ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Тастекеев Қайрат Құлбайұлы 3 шілде күні Көкпекті ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және тұрғындар қатысты.

 

Кездесу барысында Қайрат Тастекеев жиынға қатысушыларға Парламент Сенатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, жаңадан қабылданған заң жобалары мен өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңға өзгерістер енгізу қарастырылып жатқанын жеткізді. Көкпекті аудандық мәслихат депутаты Дархан Дүйсембаев мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізу барысында мердігер ұйымдар конкурс кезінде жобаны жүзеге асыруға бөлінген қаражат бағасын төмендетудің шекті пайызын міндеттеу қажеттігі туралы ұсыныс енгізді. Сондай-ақ Көкпекті ауданына қатысты бірқатар өзекті мәселелер Сенат депутатына жеткізілді. Мәслихат депутаты Асыл Төлешова халықаралық «Омск-Майқапшағай» автокөлік жолының Қалтабау-Көкпекті арасындағы бөлігін жөндеу жұмыстарын тездетуге ықпал ету туралы халықтың мұң-мұқтажын айтты. Сонымен бірге Асыл Советбекқызы азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты мониторнг топтарының құзыреттілігін арттыру қажеттігін ортаға салды.
Елжанды азамат, белгілі заңгер Қайдар Асқарұлы сенаторға мемлекеттік тіл мәртебесі туралы ойын ашық айтты. Сондай-ақ жергілікті жерлердегі жер комиссияларының жұмысын жетілдіру керек деген ұсынысын жеткізді. Аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Махат Габдуллин халық қалаулысына аурухананы күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаражат бөлінуіне ықпал ету туралы өтінішін білдірді.
- Абай облысынан сайланған Сенат депутаты болған соң бүгінгі күні Көкпекті ауданының халқымен кездесуге арнайы келіп отырмын. Таяуда Сенат қабырғасында «Шет елдерге заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару туралы» заң жобасын қабылдадық. Жемқорлардың 30 жыл бойы жеген ақшалары, зауыттары мен фабрикалары елге қайтарылатын болады. Ол қаражат үй және жол салуға, халықтың әлеуметтік жағдайын түзетуге жұмсалатын болады. Қазіргі кезде депутаттардың барлығы ашық сөйлейді, ашық айтады, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды жазып алдым. Аурухана мәселесі халық үшін өте өзекті. Дәрігерлердің жұмыс істейтін орны таза, жылы, кез келген уақытта ем алушыларға қажетті көмек беруге қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған болуы керек деп ойлаймын. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін әрбір азамат өзінен және отбасынан бастау керек, - деді сенатор Қайрат Тастекеев.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин Сенат депутатына көкпектіліктердің атынан алғыс айтып, жұмысына жеміс тіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз