ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс ұдайы өсіп отырған жағдайда еліміздің ауыл шаруашылығы саласын да ауқымды жаңғырту қажет» деп атап өткендігі белгілі. Осыған байланысты аудан әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы саласының тың серпінін қамтамасыз ету шаралары ұдайы назардан тыс қалған емес.


Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мəселесін түбірінен тарқатқан семинар - кеңес өткізілді Көкпекті ауданында. Аудандық əкімшіліктің мəжіліс залында аудан басшысы Рамиль Сағандыковтың төрағалық етуімен семинар жұмысы қызу жүргізілді. Облыстан арнайы шақыртылған "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау" қорының директоры Рауан Уалқанов мемлекет қолдауы мен несиелеу жолдарын жүйелеп жеткізді. Ауылдық округ əкімдері, сала басшылары, шаруа қожалықтары мен ауданда құрылған кооператив жетекшілері аталмыш бағдарламаның жүзеге асырылу барысын асқан қызығушылықпен талқыға салды.
Кеңесті ашқан аудан басшысы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың маңыздылығы мен тиімдімділігі туралы айтып, семинарға қатысушыларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді кооперативтер құру арқылы пайдаланудың тиімді жолдары туралы түсінік берді.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру өнімділікті еселеп арттырады. Аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әлия Тасқайратова агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын түсіндірді. Жаңа бағдарламада шағын ауыл шаруашылығы өндірушілеріне баса мән берілген.
Семинар барысында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау" қорының директоры Рауан Уалқанов, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Абылғазыұлы, жұмыспен қамту орталығының директоры Райхангүл Баймолдина, Миролюбовка ауылдық округінің әкімі Гүлнар Асауп, кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Әлия Мұқашева сөз алды. Ұсақ қожалықтардың кооперативтерге бірігуі қаржыландыру мәселесіндегі көп түйткілдің шешімі болар еді. Ірілену арқылы шаруашылық құрылымдары мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияларға қол жеткізеді дейді аталмыш мамандар.
Кооперативтер құру техниканы тиімді пайдалануға, халықты жұмыспен қамтуға оң әсер ететіні айтылды. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас», - дейді халық даналығы. Сондықтан, ауылшаруашылығында бірігу, ірілену арқылы жетістікке қол жеткізуге болады. Демек, бірі жер өңдеумен, бірі тұқым дайындаумен, бірі мал бағумен және асылдандырумен, енді бірі қысқы жем-шөп базасын даярлаумен шұғылданса, жер пайдаланылудың тиімділігі де арта түсетіні анық. Осыны зерттеп, зерделеген Үкімет кооператив құру ісіне қолдау көрсетіп отыр. Мұның әлеуметтік тұрғыдан оң әсері де бар. Мәселен, елді-мекендердегі мәдениет үйлері, балабақшалар, пошта қызметі сынды барлық құрылымның ісі ілгерілей түседі. Өйткені, жұмыс бар жерде өркендеу болады. Ал, жергілікті әлеуметтік мәселені шешуге ауылшаруашылығы жерін пайдаланушылар атсалысады. Өйткені, олардың ағайын-туысы, жақыны сол елді-мекеннің ауасын жұтып, суын ішіп отыр. Бұл ретте кооперативтердің маңызы үлкен. Міне, барлық ауданның ауылшаруашылығы саласы мамандары қатысқан шарада осыны ұқтық.
Кеңестің қорытындылаған аудан басшысы барлық атқарылып жатқан жұмыстардың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталу қажеттігіне баса назар аударды. Рамиль Нығметжанұлы Елбасы тапсырмасымен қолға алынып жатқан жұмыстың үлкен саяси-әлеуметтік-экономикалық маңызы бар екенін атап өтті. Сонымен бірге, жасалып жатқан жұмыстарды кеңінен насихаттауды тапсырды.
Ең бастысы, мемлекеттің қолдауы бар. Кооперативтің атқаратын міндеті мен бағыты айқын. Маңыздысы, кооперативтер әрбір адамның жер алдындағы, болашақ алдындағы жауапкершілігін сезінуге толық мүмкіндік береді.


Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз