекемелерінде 540 астам ұстаз білім береді. Оның ішінде зерттеуші санатында – 114, сарапшы санатында – 174, модератор санатында – 134 еңбек етеді.
2023 жылы ауданның білім жүйесінің бюджеті 4900,0 теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 35 % артып отыр. Ағымдағы жылы 230 млн.теңгеге 10 білім беру мекемесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта балабақшалардың құрылысы салынып, мектепке дейінгі мекемелерге балалардың баруы мәселесі шешімін табатын болады.
Осы жылдар ішінде мектеп мұғалімдерінің жалақысы өсті. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтерілді.
Биылғы қыркүйек айынан бас-тап мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек ететін педагогтердің жалақысы тағы 30 пайызға өсті. Осының бәрі мемлекетіміздегі білім беру саласына көңіл бөлінуінің арқасында іске асырылып жатқан шаралар деп білеміз. – деді өз құттықтауында Ділдәбек Тәжібайұлы.
Мерекеге арналып ұйымдастырылған салтанатты шарада аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі орасан еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрінің Алғыс хаты, Абай облысы әкімінің Құрмет грамотасы, Абай облысы әкімі аппарат басшысының Алғыс хаты, облыстық білім басқармасының Алғыс хатын құрметпен марапат иелеріне табыстады.
Ұстаздар мерейін үстем еткен кеште аудандық оқушылар шығармашылық сарайының өнерпаздары мен Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет орталығының әншілері сахна төріне көтеріліп, ұстаздар қауымына деген алғысын әнмен білдірді.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөлене беріңіздер. Шығармашылық ізденістеріңіз бен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңіз мерекеге ұласып, мерейлеріңіз үстем болсын.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз