ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл сайын жоғары деңгейде тойланатын ауыл күнін биғаштықтар биыл да өз биігінде - ат шаптырып, балуандар белдестіріп, жаяу жүгіріс және қол күрес ұйымдастырып, ас беріп атап өтті. 22 маусым күні өткен «Ауыл күні» мерекесін туған жерге деген сүйіспеншілікпен елжанды азаматтар ұйымдастырып берді.

Маусым соңындағы күннің ыстығына қарамастан атшабарға жиналған думаншыл халықтың қарасы қалың болды. Көршілес Тарбағатай және Жарма аудандарынан келген қонақтар жылы лебіз танытып, Көкпекті ауданының алыс-жақын елді-мекендерінен келген жерлестер Биғаштың гүлденуіне тілектес екендіктерін білдіріп жатты. Ауылдың үлкені Жұмағазы ақсақал бата беріп, округ әкімі Дулат Оспанов жүрекжарды құттықтауын жолдады. Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары сазды әуенмен көркемдеп, ауылдың кіші-жасы ұйымшылдықтың ерен үлгісін көрсетті.

Биғаштың брендіне айналып үлгерген «Ауыл күні» осымен 9 жыл аталып өтуде. Қысы қатты, табиғаты қатаң Биғаш, Егінбұлақ, Қарғалы – Комсомолдың ата кәсіп мал шаруашылығымен тіршілік етіп отырған халқы алты ай қыстан қажып шығады жылда. Кей жылдары қыс тіпті қатты болып, тұрғындарға біршама ауыртпалық туғызады. Ежелден еңбекқор халықтың жаз шыға арқасын бір кеңге салатын әдеті. Осы уақытта халықтың көңілін аулап, еңсесін тіктеп берсек деген қамқор ниетпен елжанды азаматтар қолға алған бастама бүгінде Биғаштың брендіне айналды десек артық болмас.
Алматы мен Семейде, еліміздің басқа да қалаларында жүрген Биғаштың тумалары мұрындық болған шара қазіргі уақытта округке қарасты барлық ауылға ортақ мереке дәрежесіне жетті. Той тойлаудан да арыны ойлаған жігіттер биылғы жылы аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының қолдауымен жөнделіп жатқан мектеп спортзалына күрес кілемін сыйға тартпақ. Сондай-ақ, спортзалдың ашылу салтанатына ауқымды жарыс өткізіп, кезінде айдай әлемге танылған Биғаш күрес мектебін жандандырмақ.
Биылғы мерекенің басы-қасында болып, ыстығы мен суығына бірдей шыдап жүрген екі азамат Нұрлан Төлегенов пен Қайырғазы Есімов. Жүрегінде иманы, көңілінде елге деген кіршіксіз махаббаты бар азаматтар «Ауыл күні» аталып келе жатқан алғашқы күннен белсенді ұйымдастырушылар. Жыл сайын мерекенің асқан ұқыптылықпен өтуіне көңіл бөліп, барын салып жүрген жігіттердің еңбегін биыл ерекше атап өтсек ешкім де өкпелей қоймас. Ауыл болып атқаратын бастамаға ерекше ықылас танытқан жандарды да атап өткен жөн. Еңбегімен елге сыйлы болған Қоңысбай атаның ұлағатты есімі биғаштықтардың қашан да жадында. Қоңысбай атаның ұрпақтары бүгінде елімізге танымал болған атпал азаматтар. Туған ауылын, ел-жұртын ешқашан ұмытпайтын ағайынды Қайрат, Дәулет, Қайырлы Көпесовтерге жерлестерінің алғысы шексіз. Қасиетті Рамазан айында арнайы ауыл халқына ауызашар беріп, имандылыққа шақырса «Ауыл күніне» алғашқылардың бірі болып қомақты қаржылай көмек көрсеткен екен.
Туған жерге деген сүйіспеншіліктің ерен үлгісін Байсеңгірова Гүлбаран апамыздан көреміз. Ер-азаматтар бас қосып, атқарылар шаруаны ақылдасып жатқанда Гүлбаран апамыз балаларына батасын беріп, қаржысын ұсыныпты. Осындай абыздары бар елдің жастары да жігерлі, қайратты, елжанды болатыны айқын. Демеушілік көмек көрсеткен Мақсұт Смағұлов, Мұрат Мұхамадиев, Дүйсенбек Көпесов, Серік Смағұлов, Саят Момбаев, Жандарбек Саржанов, Абай Бахтияров, Әділет Қожамбаев, Дамир Геккель, Дархан Бекбосынов, Аслан Таныспаев, Нұржан Смағұлов, Александр Шинтемиров, Ринат Амренов, Нұрлыбек Қырықбаев, Болат Ахметов, Серік Жақсыбаев, Қайрат Рахымбаев, Жұмабек Хабидулин сынды азаматтар.
Жылдағы дәстүр бойынша спорттық шаралар боз кілем үстіндегі белдесулерден басталды. Қазақ күресінен сынға түскен палуандар екі топқа бөлінді. «Түйе палуан» атағын сарапқа салған жігіттердің дәрежесі облыстық деңгейдегі жарыстардан бір кем болмады. Қазақстан чемпионатының 2 бірдей чемпионы, облыстың үздіктері сынға түскен белдесулерде Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік гран-при жүлдегері Өскен Төлеубек төрелік етті. Ақтық сында үлкенбөкендік Дидар Түкішев пен ақсуаттық Нұржан Бекешов кездесті. Қарсы әдісті сәтті қолданған Нұржан Бекешов жарыстың «Түйе палуаны» атанды. Көпшіліктің көңілін аулаған 40 жастан асқан палуандар арасындағы күрес болды. Бұл жерде де ақсуаттық күрес шебері үстемдік танытты. Кіндіктінің марғасқасы Дәурен Айтқазин қарсы келген қарсыластың барлығынан айласып асырып кетті.
Қол күресіне тассайлық Берік Қаденовке тең келер жігіт болмады. Жаяу жарыста ерлер арасында Комсомолдың тумасы Рүстем Аринов бірінші болып мәре сызығын кесті. Футбол жарысының қызығы күн еңкейіп ұясына батқанша тарқамады. Финалдық ойында Көкпекті және Егінбұлақ спортшылары кездесті. Құрамасы шебер ойыншылардан жасақталған көкпектіліктер айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ақшалай сыйлыққа ие болды. Егінбұлақ құрамасы 2-ші және Кіндікті құрамасы 3-ші орындарды олжалады.
Тай жарысында Ақсуаттан келген жиренқасқа алдына қара салмады. 15 шақырымға созылған топ бәйгеде бастаушылық Ришат Құдайбергеновтың аты оза шапты. Бас бәйгесіне жылқы тігілген 25 шақырымдық аламан бәйгеге 20-дан астам жүйрік қосылды. Көкпекті, Тарбағатай және Жарманың аузымен құс тістеген кіл жүйріктері даяшы белгі берісімен дала төсін дүбірге бөледі. Атақты атбегі Сайранбек Жалдыбаевтың торы тұлпары соңғы айналымда бабының келіскенін көрсетіп, мәре сызығын жеке кесті.
Кәрібай ақын «Биғаш сазым» деп жырлаған ауыл аштықтан, репрессиядан, Ұлы Отан соғысынан қабырғасы қайысса да, омыртқасы сынбай аман өтіп, тоқсаныншы жылдардың тоқырауын артқа тастап, Тәуелсіздікке жетіп, бүгін міне іргелі елге айналып, «Ауыл күнін» тойлап өтті. Кешке таман «Ауыл күні» мерекесі аяқталып, қонақтар мен ауыл тұрғындары тарқаса бастады. Еспеден көтерілген күн Баймырзаға, Қойқоздатқанның саласын, Кіндіктінің жағасын, жағалай қонған елдің бірлігі жарасқан қауымын қимай-қимай әрең батып бара жатқандай әсер қалдырды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз