ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

«КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...

  • ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ  ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ПАВЛОДАРДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    24.04.2024 12:48
  • Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки деревьев

    Забота о будущем - неделя «Жасыл аймақ» в Кокпектинском районе области Абай началась с посадки...

    22.04.2024 10:40
  • Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан басталды

    Болашаққа қамқорлық: Абай облысының Көкпекті ауданында «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызудан...

    22.04.2024 10:32
  • «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    «КӨКПЕКТІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

    11.04.2024 11:53
  • ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    ТАСҚЫН СУМЕН ТОЛАССЫЗ КҮРЕС

    08.04.2024 14:10

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылдан жеткен арзан өнім қала тұрғын-дарының қажеттілігін қамтамасыз етіп тұр. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың нақты тапсырмасымен және жіті бақылауымен аудан жәрмеңкелері қайта қолға алынды. Арнайы кестеге сәйкес Көкпекті ауданы да 26 наурызда мол өнімін арқалап Семейге жетті.
Жәрмеңкенің бір шырайын шығарған жағдай онда өнімдер базар бағасынан 20-25 пайыз арзан сатылды. Мал шаруашылығымен айналысатын ауданнан «Қайнар» шаруа қожалығы облыстық жәрмеңкеге сапалы ет өнімдерін әкелді.
- Мал шаруашылығын дамыту үстіндеміз. Өнімді өткізуге жағдай да бар. Қыстай қолға қарайтын малға жем-шөп жеткілікті дайындалды. Соның арқасында көктем уақытында бордақыланған малды сатылымға шығару, етін саудаға салу тиімділігі артады. Жалпы, ерінбей еңбектеніп, жұмысын жалықпай атқарған адамға ауылда кәсіп көзі де бар, мемлекет көрсетіп жатқан қолдау да

жеткілікті, - дейді бізбен әңгімесінде шаруа қожалығының төрайымы Айнұр Қалдыбаева. Бұл қожалықта арнайы мал бордақылау алаңы бар. Осы кешеннен жәрмеңкеге жеткізілген сиыр етін қала тұрғындары әр келісінің бағасы 1000 теңге болғандықтан жеделдетіп сатып алып кетті.
Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлер Ринат Чукушов пен Серік Жақсыбаев ұсынған ірі қара еті көпшіліктің көңілінен шықты. Тассайдан әкелінген Зайсан көлдің 350 кг балық өнімі де сұранысқа ие. Жалпы алғанда, Семейдегі аудан жәрмеңкесіне өнімнің түр-түрі қойылды. Аудан шаруалары өндіретін сан алуан өнімнің ең үздіктері де осында.
Александр Шаровтың «Фацелия» асыл тұ-қымды ара шаруашылығы өнімдері тіпті жәр-меңкенің сәніне айналды. Құты толы бал өнімдері әрбір базаршының қолында кетті. Бағасы да көңілге қонымды, сатушы да көңілді. Ерлі-зайыпты Шаровтар мұңдай жәрмеңкенің талайын көрген. Әрбір сатып алушының көңілін тауып, өнімді әдемі ұсынудың хас шеберлері. Аудан, облыс, республиканы былай қойып, халықаралық деңгейдегі жәрмеңкенің бел ортасында жүріп, аудан атағын шығарған бренд осы! Бұл жолы саудаға түскен «Фацелияның» 300 кг бал өнімі семейліктер үшін таптырмас олжа болды. Өнімді өндірумен қатар оны тиімді жарнамалау, тұтынушының сеніміне ие болуы сынды қасиеттерімен ерекшеленетін шаруашылықтың тасы да өрге озып тұрғаны анық.
Ауылдан тікелей келген сапалы өнім қашан да қалалықтарға тансық. Қала тұрғындары да ауылдың азық-түлігінің дәмін біліп алған бүгінде. Ертеңгілік базар маңы жеңіл көлікке сыймай кетсе, оның сондай реті бар. Саудаларының өнімді болатынын білетін тұтынушылар базарға көліктерімен келетін болған. Шүйір-келесе жүріп, шаруасын бітіріп жатқан қала тұрғындарын әңгімеге тартқан едік.
Жұмабек Әділбаев, қала тұр-ғыны, Көкпекті ауданының тумасы;
- Туып-өскен аудан болған-дықтан көкпектіліктердің жәрмең-кесін асыға күткеніміз шын. Дәстүр бойынша осы жерден азық-тү-лігімізді қамдаймыз. Өнімдер базар бағасынан әлдеқайда арзан. Семейліктердің берекесін тасытып жатқан жерлестеріме алғысымды білдіремін. Біздің мерейімізді де асқақтатып тастады. Туған елдің ынтымағы жарасып, байлығы таси берсін!
Ғалия Қуанова, қала тұрғыны, Көкпекті ауданының тумасы;
- Көкпектіліктердің мал еті, картобы да жалпы кез келген өнімі сапалы әрі арзан. Сондықтан жәрмеңкеге қатысып, өзімізге қажетті азық-түлікті осыдан сатып аламыз. Осындай жәрмеңкеге үнемі келетін болғандықтан бір байқағаным, саудаға түсетін өнім көлемі көбейіп келеді. Ауданның дәмін татып, туған жердің тіршілігінен хабар алыстық. Осындай игілікті шаралар көп болса деген тілек бар.
Маржан Жантасова, Семей қаласының тұрғыны;
- Керегіміздің барлығын осы жерден тауып жатырмыз. Апта сайын өтетін жәрмеңкені асыға тосатын болдық. Шалғайдағы ауылдың экологиялық таза, бағасы қол жетімді өнімін әкелген шаруаларға ризамыз. Қашаннан ауыл қаланың асыраушысы. Еңбекші қауымға жұмыстарыңыз жемісті болсын деймін!
Аталмыш жәрмеңкеге аудан әкімі Рамиль Сағандықов келіп қатысты. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесін аралап көрген аудан басшысы мол өнімді шараның маңызына тоқталып, саудасын жүргізіп тұрған кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Таң ертесімен шараның басы-қасында болған аудан басшысы жәрмеңкенің жоғары деңгейде өткізілуін бағдарлап, халықпен бірге шара соңына дейін бір кісідей атсалысты. Кешкі уақытқа дейін жоспарланған жәрмеңкеде баға тұрақтылығы себебінен өнімдер лезде сатылып жатты, жұрт аяғы күн ұясына қонғанша бір саябырламады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі барысында Көкпекті аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, дәстүрлі жырмен халықты қуантып тастады. Еліміздің рухани ордасының тұрғындары Көкпекті ауыл-шаруашылық жәрмеңкесінен жүздері жарқын, көңілдері марқайып қайтты. Ілкімді істі бастаған шараның мақсаты да осы!
Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз