ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының  ХХ халықтық спорт ойындары аяқталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған аталмыш спорт шарасына 16 спорт түрі бойынша облыстың 19 құрамасы қатасып, аудандар мен қалалар өзара сынға түсті. Өңірдің мықтылары бас қосқан дүбірлі додаға көкпектілік спортшылар да қатысып, аудан намысын қорғады.

 

Жиырма мәрте өткізіліп отырған халықтық спорт ойындарының бағдарламасы биыл жылдағыдан біршама өзгеріске ұшыраған. Негізгі спорт түрлеріне қосымша облысты мекендейтін 15 ұлттың ойыны қосылды.  Ұлттық ойындардағы ұпайлар киіз үйлер байқауының ұпайы есептелді. Бәйгетөбе аумағындағы этноауылда балалардың спорттық ойындарына арналған алаңдар көпшілік көзайымы болғаны анық. Көкпекті ауданы тіккен алты қанат ақ орда маңы көпшіліктің ең көп аялдап, естелік суретке түсіп, Қазақ хандығының құрылу тарихын суреттеген көрініске сүйсінер орнына айналып шыға келді. Бес қаруын асынған батырлар мен алыстан көз шалатын салтанатымен ерекшеленген Керей хан мен Жәнібек хан тұлғалары, сан ұлттың достығын жырлаған көрініс, ақ орда ішіндегі мазмұнды да тартымды көрме абыройымызды асырып, мерейімізді үстем етті.

Арнайы комиссия мүшелері де қырағылық танытып бақты. Көкпектілік өнерпаздар мен ұйымдастыру алқасының қажырлы еңбегі тиісті бағасын да алды. Киіз үйлер байқауының қорытындысы бойынша тақырыпты кеңінен ашып, үздік шыққаны үшін Көкпекті ауданы қаржылай сыйлық және сертификат олжалады. Лапта, қалашық, сырықпен жүру, кураш және тағы да басқа ұлттық спорт түрлеріне қатысқан жерлестеріміз де жерге қаратпады. Әр бір спортшының жүзінен ақ аудан намысын қорғау өзі үшін мәртебе екені жалындап тұр.

Орталық стадионда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне өткізілген ХХ халықтық спорт ойындарының ашылу салтанаты болды. Сөз алған облыс басшысы Даниал Ахметов өңірде тұрғындарды дене шынықтыруымен айналысуға шақыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын айтты. - Дәстүрлі халықтық спорт ойындары – бүкіл аймақ жұртшылығы асыға күтетін спорт мерекесі. Дені сау ұлт – мемлекет тірегі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясаттың арқасында, халқымыздың денсаулығы мықты, ойы сергек болуына, бұқаралық спорттың дамуына барлық жағдайлар жасалды, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Волейболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері, «Алтай» волейбол клубының ойыншылары Дамир Әкімов пен Инна Матвеева ойын алауын жақты. Аудан әкімінің орынбасары Клара Смаилова мен білім беру және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова бастаған көкпектіліктер шеруі ерекше киім үлгісімен көзге түсті. Шеруге қатысушылар ашылу салтанатына арналған концертті тамашалап, мерекелік от шашу куәгері болды.

Спорттық жетістіктер тұрғысында биылғы халықтық ойындар біздің аудан құрамасы үшін сәтті болды деп айту қиын. Аудан спортшыларының мүмкіндіктері мен бұрынғы жетістіктерін ескерер болсақ, биылғы көрсеткіштер болашақта бұл бағыттағы жұмысқа көзқарасты өзгертіп, тың серпін керектігін айқындайды деген сенімдеміз.

Бәрінен де біздің волейболшы жігіттер ерледі! Мұсабек Нұгұспанов жаттықтыратын волейболшыларымыз облыста үздік екендерін мойындатты. Топтан қиналмай шыққан жігіттер ақтық сында Тарбағатай және Күршім ауданы құрамаларын айқын басымдықпен жеңіп, Халықтық ойындардағы біздің ауданның жалғыз алтынын қанжығаға байлады. Құрама капитаны Әділет Такеновтың еңбегін ерекше бағалауға тұрады. Ойынға дайындық, жаттықтыруларды ұйымдастыру, құрама жігіттерін қажет кезінде қайраттандырып, жігерін жану, әрбір ойыншының тілін табу сынды мәселеде Әдлеттің капитандық қасиеттері маңызды рөл атқарды. Әсет Әбетаевтың ойынды жүргізу мәнері, Арман Зейнолдиновтың либеролық тәсілдері, Тілек Маткаримовтың қосалқы құрамнан шығып тың серпін қосуы жанды жадыратып, көз сүйсіндіреді. Ал енді Иван Яловойдың ойын өрнегі жеке бір әңгіме. Құраманың үздік шабуылшысы тартысты сәттерде ойын нәтижесін бір ғана ұтымды соққысымен шешіп кету арқылы қарсыластарды талай сан соқтырды. Сондай-ақ, облыста Көкпекті ауданын бірінші орынға шығарған құрама ойыншылары Таңат Абдуашев, Карим Молдабаев, Иван Крюков, Мади Жиенбаев, Денис Кривко, Азат Қожахметов және Ришат Бектаевтың есімдерін біз зор мақтанышпен атаймыз.

Көкпаршы жігіттер де аудан намысын лайықты қорғады. Қанат Биқатов жаттықтыратын көкпаршылар құрамасы ақтық сынға дейін жетті. Ежелден тартысып келе жатқан Тарбағатай жігіттеріне финалда есе жіберген көкпаршыларымыз жарыстың екінші орынын місе тұтты. Ақтық сында есесі кеткен көкпаршылар алдағы уақытта дайындықты үдетіп, тұлпарларды баптап, білекті бекемдеп алсақ әлі талай додада  аудан қоржынын алтынмен аптаймыз дейді. Жүректі де білекті жігіттердің сөзіне күмән жоқ ешбір.

Дүбірлі додада аудан атынан бәйгеге түскен тұлпарымыз да топты жарды. 15 шақырымдық бәйгеде бабы мен бағы келіскен «Шағала» атты сәйгілік мәре сызығын екінші болып кесті. Бөркін аспанға атқан көкпектіліктердің мәртебесін асқақтатқан «Шағаланың» иесі Жұмабек Күшікпаев. Әйгелі атбегі Рустам Шайырғазин жаратқан жүйрігіміз осылайша аудан құрамасына тағы бір күміс еншіледі.

Дәурен Данабек жаттықтыратын қазақ күресінің балуандары да боз кілемде барын салып белдесті. Нәтижесінде 60 кг. салмақта күрескен Дидар Тукушев аудан қоржынын қола жүлдемен толықтырды. Сонынмен бірге, волейболшы қыздар 5 орын, ұзындыққа секіруден Юля Герлих пен Елдос Анатпаев 4 орын еншіледі.

Жалпы командалық есепте аудан құрамасы жеңіп алған медальдар саны бойынша 7 орынға жайғасты. Бұл аудандар арасындағы 14 құраманың бел ортасы. Жаман көрсеткіш емес, әрине. Дегенмен, кейбір олқылықтар мен ұйымдастастыру жұмыстарындағы кемшіліктердің орнын жойсақ бағындырар белестер де биік болмақ. Үздік үштікке ену біз үшін қол жетпес арман емес, біраз жыл бұрын жетіп жүрген мәреміз.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз