ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жылыжай - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан шыны шатырлы төбесі бар ғимарат. Мектеп үшін бұл қысқы уақытта жаңа піскен көкөніс пен көк шөптің қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар өсімдіктер физиологиясын зерттеп, танудың зертханасы.

Жылыжайдың артықшылығы - бұл поликарбонаттан күн сәулесі жақсы өтеді, бір уақытта қызуды сақтайды. Ол берік, су мен ылғалға төзімді. Сондықтан жылыжай жыл бойы жұмыс істей алады.


Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың тапсырмасымен Көкпекті орта мектебінде мектеп жылыжайы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның міндеттеріне оқушылардың зерттеу жұмыстары, мектеп алаңын абаттандыру және көгалдандыру, мектепті гүл өсімдіктерімен қамтамасыз ету, мектеп асханасын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ету, оқушылардың адамгершілік және еңбек тәрбиесіне ықпал ету, өсіп келе жатқан ұрпақтың қоршаған ортаның жағдайына жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыру, сондай-ақ мектеп жылыжайының материалдық-техникалық базасын жақсарту.
«Жасыл академия» - мектеп ұжымы өз жылыжайын осылай деп атауды жөн санады. Атауы айтып тұрғандай, мектеп оқушылары көкөністерді өсіруге тікелей өздері қатысады. Балалар тұқымдарды алғашқы еккен сәтінен бастап өздерінің байқаған өзгерістерін жазатын күнделік бастады. Олар микроклиматтың элементтерін - ауа мен топырақтың температурасын, ауаның ылғалдылығын егжей-тегжейлі зерделейді, осылайша өсімдіктермен зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдыларын меңгереді. Оқушылар биология пәні бойынша теориялық білімдерін практикада бекітеді. Мектеп басшылығы жылыжайда тәжірибелік сабақтар оқушыларға оқу материалын жақсы меңгеруге көмектеседі деп санайды.
Көкпекті орта мектебінің жылыжайы осы жылдан бастап жұмыс істей бастады. 11 қазанда қияр, пияз, аскөк, ақжелкен, шалғам және жапырақ салат отырғызылды. Өсімдіктерді күтумен бағбан Ықылас Оспанов айналысады. Сондай-ақ, жылыжайды салуға және қысқы маусымға дайындау үшін 2 миллион 219 мың теңге қаражат жұмсалған.
- Біз осы жылыжайды жайластыру бойынша үлкен жұмыс атқардық. Мектептің бюджеті есебінен жылу және электр жүйесі жүргізілді. Өсімдіктерді отырғызуға және топыраққа қатысты жұмыстар мұғалімдер мен техникалық қызметкерлердің еңбектерінің арқасында іске асты. Сонымен қатар, оқытушылар жылыжайды жылыту процесіне де қатысты. Қазіргі уақытта барлық мәселелер шешілген жоқ. Мәселен, жарық энергиясының жетіспеушілігі мәселесі, ол өсімдіктердің қалыпты дамуына және болашақ өнімділіктің көрсеткіштеріне әсер етеді. Тапшылық қосымша жарықтандыру шамдарымен өтелетін болады. Сондай-ақ, шымтезек топырағын сатып алу жоспарда бар, - деді мектеп директорының м.а. Ш. Ғабдуллина.
Жылыжай көкөністері көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының оқушыларына арналған мектептік тамақтану рационына енгізілетін болады. Жылыжайға үлкен үміт артылады. Егер жоба табысты болса, онда оқушылар рационындағы жаңа және экологиялық таза өнімдер жыл бойы болады. Сонымен қатар, онда ерте көктемде мектеп жанындағы учаскеге өсімдіктер өсіріліп, қосымша көкөніс пен жасыл көшеттер отырғызылады. Түскен қаражат мектептің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, соның ішінде мектеп асханасына жұмсалады. Балалар ауыл шаруашылық көкөніс және гүл дақылдарын өсіру бойынша дағдыларды меңгеруді жалғастырады. Өйткені, мектептің міндеті биология және экология бойынша белгілі бір білім көлемін қалыптастыру ғана емес. Оқу орны табиғат құбылыстарын ғылыми талдау, қоғам мен қоршаған ортаның өзара іс-қимылын ұғыну, табиғатқа өзінің практикалық көмегінің маңыздылығын ұғыну қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз