ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы жол полиция-сының құрылғанына да жиырма жылдан астам уақыт өткен екен. Өлшеп қарасақ, бұл айтарлықтай ұзақ уақыт емес. Алайда, жаңадан бой тіктеген жас мемлекеттің тәртіп сақшылары үшін бұл жылдар шынығу мен шыңдалу, өрлеу мен өркендеу кезеңі болғаны шындық. Жолда жүру ережесін реттеу арқылы көлік қозғалысын қадағалайтын жол сақшыларының қызметі өте жауапты. Жол сақшыларының қарбалас қызметі таңмен таласа басталатынын, ал оның қай уақытта аяқталатынын көпшілік біле де бермейді. Осы салада бірнеше жылдардан бері қызмет етіп, қызығы мен қиындығына табандылықпен төзе жүріп, еңбек етіп келе жатқан жол полициясының жұмысы туралы Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің аға мемлекеттік инспекторы Асхат Кеңесбекұлы Зарықпаевпен әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
- Асхат Кеңесбекұлы, 2015 жыл мен 2016 жылдың 3 ай мерзімінде аудан бойынша тіркелген жол-көлік апатына тоқталып өтсеңіз және олардың қандай түрлері орын алды?
- 2015 жылдың соңғы 3 айының қорытындысы бойынша Көкпекті ауданының аумағында бір жол–көлік апаты тіркеліп, онда екі адам түрлі дене жарақатын алды. Оқиға «Өскемен-Самар» бағытындағы жолда болған. Бұл оқиғаға қарсы бетке шығып кеткен автокөліктің жүргізушісі кінәлі деп танылды.
Ал, 2016 жылдың алғашқы үш айын алатын болсақ, 3 ірі жол-көлік апаты орын алған. Онда 4 адам қаза тауып, 6 адам жараланды. Жол-көлік оқиғасы жүргізушілердің жылдамдық шектеуін сақтамауынан, қарсы беттегі жолға шығып кетуден болған, оның үстіне жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағуды қажет санамаған.
Жалпы ЖК апатының бетпе-бет соғысу, жанаса соғысып қалу, жануарларды басып, қағып кету түрлері де болады.
- Біздің ауданның үстінен тек қана облыстық маңызы бар жолдар ғана емес, республикалық, халықаралық маңызы бар күре жолдар өтетіні белгілі. Осы жолдар бойындағы қозғалыс қауіпсіздігі қандай?
- Жолдарда жол-патрульдік қызметінің жүр-гізіп отырған жұмысына қарамастан 2015 жылы Көкпекті ауданында 19 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 8 адам қаза тапты, 32 адам дене жарақатын алды. Көлік апатының көбі жүргізушілердің жылдамдықты арттыруынан болады. Мысалы, Самар ауылында жүргізуші А. жылдамдықты арттырып жіберуі салдарынан көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі электр бағанына соғылып, 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, осы ауылда жүргізуші Б. қатты жылдамдықпен қарсы келе жатқан

автокөлікке соғылып 2 адам қаза тапты, 1 адам жарақаттанды. Ал бір оқиға «Омбы-Майқапшағай» бағытындағы халықаралық маңыздағы жолда орын ал-ды. Жүргізуші М. қауіпсіз жыл-дамдықты сақтамау салдарынан көлікті басқара алмай, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні басып кеткен.
2016 жылы Көкпекті ауданы бойынша 3 ЖКО тіркелді, оның нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 6 адам жарақаттанды. Үш жол-көлік апаты да «Омбы-Майқапшағай» күре жолының бойындағы «Барыс» және «Сотый» учаскелерінде ауа райының қолайсыздығы салдарынан орын алған. Барлық оқиғалар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс покуратураға жіберілді.
- Көкпекті ауданының аумағында қанша автокөлік тіркелген? Қазіргі күні ер адамдармен қатар әйелдер де автокөлік басқарады, олардың қайсысы жиі ереже бұзады?
-Көкпекті ауданында 7896-ға жуық автокөлік тіркеуде тұр. Олардың иелері ерлермен қатар әйел адамдар да болып табылады. Заманға қарай автокөлікті әйел адамдардың басқаруы таңсық болмай қалды. Бірақ, жол жүру ережелерін көбіне ер адамдар бұзады, бұл әйел адамдардың заң талаптарына немқұрайлы қарамайтынын байқатса керек.
- Жол полициясының қызметкерлері жол қауіпсіздігі шараларының алдын алу бойынша қандай жұмыстар атқаруда?
- Жол полициясы бұрын дербес бөлім бол-ғанда да тұрақты түрде насихат жұмыстарын, рейдтер жиі өткізетін. «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесіп «Жолда қабылдау» акциясын және басқа да шаралар өткізеді. Енді Жергілікті полиция құрамына қосылып, біз жұмысты одан әрі жалғастыра береміз. Өкінішке орай, көлік жүргізушілері жол жүру ережесін бұза отырып, көп жағдайда өзінің де, қасында отырған жолаушының да өміріне қауіп төнетінін түсіне бермейді.
- Жол жүру ережесін бұзғаны үшін жазалау бойынша заңға қандай жаңалық енгізілді, соның ең бастысын атап өтсеңіз?
- Заң талаптары қатайтылды деп атап өту керек. Көлікті мас күйінде басқарушыларға жаза қатаң, олар бір жылдан бірнеше жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Сонымен бірге, жол-көлік оқиғасында адам қаза тапса және жүргізуші мас болса, қылмыстық іс міндетті түрде қозғалады. Барлық жазалау бойынша айыппұлдар мөлшері артқанын атап өткен де орынды. Жол жүру қауіпсіздігін бұзбау - ережені сақтауға тікелей байланысты болмақ.
- Сұхбатыңызға рахмет!
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз