ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазіргі кезеңде елжандылық тақырыбы, оның ішінде жаңа қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, сая-си, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олар-дың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс».


Мұндай патриоттық тәрбиелі жұмыстардан біздің ауданымыз шет қалып жатқан жоқ. 13 сәуір күні Көкпекті орта мектебінде аудандағы әскери-патриоттық клубтар арасында сайыс өтті. Сайыстың мақсаты, жас ұландарды отан-сүйгіштікке, адамгершілікке, азаматтық па-триоттыққа, төзімділікті арттыру, дене шынықтыру, жылдамдыққа тәрбиелей отырып, жастарды әскери борышын өтеуге даярлау. Сайыста ерек-ше көзге түскен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің М.Қалматаев атындағы әскери-пат-риоттық клубының оқушылары 1 орын алып, мамыр айында өтетін облыстық сайысқа жолдама алды.
Тәрбиелік маңызы зор шараны өз деңгейінде өткізу үшін Көкпекті Жастар орталығы, аудандық қорғаныс істері бөлімі, аудандық білім беру мекемесі ат салысты. Ал сайысты жүйелі өткізуді Көкпекті орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Рахимов өз жауапкершілігіне алған. Бар күш жігерлерін жинап, денелерін шынықтырып, сынға түсуге аудан мектептерінен 4 команда қатысты. Мектептің алғашқы әскери дайындық пәндерінің мұғалімдері өз ұландарын бәйгеге қосу үшін сақадай сай дайындықпен келгендерін бірден аңғартты. Жетекшілерімен қоса жас сарбаздар да әскери форма киінген. Химиялық шабуылдан қорғаныс киімін жылдамдыққа кию, турникке тартылу, оқ ату сынды спорттың түрінен аламанға түскен ұландарымыз бірінен-бірі асып түсіп, намысқа тырысып жатты. Жігіттерден кем емес күш жігерлерін бойға жинап, намысты қолдан бермеу үшін тер төккен арулар да қалыс қалып жатпады. Мәре соңында, білектің күшімен, ептілік, жылдамдықпен бәйгенің әр түрінің биігінен көрінген Ж.Шайжүнісов мектебінің ұландары болды. Жалпы қорытынды бойынша 1 орынды, Ж.Шайжүнісов жеңіп алса, 2 орынға Көкпекті орта мектебі табан тіреді, 3 орын Үлкенбөкен және Үлгілімалшыдан келген Абай орта мектебі қанжығаларына байлады. Барлық жеңімпаздарға арнайы мадақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Ұлт болашағы, ұрпақ тәрбиесі осыны санасына құйып өскен жас ертең өз Отанының патриоты болып шығатыны анық. Кеудесінде бұл менің елім, менің жерім дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің патриоты бола білмек. Ол үшін «баланы жас-тан» дейтін халық даналығын естен шығармасақ болғаны. Жас ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі жолында маңызды рөл атқарады.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз