ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда Астана жан-жағына нұр шашып, күннің сәулесі жарқырап түсіп, шаттанып тұрған кең жүректі шаһарымыз. Шаңырағы биік, уықтары нық шаншылған, керегесі кең отауға айналды. Зәулім ғимараттары менмұндалап тұрған Астананың әрбір атқан таңы ел үшін жадырап тұрғандай. Төл тәуелсіздігіміздің нышанының бірі - айбынды Астанамыз күн санап өркендеп, жасыл желек жамылған орманды алқабы тамырын кеңге жайып келе жатқан Бас қала.


Төрткүл дүниенің басын қосып, маңызды заңдар қабылданып, ел мерейін асқақтатқан Астана жаңа тарих бетінің алтын парақтары, елдің ертеңі - жастардың қаласы.
Биыл 19 жасқа толып отырған әсем қаланың туған күнінде еліміздің әр түкпірінде көптеген мәдени-спорттық шаралар өтті. Астана жас-тар қаласы болғандықтан, біздің көкпектілік жастар да Астана күнін жоғары белсенділікпен мерекеледі. Бұл күні аудан орталығындағы ипподром мен «Көкпекті жолдары» алаңында жас-тар спартакиадасы көрігін қыздырса, Жастар саябағынан велошеру бастау алып, Көкпекті көшелерін аралады. Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің орталық алаңында «Арайлы, әсем Астана» тақырыбында кешкі мерекелік бағдарламалар мен ойындар ұйымдастырылды.
Аудан орталығында күндіз спорттық сайыстардан басталған мерекелік шаралар кеш батқанша бір толастаған жоқ. Мереке беташарында ауылдық округ әкімі Ерлан Ниязбаев, Жастар орталығының директоры Азамат Халықов көкпектіліктерге құттықтау тілектері мен ізгі лебіздерін арнады. - Сарыарқа даласында ғайыптан еңсесін тіктеген шырайлы Астана күні құтты болсын! Барша халықтың бойтұмарына айналған Бас қала тәуелсіздігіміз бен еркіндігіміздің жарқын көрінісі. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының басшы-лығымен, береке-бірлігі жарасқан көпұлтты халқымыздың қажырлы еңбегі арқасында қысқа мерзімде бой көтерген ару қаланың айтулы күні «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында оның абыройын асырары сөзсіз, - деді ауыл әкімі.
Мерекелік көңіл күйде жалғасқан жастар спартакиадасында 11 команда футбол ойынына қатысып, Көкпекті жастары І орын, Шәріптоғай ауылының құрама командасы – ІІ орын, ал Орталық мешіт - ІІІ орынға табан тіреді. Арқан тартыс ойынында күш сынасқан командалардан жүлделі орынды «Заречный жастары» алса, екінші Үлгілімалшы ауылы, ал үшінші орын Орталық мешіт командасына тиесілі болды. Сондай-ақ, қол күрестіру және т.б. ұлттық ойындарға қатысқан жас-тар өз қажыр-қайраттарын ортаға салды. Түрлі ойындар, викториналық сұрақтар ойнатылған көңілді би кешіне 100-ге тарта жас қамтылды. Жарыс жеңімпаздары Жастар орталығының қолдауымен жасалған арнайы кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталып, велошеруге қатысушыларға мерекелік естелік сыйлықтар табысталды. Көкірегін астанасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш кернеген жастардың көңілді ән мен әсем ырғаққа толы кеші мерекелік отшашумен тәмамдалды.
Сәбит Жалбағаев, Көкпекті орталық ау-дандық ауруханасы жан сақтау бөлімінің дәрігері:
- Осындай шараларға қатысқанды ұнатамын. Велосипедшілер жарысын жиірек ұйымдастырса нұр үстіне нұр. Бір қынжыларлығы қатысушылар-дың аздығы болып тұр. Жерлестерімді Астананың туған күнімен құттықтаймын! Ерке Есілдің бо-йын жағалай қонған айшықты Астанамыз бүгінде еліміздің Жүрегі! Сонау тар жол, тайғақ кешкен замандарды бастан кешкен еліміз аяғынан нық тұрды. Сын сағаттарда Ел болып қалыптасуымыз-ға ерен еңбектерін сіңірген абзал азаматтарымыз, һәм Елбасымыз аман болсын! Астана асқақтай берсін, қыраны көкте қалықтап, ел рухы биік болсын! Еліміздің жүрегі мәңгі соға бергей!


Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз