ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Туған ел - алтын бесігім» акциясының аясында облыс орталығы Өскемен қаласында Көкпекті ауданының мәдени күндері болып өтті. Онда қала тұрғындары екі күн бойы мол өніммен қауышып, ұлттық өнердің тұнығынан сусындады. Аталмыш шараға Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағандыков бастаған лауазымды тұлғалар мен аудан абыройын асырып жүрген өнер саңлақтары қатысты.


Қала мен ауыл өнер мен мәдениет саласында да өзара тығыз қатынаста. Арнасына ән сыймай, күмбезінен күй төгіліп, Киелі Көкпекті атанған біздің аудан өнерпаздары облыс орталығында болып, өнер көрсетіп қайтты.
Ауданның мәдени күні аясында өткен гала концерт алдында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлібек Саржановты әңгімеге тартқан едік. Әлібек Түсіпбекұлы мәдени күннің мән-мағынасын түгендеп, өнер саласындағы жетістіктерімізді тізбектеді. «Туған ел - алтын бесігім» акциясының басты мақсаты өнер шеберлерінің шығармашылығы мен жетістіктерін облыс жұртшылығына кеңінен таныстыру, сахна саңлақтарын халықпен қауыштырып, олардың шығармашылығын жұртшылық арасында кеңінен танымал ету екенін ерекше атап өтті.
- Биыл халқымыз егемендіктің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қазақ елі осы жылдар аясында көптеген жетістіктерге жетті. Ел іргесі бекіді. Өткен тарихында талай-талай тар жол, тайғақ кешуді бастан өткізген халқымыз үшін тәуелсіздігіміз бәрінен де қымбат, бәрінен де қастерлі. Өткен жиырма бес жылда ел болып, еңсеміз көтерілді. Рухымыз өрлеп, егемен еліміздің іргесі бекіп, талай асулардан өтіп, шығатын биігімізді анықтадық. Айбыны асқақ, іргесі берік, беделі зор айбатты елге айналдық. Ел тәуелсіздігімен бірге ұлттық сана, ұлттық рух жаңғырып, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызбен қайта қауыштық. Халықтың інжу-маржаны ел игілігіне айналды, - деп ағынан жарылды Әлібек Түсіпбекұлы.
Мәдени кеш шымылдығын «Толағай сазы» халық аспаптар оркестрі «Шаттық Отаны» күйімен түріп, содан кейін оркестрдің сүйемелдеуімен Шәміл Ибраев «Қазақстаным менің» әнімен жалғап, өскемендік көрерменді әуезді әуенмен қанықтырды. Дәстүрлі әнші Бұлбұл Өмірсерік «Тәуелсіздік толғауымен» жырдан шашу шашты. Қыпша белді, мың бұралған бишілердің «Сұлу қыз» биындегі өрнекті қозғалысы көпшілік көңілінен шықты. Хұмырбек отбасы, әкелі-бабалы Хасеновтар, «Забава» казак ән-би ансамблі, Дина Бозаканова, Нұрлан Қайратұлы, Гүлжан Кинбаев, «Толағай» тобы ән шырқап, көрерменді әсем әуенмен тербеді.
Өскемендік тұрғындар «Аманат» түркі-этно халық сазы қойылымы біткен соң ұзақ қол соғумен өнерпаздарға ерекше құрметін көрсетті. Тарих тереңіне бойлаған сазды қойылымды асқан шеберлікпен ұштастырып ойнап шыққан Кеней Зейнолла, Бұлбұл Өмірсерік, Аққу Мұқаева, Толғанай Асылбекқызы мен Гүлнәр Апсалямованың еңбектері зор. Өнер көгінде жұлдыздай жарқырап жанып келе жатқан жас дарын Алижан Артықбаевтың орындауындағы «Алтын адам» бейнесі ерекше әсер қалдырды. Осылайша, күнделікті күйбең тірліктен шаршаған тұрғындар рухани тұрғыда демалып қалды. Бұл да болса, біздің ауданның мәдениетін бір сатыға көтеріп тастағаны анық.
Николай Романюк, ШҚМУ оқытушысы;
- Мен үшін өте керемет өнер кеші болды. Барлық қала тұрғындары атынан алғыс айтқым келеді. вокалдық, хореографиялық қойылым, «Аманат» түркі-этно халық сазынан көрініс адамның жан дүниесін еріксіз елжіретті. Әкелі-балалы Хасеновтардың орындауындағы «Родные люди» әні бүгінгі кештің көзайымы десе де артық емес. Сондай-ақ, көкпектіліктер ұлтаралық татулықты ерекше ұлықтайды. Көрермендер бүгін оған анық көз жеткізді. Өлкелеріңіз өркендеп, қанатын кенге жая берсін. Мен қашан да көкпектілік өнерпаздардың өнерін Өскемен сахнасында асыға күтемін!
Мәдени күндердің екінші күні ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне ұласты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері өз өнімдерін нарықтағы бағасынан 20-30 пайызға арзан бағамен саудалады. Бастысы баға төмен, сапасы жақсы болады деген жағымды ақпарды өскемендіктер алдын ала естіп білген. Қала базарларындағы бағадан 15-20 пайыз арзан өнімді алу үшін тұрғындар таңғы сегізден "Fresh marcet" алаңына келіп жатты. Көкпектіліктердің ұсынғаны 20-ға жуық өнім. Үйдің құрт-ірімшігінен бастап, төрт-түлік мал еті, көкөніс пен жеміс жидектің сан түрі сөрелерде молынан тізіліп тұрды.
Осылайша Өскемен қаласына жасаған аудан өнерпаздары мен ауыл шаруашылық өнімін ұсынушылардың екі күндік сапары өз мәресіне жетті. Ой салар қойылым мен әсем ән, домбырадан төгілген күй күмбірі, қолжетімді бағамен саудаланған мол өнім өскемендік тұрғындардың есінде ұзаққа дейін сақталып қалары сөзсіз.
Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз