ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

30 қыркүйек күні аудан орталығында Мемлекеттік қорғаныс аумақтық бөлім-шелерімен арнайы тактикалық жат-тығулар өткізілді. Жер сілкінісі салдарынан пайда болған апаттық жағдайды жою және Көкпекті ауылында эвакуация-лау шараларын өткізу тақырыбымен өрбіген жаттығу жұмыстарына Төтенше жағдайдар бөлімінің басшысы Әсет Сейілқұмаров жетекшілік етті. Жаттығу жиындарының барысында аумақтық бөлімшелердің жедел топтары ширақ-тық таныта алмады.
- Аудан орталығында орналасқан бар-лық мемлекеттік қорғаныс және төтенше жағдайлар күштеріне ресми хабарлама берілген. 29 қыркүйек күні сағат 17.00-де телефон арқылы 30 қыркүйекте Коммуналды шаруашылық аумағында сағат 10.00-де арнайы тактикалық жаттығу жиы-ны өтетіні туралы хабарлама таратылды. Көріп отырғандай жедел топтардың толық құрамыны жиналмай тұр. Жауапты аумақта өтіп жатқан Көкпекті ауылдық округінің әкімі келмеді.

Бізбен бірге тығыз байланыста әрекет ететін атқарушы органның өкілі жиынға қатысуға міндетті. Бүгінгі арнайы тактикалық жаттығулардың басты мақсаты мемлекеттік қорғаныс күштерінің өзара түсіністікпен әрекет ету дағдыларын жетілдіру, басшылық құ-рамның және бөлімше командирлерінің іс-тәжірибелік дағдыларын арттыру, ау-мақтық бөлімшелердің техногендік және табиғи апаттардың салдарын жою барысына дайындығын тексеру және олардың іс-әрекетін машықтандыру болып табылады. Өкінішке орай, аумақтық бөлімшелердің толық құрамы арнайы тактикалық жаттығу өткізу алаңына жиналмай отыр, - дейді Әсет Сейілқұмаров.
Расымен де, жедел топтардың іс-әрекеті шашыраңқы шығып, жаттығу барысында олқылықтар анықталып жатты. «Балық басынан...» демекші округте өтіп жатқан маңызды шараға ауылдық округ әкімінің немқұрайдылық танытуы тіпті түсініксіз жағдай. Белгіленген уақытта толық құрамымен Аймақтық электр желісінің бөлімшесі тұрды межелі орында. Ж.Шайжүнісов мектебінің тасымалдаушы автобусы да уақытынан бұрын жетті. Өртке қарсы бөлімнің жігіттері де сақадай сай. Коммуналдық шаруашылық мекемесінің аумағында өткен жиынға аталмыш мекеменің жедел тобы кеші-гіп келгенін айтудың өзі ұят. Толық құрам да жинай алмапты коммуналдық шаруа-шылықтың бөлімшесі. Орталық ауру-хананың жедел тобы уақытынан кешігіп келсе, ішкі істер бөлімің құрамы жұрттың соңынан жетті. Аймақтық телекоммуникациялар торабының бөлімшесі жаттығу жұмыстарына қатысуды қажет деп санамаған екен.
Келген бөлімшелер сапқа тұрғызылып, арнайы тактикалық жаттығудың мақсат-тары және іс-әрекет барысы түсіндірілді. Мақсат пен бағдарды бағамдап алған бөлімшелер жаттығуға кірісіп кетті. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп ғи-маратынан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру дайындығы сыналды. Жаттығу барысында 7 техикалық бірлік және 28 бөлімше мүшелерінің бірінші кезектегі іс-қимылдары пысықталды. Жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қорғау қызметтерімен төтенше жағдайлар кезінде өзара әрекеттесу жұмыстары әлі де кенжелеп тұрғаны байқалып қалды.
Қуаныш Әңкебаев, төтенше жағ-дайлар және жұмылдыру бөлімінің басшысы:
- Басты назар аударатын мәселе – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, біздің мемлекеттік қорғаныс және төтенше жағдайлар күштерінің түрлі жағдайларда әрекет ету дайындығын да пысықтап отыру керек. Қызметін жақсы атқарып жүрген үздік бөлімшелерді анықтадық және алдағы уақытта шешімін табуы тиіс мәлелелерді назарға алдық.
Апат айтып келмейді... Бірақ, оның айтып келмейтінін желеу етіп, қаннен-қаперсіз отыра беруге тағы болмайды. Қазір әлемдік тәжірибеде жер сілкінісін болжап, алдын ала сақтандыру шаралары кеңінен қолға алынған. Біздің елімізде де жер сілкінісі жиі тіркелетін аймақтар жетерлік. Алайда, соған сай дайындық шараларының кемшін түсіп жатқаны жасырын емес.


Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз