ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда дінтанулық білімді жетілдіру, осы саладағы білім беруді жүйелендіру және оны оқы-татын мамандарды даярлау мә-селелері өте өзекті болып табылады.
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні Көкпекті орта мектебінің мәжіліс залында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Зайыр-лылық және дінтану негіздері» атты өңірлік семинар өтті. Өңірлік семи-нардың мақсаты - дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алып, қорғану жолдарын нұсқау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру.

Семинар модераторы Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арнагүл Омарбекова қа-тысқан бұл семинарға Көкпекті, Зайсан, Күршім, Жарма аудандарының «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері және БАҚ өкілдері қамтылды.

 

Семинар шымылдығын ашқан медиатор Арнагүл Калелқызы, семинардың мақсат-міндеттеріне тоқталып өтті:
- Өздеріңізге белгілі, «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 332 Жарлығын іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептің оқу процесіне 2004 жылы «Дінтану негіздері» курсы таңдау курсы ретінде енгізілген болатын. Ал, 2016-2017 оқу жылынан бастап «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқу-әдістемелік кешені еліміздің барлық мектептеріне бірыңғай қолданысқа енгізілген болатын. Бүгінгі өңірлік семинарға көрші аудандардың «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқытушыларын шақырдық. Жалпы алдағы уақытта әлі 4 өңірлік семинар жоспарда тұр. Алғашқы семинарымызды Аягөз ауданында және Өскемен қаласында өткіздік. Соңғы семинар, Семей қаласында өткізілмек деп жоспарлаудамыз. Барлық 652 дінтану курсының оқытушыларын қамтамасыз етуге тырысудамыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, курстың атауы мен мазмұны, бағыт-бағдары өзгеріп отыр. Сондықтан, оқу жылы басында сіздермен кездесіп, аталмыш курсты жан-жақты талдап, сұрақтарыңызға жауап берейік деген оймен жиналып отырмыз», - деді.
Семинар барысында «Мектеп оқушыларының экстремистік идеяларға бейімділігін анықтау және оңалту» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының психологы Айжан Мұратханқызы баяндама оқып, семинарға қатысушылармен тренинг жүргізді. Ал, «Зайырлылық және дінтану негіздері» жаңа курсын оқыту әдістемесін жетілдіру тақырыбында Педагогикалық жұмысшылардың біліктіліктерін арттыру бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының білім сапасын басқару кафедрасының аға оқытушысы Бақытбек Нұғыманов мемлекеттік тілде баяндама оқыса, аталмыш кафедраның аға оқытушысы Сергей Щеглов «Зайырлылық және дінтану негіздері» жаңа курсын оқыту әдістемесін жетілдіру» тақырыбында баяндамасын орыс сыныптарының ұстаздарына арнап орыс тілінде оқыды.
Дін қашанда қоғамның, мемлекеттің, адамның өмірінде дүниеге көзқарас пен сенімдер жүйесі ретінде маңызды орын алып келеді. Қоғамдық феномен болғандықтан діннің жалпы халық пен мемлекет тұтастығы үшін өзектілігі жойылмайды. Сондықтан бүгінгі семинардың оқытушыларға берері мол болды. Семинарға келгендерге ұсыныстар мен кепілдемелер айтылды.
Тақырып аясында қатысушылар ұсыныс-пікір-лерін ортаға салып, бірқатар мәселелер тал-қыланды және семинарға қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.


КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз