ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» жобасын орындау аясында Көкжайық ауылдық округінде жұмыс ағымы барлық салада алға жылжып келеді. Белгіленген мәреге жетпей қоймайтын ауылдың қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағынан жеткен жетістіктері мен жағымды жаңалықтары жайлы ауылдық округ әкімі Нұрбек Сүлейменов әңгімелеп берді.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы айтарлықтай қарқынды дамуда. Ауылдық округ әкімінің айтуынша ауыл экономикасын өсіруге бағытталған істердің ішіндегі маңызды сала дәл осы болып табылады.

Шаруақожалықтардың мал басы бірнеше есеге өскен. Сонымен қатар, аталмыш бағытқа тартылған инвестиция шамамен 2,5 млрд. теңгеден асты. «Елімай-Көкпекті» агроөнеркәсіп кешені құрылып, 3000 басқа арналған репродуктор салынған. Қазір кешен белсенді жұмыс істеуде. Асыл тұқымды мал өсіру мақсатында құрылған «Талап» шаруа қожалығы 400 басқа арналған мал бордақылайтын алаңды іске қосты. Бүгінгі күні барлық егін алқаптар көлемі 15 мың гектарды құрайды.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуды жүзеге асыру Елбасының алға қойған жоспары «100 нақты қадамның» басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл орайдағы басты мақсат, шағын шаруа қожалықтарын біріктіріп, кооперативтер құру болып табылады. Сонда еңбектің өнбегі де нәтижелі болмақ. – Дәл қазіргі таңда ауыл тұрғындарының 80% өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған халық болып табылады. Алайда, жеке қожалықтарының бар болғаны оларға үкіметтен алынатын көмек, яғни субсидия алуға кедергі болады. Егер кооператив болып бірігетін болса, оған қолайлы мүмкіндік туады. Бір бас сиырға – 18500 теңге, ал бұқаға – 154000 теңге алады. Округте қазір 6 кооператив құрылған. Әзірге олар мал бағу және асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда. Ал, келешекте одан шыққан ет, сүт өнімдерін өндіріске салып, шикізат емес, дайын тауар ретінде сату көзделуде, - дейді ауыл әкімі.
Ауыл шаруашылығынан бөлек округте мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер де белсенді қарқынмен дамып келеді. Айталық, 2015 жылы «Талап» шаруа қожалығы үй сатып алып, күрделі жөндеуден өткізіп, бастауыш мектеп ретінде халыққа сыйға тартты. Қазіргі уақытта аталмыш мектепте 30 бала білім нәрін сіңіруде. Дәл сол жылы «Елімай» шаруа қожалығы 60 балаға арналған «Бөбек лүпілі» балабақшасын ашқан болатын. Бұл орын 28 адамды жұмыспен қамтыды.
Ақ-ой ауылында «Рустам» шаруа қожалығының қаражатына халыққа арналған 200 орындық клуб ашылып, пайдалануға берілді. – Одан бөлек, биылғы жылы осы қожалық өз қаражатына Ақ-ой ауылында 30 млн. теңгеге медициналық бөлімше салу жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, биыл округімізге денсаулық сақтау саласына 3 жас маман келгенін де айта кеткеніміз жөн, - деп ойымен бөлісті Нұрбек Сыдықұлы.
Ауылда әлеуметтік сала өз жолын тауып, тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету жағы да ойдағыдай дамуда. Биылғы жылдың басынан үш дүкен, бір шаштараз ашылды. Қазіргі таңда 13 дүкен халыққа қызмет көрсетуде. Ауылда жақында жөндеуден өткізілген қатымхана, жаңа асхана жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Үлкенбөкен-Көкжайық тас жолының 14 шақырымына құм себіліп, ағымдағы жөндеуден өтті. Ауыл әкімі округтегі әр жаңалықты жеткізіп отырып, әр істің нәтижелі болуы тұрғындардың арқасы, олардың өлшеусіз еңбегі мен төккен терінің қайтарымы екенін айтудан танбады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз