СӘБИЛЕРДІ СҮЙЕТІН ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕР

СӘБИЛЕРДІ СҮЙЕТІН ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕР

Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да дәрiгер үшiн құны көктиын. Дәрiгерге ең...

ҚАЛБАДАН ТАРБАҒАТАЙҒА ТАЛМАЙ ШАПҚАН «ҚЫЗКҮРЕҢ»

ҚАЛБАДАН ТАРБАҒАТАЙҒА ТАЛМАЙ ШАПҚАН «ҚЫЗКҮРЕҢ»

Шығыстың тарихқа толы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық...

СОСТОЯЛАСЬ ЦЕРЕМОНИЯ ОФИЦИАЛЬНОГО ВСТУПЛЕНИЯ  КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ДОЛЖНОСТЬ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

СОСТОЯЛАСЬ ЦЕРЕМОНИЯ ОФИЦИАЛЬНОГО ВСТУПЛЕНИЯ КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ДОЛЖНОСТЬ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Во Дворце Независимости состоялась торжественная церемония официального вступления Касым-Жомарта...

СИМВОЛЫ КАЗАХСТАНА - ИСТОРИЯ СТРАНЫ

СИМВОЛЫ КАЗАХСТАНА - ИСТОРИЯ СТРАНЫ

4 июня страна отметила День Государственных символов Республики Казахстан.  Для нас это...

  • СӘБИЛЕРДІ СҮЙЕТІН ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕР

    СӘБИЛЕРДІ СҮЙЕТІН ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕР

    20.06.2019 04:05
  • ҚАЛБАДАН ТАРБАҒАТАЙҒА ТАЛМАЙ ШАПҚАН «ҚЫЗКҮРЕҢ»

    ҚАЛБАДАН ТАРБАҒАТАЙҒА ТАЛМАЙ ШАПҚАН «ҚЫЗКҮРЕҢ»

    18.06.2019 05:25
  • БИҒАШТАҒЫ АУЫЛ КҮНІ

    БИҒАШТАҒЫ АУЫЛ КҮНІ

    15.06.2019 04:34
  • СОСТОЯЛАСЬ ЦЕРЕМОНИЯ ОФИЦИАЛЬНОГО ВСТУПЛЕНИЯ  КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ДОЛЖНОСТЬ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    СОСТОЯЛАСЬ ЦЕРЕМОНИЯ ОФИЦИАЛЬНОГО ВСТУПЛЕНИЯ КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ДОЛЖНОСТЬ ПРЕЗИДЕНТА...

    15.06.2019 04:29
  • СИМВОЛЫ КАЗАХСТАНА - ИСТОРИЯ СТРАНЫ

    СИМВОЛЫ КАЗАХСТАНА - ИСТОРИЯ СТРАНЫ

    12.06.2019 03:21

Хамит Тоқтамысов қабіріне құлпытас қойылды. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні биыл Шығыс Қазақстанда кең көлемде атап өтілді. Атаулы дата өңірдің аудандарында да ескерусіз қалған жоқ. Көкпекті ауданында Алашорда автономиялы үкіметінің әскери қайраткері, Алаш әскерін дайындау мен жасақтауға зор үлес қосқан, Семейде қазақтың І атты әскер полкын құрған, Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермековпен бірге Сібір үкіметімен келіссөз жүргізуге белсене қатысқан Хамит Тоқтамысовтың (құжаттарда Х.Тохтамышев деп көрсетіледі) қабіріне ескерткіш-белгі қойылып, құран бағышталды. Жұрты үшін істеген жақсылығы көп болса да, бүгінде есімі ел жадынан өше бастаған қазақтың қайраткер ұлына арналған құлпытас көкпектілік азаматтардың бас болуымен тұлға қапыда қаза тапқаннан кейін тұп-тура 99 жылдан кейін орнатылып отыр. ХХ ғасыр басындағы алағай-бұлағай кезеңде қызылдардың қолынан оққа ұшқан оғланның жатқан жері ат төбеліндей жұртқа мәлім болса да, көп уақыт еш белгі соғылмай, елеусіз, ескерусіз қалып келген еді. Белгілі айтыскер ақын, шежіреші Қалихан Алтынбаев 2002 жылы шыққан «Көкпекті» атты кітабында: «...Мамыр айының бір кешінде барлығын Көкпектіден 4 шақырым жердегі «Қара кезең» зиратына бастап апарады. Сол жерде өздеріне ор қаздырады. Қоштасуға берілген 10 минут аяқталысымен жендеттер мылтықтарының шаппаларын қайыра бастайды. Хамиттің орыс әйелі бес-алты жасар қызымен ордың сыртына қарғып шығады. Ал орыс офицерінің келіншегі «Мен Николаймен бірге өмір сүрдім, бірге өлемін» деп күйеуінің мойнынан құшақтап айрылмайды. Ақыры әйел де қоса атылып кеткен. Революция заңы романтикаға қарасын ба? Сөйтіп барлығы батар күнмен бірге батты. Өліктерді көметін күні Көкпектідегі татардың бір топ беделді ақсақалдары штабтан 6 мұсылманның мүрделерін сұрап алады. Оларды өзен сыртындағы татарлар зиратына жерлеген. Хамит Тоқтамысовтың бейнесі үстіндегі әскери формалық киімімен Дәуіт хазіреттің аяқ жағына көміліпті», – дей келе 1920 жылы серіктерімен және жұбайы, баласымен бірге Қытай аспақ болған Хамит Тоқтамысовтың қызылдардың құрығына қалай түсіп, қандай азап кешкенін, жер қойнына қалай тапсырылғанын тәптіштеп жазған болатын. Осы жерде «Дәуіт хазіреттің аяқ жағына көміліпті» деген қысқа сөйлемге назарларыңызды аударғымыз келеді. Өйткені, Хамит Тоқтамысовтың жатқан жері 100 жылға жуық уақыттан кейін осы тілдей дерек арқылы табылып отыр. Кезінде Көкпекті округінің имамы болған Дәуіт хазірет бүгінде Ұлан ауданының Айыртау ауылында тұратын спорт ардагері Мұхамедолла (Мұқан) Ағзамовтың төртінші атасы екен. Бұл кісі бабасының осында жерленгенін 2016 жылы жоғарыда аталған Қалихан Алтынбаевтың кітабынан оқып, біліп, 2017 жылы басына ескерткіш тақта қойдырыпты.

 


«Бабама ескерткіш белгі қойдырғаннан соң Көкпекті ауданының басшылығына алаш қайраткері Хамит Тоқтамысовтың жатқан жеріне белгі қойсақ деген ойымды айтқан едім. Бүгін міне осы игі істі іске асырудың орайы келген екен. Қапыда қаза тапқан Хамит Тоқтамысовты көкпектілік сұңғыла қариялар Дәуіт хазіреттің қасына бекерге жерлемеген. Өйткені, бұл кісінің өзі де, әкесі де осы өңірге есімі мәлім адамдар. Дәуіт хазіреттің әкесі Ғұбайдолла сол кезде облыстың 11 ауданы қараған Көкпекті округінің имамы болған. Дәуіт хазірет мұнда 1910 жылы жерленген. Сабырбай мен Жанақ ақын айтысқанда Сабырбай ақын:
Кешікпей Тана мырза мешіт салып,
Күшейіп, ислам діні таралыпты.
Өзі бек Ғұбайдолла иман болып,
Оқыпты сахарада тауарыхты, – деп жырлағандай біздің бабаларымыз сол заманда отаршылдық саясат күшейіп, қазақ діннен, тілден, ділден айрыла бастағанда халықтың басын қосып Көкпекті аумағындағы алғашқы мешіттер мен медреселерді салған. Бұл кісілер осы аумақтағы жердің бәрін картаға түсіріп, егін егіп, мектеп ашқан. Ұлт мүддесі үшін күрескен тұлғаларға топырақ бір жерден бұйыруы бекер болмаса керек», – деді құлпытастың ашылу салтанатында сөз алған спорт ардагері Мұхамедолла Ағзамов.
Тағылымды шараға Семейден арнайы келген ғалым, абайтанушы Асан Омаров та Хамит Тоқтамысовқа қойылған белгі жанында тебірене сөз сөйлеп, оның білікті әскербасы, Әлихан Бөкейханның оң қолы болғандығын, алаш көсемі осы кісінің қасында жүргенде қаһарлы көрінгенін айтты. «1918 жылдың басынан алашордашылар Үкімет құруға кіріседі. Әлихан Бөкейхан: «Милициясыз, әскерсіз Үкімет болмайды. Ондай Үкіметтің қадірі жоқ» дейді. Содан Омбыдан Хамит ағамызды шақырады. Екі-үш ай Семей іргесіндегі Сор деген жерде әскер дайындап, қалаға келгенде шаһар халқы таңқалады. Әскерлер орталық алаңда сап түзейді. Әлихан сөз сөйлегеннен кейін Хамит Тоқтамысов екі қолын сілтеп кеп қалғанда әскерлер «Алла, Алла» деп ұран салады. Семейді үлкен рух кернейді. Хамит Тоқтамысов аз уақытта полкті қалай дайындады? Алашорда уақытша үкіметпен келіссөз жүргізген. Колчак бұл кісіні штабс-капитан атағымен шақырып алып, подполковник атағын берген. Бұл кісі сол заманда Бауыржан Момышұлы деңгейінде болған. Мұны осы уақытқа дейін дұрыс айта алмай келдік. Ескерілген жоқ. Осыны ескеріп, белгі қойып жатқан көкпектілік азаматтарға, аудан басшысына мың да бір рахмет. Ұрпақтары еске алып жатыр. Тұлғаға топырақ туған жерден бұйырған екен. Қытайға өтіп кетсе, не болар еді?! Мүлде ескерусіз қалар еді» деген абайтанушы Хамит Тоқтамысов аудан, облыс қана емес, ел көлемінде, мемлекет деңгейінде ұлықталуға тиіс тұлға екендігін жеткізді. Ал, Көкпектінің тумасы, ақын, драматург Айбек Сапышев:
Қолбасының соры көп, жолдасы кем
Жауға атылар жалаңаш қорғасын ем.
Бет қаратпас бетпе бет шайқас арман,
Кетіп барам шешілмей қолда кісен.
Үймелетіп көзіме көк шыбынды
Кеудеме борат оқтан өштігіңді.
Ес кіргенде есіл ер бір табарсың
Көмілген Көкпектіде көксіліңді, – деп есіл ерді еске алып, екпіндете жыр оқыды.
Көкпекті ауданындағы шаралар легі бұдан әрі ғылыми конференциямен жалғасты. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын іс-шараларды жүзеге асыруға белсенділікпен кірісіп жүрген аудан әкімі Асхат Смаилов конференцияны ашып, құттықтау сөз сөйледі. Бірінші болып сөз алған Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, алаштанушы, жас тарихшы Еркін Рахметуллин «Алаш Орданың әскери қайраткері Хамит Тоқтамысов» тақырыбында баяндама жасады. Тарихшы баяндамасында Алаш әскерінің құрылу тарихына кеңінен тоқталып: «Әскер құру ісінде Алашорда үкіметі антибольшевиктік саяси күштерге жүгінуге мәжбүр болды. Әскер ісіне үйрететін офицерлер мен нұсқаушылардың барлығы дерлік ресейлік күштерден келді. Сондай әскери офицерлердің бірі штабс-капитан Хамит Тоқтамысов болатын. Х.Тоқтамысовтың Семей жеріне келуі 1918 жылдың басы болса керек. Хамит Тоқтамысов Семейден бөлек Өскемен қаласында да әскери мектептердің ашылуына ұйытқы болды. Атаман Анненковтың әскери іс-қимылдары кезінде Х.Тоқтамысов І Қазақ атты партизан полкын жасақтады. Алашорда тарапынан Уақытша Сібір үкіметімен арадағы әскери байланыстарды жүргізді. Мәселен, мұрағат құжаттарында әскер құру ісіне қатысты бірлескен құжаттарда әскери бөлім меңгерушісі ретінде Х.Тоқтамысовтың қолы жиі ұшырасады. Жалпы, Алаш әскерін жасақтауда Алаш қайраткерлерінің көбі атсалысты. Алайда, олардың арасында кәсіби әскери шені бар, соғысқа қатынасқан офицерлер санаулы ғана еді. Олар: Хамит Тоқтамысов, Молданияз Бекімов, Ғали Самратбеков, Сабыр Сарығожиндар еді. Сондықтан Алаш қозғалысының әскери тарихында олардың қалдырған ізі болашақта айшықтала түспек» дей келе қазір ғаламтордағы, басқа да ашық дерек көздерінде Хамит Тоқтамысовтың дүниеге келген, қаза тапқан жылы дұрыс көрсетілмей жүргенін, осы мәселеге нүкте қоятын кез жеткенін тілге тиек етті.
Конференция барысында сонымен қатар семейлік ғалым, абайтанушы Асан Омаровтың «Кеңестік дәуірдегі ашаршылық және саяси репрессия құрбандары халық жадында», Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Мұхамедолла Ағзамовтың «Көкпекті ауданындағы ұлт-азаттық күрестің бастауындағы тұлғалар» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды. Шара соңында жұртшылық Семейдегі «Дариғай-ай» театрының актерлері сахналаған (авторы – драматург, ақын Айбек Сапышев) Хамит Тоқтамысов және алаш арыстары өмірін бейнелейтін драмалық көріністі тамашалады. Бірнеше бөлімнен тұратын көрініс аяқталған соң сахнаға шыққан А.Сапышев алдағы уақытта шағын қойылымды пьесаға айналдыру жоспарында бар екенін жеткізді. Орайы келгенде айта кетейік, Хамит Тоқтамысов әдеби-көркем шығармаға ең алғаш қаза тапқаннан кейін 15 жылдан соң арқау болыпты. Мұхтизар Төлекұлы Титақов деген азамат 1935 жылы Алаш қайраткерлері туралы «Мұрат үшін майдан» деп аталатын пьеса жазғанын алаштанушы Дихан Қамзабекұлы «Алаш пьесасы – Мұрат үшін майдан» атты мақаласында жан-жақты талдаған-ды. Ендеше, кеңестік кер заманның өзінде пьеса кейіпкеріне айналған Хамит Тоқтамысов бүгінгі өз тізгініміз өзімізге тиген кезеңде жеке қойылымға, тіпті арнайы кино түсіруге сұранып тұр деп сеніммен айта аламыз.


Азамат ҚАСЫМ
«Egemen Qazaqstan» газеті

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз